Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы



Дата14.06.2016
өлшемі318.93 Kb.
#135849
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278 Заңы



МАЗМҰНЫ

      Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.


      Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

1 тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) асыл тұқымды аналық бал арасы – асыл тұқымды бал ара ұясын молайтуды қамтамасыз ететiн асыл тұқымды ұрықтанған аналық бал ара;
      2) асыл тұқымды бал ара ұясы – ұрпақ буынына өзiнiң тұқымдық белгiлерiн ұдайы берiп отыратын, таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының жоғары өнiмдi бал ара ұясы;
      3) асыл тұқымдық зауыт – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, құндылығы жоғары малдың белгiлi бiр тұқым тобының сапасы анықтаудан өткен зауыттық, бiр тұқым iшiндегi, аймақтық типтерiн, белгiлi бiр тұқымның зауыттық желiсiн өсiрумен, жетiлдiрумен және сатумен айналысатын заңды тұлға;
      4) асыл тұқымдық куәлiк – Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, асыл тұқымды малдың ұрықтарын өткiзу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық өндiрушi және iрi қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретiн, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) ата-тегiн, өнiмдiлiк және өзге де сапаларын растайтын құжат;
      5) асыл тұқымдық кiтап – белгiлi бiр тұқымдағы неғұрлым құнды асыл тұқымды малдың шығу тегi, өнiмдiлiгi және өзге де сапалары туралы деректер жиынтығы;
      6) асыл тұқымдық құндылық – ұрпағының шаруашылыққа пайдалы белгiлерiне әсер ететiн асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiнiң деңгейi;
      7) асыл тұқымды мал – тұқымның өнiмдiлiк типiне, бағыты мен деңгейiне сай келетiн, асыл тұқымды малдың карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлiгi бар таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнiмдiлiгi жоғары мал;
      8) асыл тұқымды малдың карточкасы – Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен ресiмделетiн, асыл тұқымды малдың шығу тегiн, өнiмдiлiк және өзге де сапаларын растайтын асыл тұқымды малды есепке алу нысаны;
      9) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмi – асыл тұқымды малдың сандық, сапалық және тұқымдық құрамы туралы деректер жиынтығы;
      10) асыл тұқымды малдың ұрықтарын өткiзу жөнiндегi дистрибьютерлiк орталық (бұдан әрi – дистрибьютерлiк орталық) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрықтарын алуға, сақтауға және өткiзуге маманданған заңды тұлға;
      11) асыл тұқымды мал шаруашылығы – тектiк әлеуетi жоғары малды өз төлiнен өсiруге, оларды сақтауға және өсiруге бағытталған асылдандыру жұмысының жүйесiмен қамтылған мал шаруашылығы саласы;
      12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      13) асыл тұқымдық орталық – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, асыл тұқымды тұқымдық мал ұстайтын, олардың ұрықтарын, эмбриондарын алумен, жинақтаумен, сақтаумен және өткiзумен айналысатын заңды тұлға;
      14) асыл тұқымдық репродуктор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелiк немесе ата-енелiк үйiрiн өсiрумен, жетiлдiрумен және өткiзумен айналысатын жеке және заңды тұлға;
      15) асыл тұқымдық өнiм (материал) – асыл тұқымды және селекциялық мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәулiктiк балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, бал араларының асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары мен бал ара пакеттерi;
      16) асыл тұқымды тұқымдық мал – асыл тұқымды малды өз төлiнен өсiру үшiн пайдаланылатын асыл тұқымды малдың дара аталығы;
      17) асыл тұқымдық шаруашылық – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгiлi бiр түрiн, желiлерi мен типтерiн өсiрумен және өткiзумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
      18) аттестат – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекет танығандығы туралы куәландыратын құжат;
      19) аттестаттау – Қазақстан Республикасының заңнамасымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге қойылатын талаптарға жеке және заңды тұлғалардың сәйкестiгiн айқындаудың (растаудың) кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын рәсiмi;
      20) ауыл шаруашылығы малы (бұдан әрi – мал) – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;
      21) бағалау – тиiстi сынып немесе индекс бере отырып, малды белгiлер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлiк сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау;
      22) бағалаушы (сыныптаушы) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, малды бағалауды жүргiзу жөнiнде қызмет көрсететiн жеке тұлға;
      23) бал ара пакетi – құрамында асыл тұқымды ұрықтанған аналығы, тұқымдығы (кәрез пакетiнде), тiрi бал аралары және тасымалдау үшiн қажеттi бал араларының қорегi бар, асыл тұқымды бал ара ұясынан бөлiнген қалемше;
      24) ен салу (таңбалау) – тиiстi малды дәл бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн нөмiр салу (татуировка жасау, таңба басу, сырға салу және чип салу) арқылы асыл тұқымды малды белгiлеу;
      25) желi – асыл тұқымдық және өнiмдiлiк сапалары тиiстi таңдау және iрiктеу жүйесiмен ұсталынатын және жетiлдiрiлетiн, үздiк тұқымдық тектерден тарайтын тұқымдағы асыл тұқымды мал тобы;
      26) зауыттық тип – тұқымның бiр бөлiгi болып табылатын, сол тұқымға ортақ қасиеттерден басқа, өнiмдiлiгi, дене тұрқы мен бiтiмiнiң сипаты жағынан өзiнiң кейбiр айрықша ерекшелiктерi бар, өсiрiлетiн аймақтың жағдайына жақсы бейiмделген, ауруға төзiмдi мал тобы;
      27) индекстiк бағалау – уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен анықталған аса маңызды селекциялық белгiлердiң кешенi бойынша малдың асыл тұқымдық құндылығының салыстырмалы көрсеткiштерiн анықтау әдiсi;
      28) кросс – малдың бiр желiсiн басқа бiр желiсiмен будандастырудан тарайтын мал тобы;
      29) қолдан ұрықтандыру – жеке-жеке iрiктелiп алынған малды маманның бақылауымен шағылыстыру;
      30) құстардың тұқымдары мен кросстарының арғы ата-енелiк тобы – құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелiк тобын молайту үшiн пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
      31) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелiк тобы – будандастырылған ұрпақ буыны инкубациялық жұмыртқа немесе ет өндiрiсi үшiн пайдаланылатын еркек және ұрғашы құстар;
      32) малдың шығу тегi (ата-тегi) – асыл тұқымды малдың кемiнде үш ұрпағының ата-енелерi мен тектерi туралы мәлiметтер;
      33) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс – малды өсiру кезiнде өнiмдiлiк бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткiзуге арналған дәйектi iс-қимылдардың жиынтығы;
      34) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры – уәкiлеттi орган айқындаған оператор жүргiзетiн, малдың табындарын жетiлдiру және генетикалық әлеуетiн арттыру үшiн пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiндегi асыл тұқымды мал туралы және селекциялық процеске тартылған мал туралы деректердi жинаудың, жинақтаудың және өңдеудiң автоматтандырылған жүйесi;
      35) селекциялық карточка – уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған селекциялық малды есепке алу нысаны;
      36) селекциялық мал – таза тұқымды асыл тұқымдық малдан алынған, тұқымның түрiне және өнiмдiлiк бағытына сай келетiн мал;
      37) таза тұқымды өсiру – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыста тектес тұқымдағы малдарды пайдалана отырып, осы тұқымға тән белгiлердi топтастыру және түрге бөлу мақсатында бiр тұқымдағы асыл тұқымды малды өсiру;
      38) тектiк қоры шектеулi тұқым – селекциялық мақсаттарда пайдалану үшiн қажет және құрып кету қаупi төнген отандық тұқымның сирек кездесетiн және дүние жүзiнде өзiне теңдесi жоқ мал тобы;
      39) техник-ұрықтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, малды жасанды ұрықтандыру бойынша қызмет көрсететiн жеке тұлға;
      40) тұқым – адамның шығармашылық қызметiнiң ықпалымен белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, «өз iшiнде» өсiру үшiн саны жеткiлiктi және iрiктелiп, таңдалып, тектiк типiне сәйкес келетiн технологиялық жағдай жасалып, қолдау көрсетiлетiн шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бiр түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендiретiн морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерiнiң белгiлi бiр өзгешелiгi бар, шығу тегi ортақ бiр түрге жататын малдың тобы;
      41) тұқым стандарты – уәкiлеттi орган бекiткен, өнiмдiлiгi, дене тұрқы және шығу тегi бойынша тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды мал үшiн қойылатын ең төмен талаптар;
      42) эмбрион – ұрықтанған жұмыртқа жасушадан дамитын ұрық
      43) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) – асыл тұқымды малдардан төл басын көбiрек алудың биотехнологиялық әдiсi;
      44) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөнiндегi маман – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аттестатталған, жоғары өнiмдi асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және ауыстырып салу бойынша қызмет көрсететiн жеке тұлға.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi


              ұйымдастырудың негiзгi принциптерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызмет:

      тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

      тұқымның сақталуын қамтамасыз ету;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң тиiсiнше есепке алынуын қамтамасыз ету;

      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жедел өңдеу және оны асыл тұқымды малды өсiрудi, пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға беру принциптерiне негiзделедi.


      Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал


             шаруашылығы туралы заңдары

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

      4-бап. Азаматтық құқық объектiсi ретiндегi асыл тұқымды


              өнiм (материал)

      Асыл тұқымды өнiм (материал) мүлiктiк және соған байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастарда азаматтық құқық объектiсi бола алады.

      Асыл тұқымдық өнiмге (материалға) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген мүлiк туралы жалпы ережелер қолданылады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      5-бап. Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығы және


              оны пайдалану

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) жеке және заңды тұлғалардың меншiктену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      6-бап. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) айналымда


              болуы

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) өткiзудi жүзеге асырады.

      Асыл тұқымды өнiмге (материалға) меншiк құқығынан айыруға немесе оның ауысуына осы Заңның ережелерiне сәйкес берiлетiн асыл тұқымдық куәлiк болған жағдайда рұқсат етiледi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.12.14 N 269 , 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы


             субъектiлердiң  экономикалық қызметiнiң
             ерекшелiктерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылып, жұмыс iстейдi.

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн қайта бейiмдеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.

      8-бап. Жердi және су объектiлерiн асыл тұқымды мал


             шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану

      Жер учаскелерi мен су тоғандары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден асыл тұқымды мал өсiру үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiледi.


      Жер учаскелерi мен су тоғандарын беру тәртiбi және пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Жер учаскесi мен суаттарға құқық, оларды беру тәртiбi мен пайдалану режимi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      9-бап. Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты

      Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы және ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.


       Асыл тұқымдық өнiм (материал) экспорты уәкiлеттi орган берген ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк болған кезде жүзеге асырылады.
      Асыл тұқымдық өнiм (материал) импорты экспорттаушы елдiң құзыреттi органдары берген және уәкiлеттi орган таныған ветеринариялық сертификат және асыл тұқымдық куәлiк немесе оған барабар құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.
      Ұрықтың импортын одан әрi өткiзу мақсатында асыл тұқымдық және дистрибьютерлiк орталықтар жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк
реттеу

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      10-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
               шаруашылығы жүйесi

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жүйесiне:


      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      2) уәкiлеттi орган;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер кiредi.

      11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
      2) мыналарды:
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламаларын;
      асыл тұқымды, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi малдың тектiк қорын сақтау және пайдаланудың салалық бағдарламаларын;
      асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне субсидиялар нормативтерiн;
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары бойынша субсидиялау тәртiбiн;
      асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау жүргiзу тәртiбiн;
      жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi малдың тектiк қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберiнде бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалануы тәртiбiн;
      мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) есепке алу нысандарын;
      асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) барлық түрлерiне асыл тұқымдық куәлiктердiң нысандарын және оларды беру тәртiбiн;
      асыл тұқымды мал мәртебесiн беру тәртiбiн бекiту;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау бағыттарын айқындау;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету;
      6) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

      12-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы


               мемлекеттiк басқару органдары

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк басқару органдарына асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелерi бар ведомствосын қоса алғанда, уәкiлеттi орган жатады.


      2. Уәкiлеттi органның басшысы ведомство басшысына «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы» арнайы атауын беруге құқылы.
      Ведомство басшысы «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары» арнайы атауын, ал ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнiң әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiнiң тиiстi лауазымдарына – «асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспектор» және «асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспектордың орынбасары» арнайы атауларын беруге құқылы.
      Ведомствоның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында тiкелей мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар болып табылады.

      13-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi



      Уәкiлеттi орган мынадай өкiлеттiктердi жүзеге асырады:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың салалық бағдарламаларын; асыл тұқымды, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi малдың тектiк қорын сақтау және пайдаланудың салалық бағдарламаларын әзiрлейдi;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      4) малды бағалау, оның асыл тұқымдық құндылығына баға беру және малды өз төлiнен өсiру жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiтедi;
      5) тұқым стандартын бекiтедi;
      6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау жүргiзу тәртiбiн әзiрлейдi;
      7) өз құзыретi шегiнде мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетiстiктердi сынақтан және байқаудан өткiзу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      8) асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) барлық түрлерiне асыл тұқымдық куәлiктердiң нысандарын және оларды беру тәртiбiн әзiрлейдi;
      9) асыл тұқымды мал мәртебесiн беру тәртiбiн әзiрлейдi;
      10) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы және асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар туралы ереженi әзiрлейдi және бекiтедi;
      11) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды жасау және беру тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      12) асыл тұқымдық кiтап жүргiзу қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      13) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      14) экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған балама құжатты тану тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi және оны тануды жүзеге асырады;
      15) мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есепке алу нысандарын әзiрлейдi;
      16) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшiн асыл тұқымдық өнiмге (материалға) қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында басым тәртiппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      17) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi малдың тектiк қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберiнде ғылыми ұйымдармен бiрлесе отырып, асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық малдың тұқымдық, сапалық және сандық құрамын айқындайды;
      18) мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен статистикалық әдiснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ведомстволық статистикалық байқаулар жүргiзедi және статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етедi;
      19) бағалау туралы деректердiң мониторингiн жүргiзедi және оның нәтижелерi туралы мүдделi адамдарды хабардар етедi;
      20) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмi деректерiнiң мониторингiн жүргiзедi және оның нәтижелерi туралы мүдделi адамдарды хабардар етедi;
      21) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және басып шығарады;
      22) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жаңа селекциялық жетiстiктердi сынақтан және байқаудан өткiзедi;
      23) өткiзiлетiн асыл тұқымды өнiмге (материалға) берiлетiн асыл тұқымдық куәлiктер деректерiнiң дәйектiлiгiне бақылауды жүзеге асырады;
      24) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi малдың тектiк қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберiнде бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртiбiн әзiрлейдi;
      25) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын жүргiзу тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      26) асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне субсидиялар нормативтерiн әзiрлейдi;
      27) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары бойынша субсидиялау тәртiбiн әзiрлейдi;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      28) тармақша 2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      28) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау жүргiзедi;
      29) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      30) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      31) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi;
      32) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,


               астананың жергiлiктi атқарушы органдарының
               құзыретi

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:


      1) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөнiндегi облыстық (өңiрлiк) бағдарламаларды әзiрлейдi;
      2) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзедi және басып шығарады;
      3) бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне субсидияларды iске асырады;
      4) бекiтiлген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердiң есебiн жүргiзедi;
      5) iрi қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталардың ұсыныстарын ескере отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiнiң әрбiр түрi және әрбiр субъект бойынша субсидиялануға жататын, өткiзiлетiн асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын көрсетiлген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде айқындайды;
      6) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиiмдi пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректердi қорытады және оның нәтижелерi туралы мүдделi тұлғаларды хабардар етедi;
      7) асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған iс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
      8) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде жергiлiктi атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      15-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың


               жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi

      Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:


      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу үшiн деректер жинауды жүзеге асырады;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекiтiлген нысандар бойынша есептер қабылдайды;
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша бағалау туралы деректердi қабылдап, қорытады және оның нәтижелерi туралы мүдделi адамдарды хабардар етедi;
      5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) жыл сайынғы өткiзу көлемдерiне өтiнiмдер қабылдауды жүзеге асырады;
      6) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және iрi қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретiн асыл тұқымдық куәлiктердiң есебiн жүргiзедi;
      7) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде жергiлiктi атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      16-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы


               мемлекеттiк бақылау

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау – уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған iс-қимылдарының жиынтығы.


      2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйiне, оны есепке алуға және оның есептiлiгiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң малды күтiп-ұстау, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сақтау жағдайларының талаптарына сәйкестiгiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер көрсететiн малды бағалау және өз төлiнен өсiру жөнiндегi қызметтердiң сапасына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберiнде бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған асыл тұқымды малды жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы тәртiбiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
      5) өткiзiлетiн өнiмге (материалға) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымдық мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және iрi қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар беретiн асыл тұқымдық куәлiктерде көрсетiлген деректердiң дәйектiлiгiн тексеруге;
      6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген тәртiппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
      7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жеке және заңды тұлғалардан аттестаттауға және қайта аттестаттауға өтiнiмдер қабылдауға құқылы.
      4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өз құзыретi шегiндегi актiлерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негiзiнде бюджет қаржысы есебiнен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi.
      5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

      16-1-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы


                 мемлекеттiк реттеу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк реттеу:


      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында аттестаттау және қайта аттестаттау;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк бақылау жүргiзу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында iргелi және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер және малдың тектiк қорын сақтау, дамыту және пайдалану бойынша селекция жүргiзу;
      4) асыл тұқымды, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi малдың тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған iс-шараларды субсидиялау;
      5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшiн асыл тұқымдық өнiмге (материалға) қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды субсидиялау;
      6) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзу жөнiндегi iс-шараларын субсидиялау;
      7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жетiстiктердi сынақтан және байқаудан өткiзу;
      8) асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзу;
      9) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.

      16-2-бап. Аттестаттау және қайта аттестаттау

      1. Аттестаттау асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект мәртебесiн алуға тiлек бiлдiрген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша жүргiзiледi.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      2-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Аттестат берiле отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект мәртебесiн беру уәкiлеттi органның шешiмiмен жүргiзiледi.
      Аттестаттың қолданылу мерзiмi – бес жыл.
      3. Қайта аттестаттау аттестаттың қолданылу мерзiмiн ұзартуға тiлек бiлдiрген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
      РҚАО-ның ескертпесi!
      4-тармақ 2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      4. Қайта аттестаттау нәтижелерi бойынша аттестаттың қолданылу мерзiмiн ұзарту уәкiлеттi органның шешiмiмен жүргiзiледi.
      Аттестаттың қолданылуы:
      1) аттестаттың қолданылу мерзiмi өткен;
      2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект аттестатты қайтару туралы өтiнiш берген;
      3) сот аттестаттан айыру туралы шешiм шығарған жағдайларда тоқтатылады.
      Iрi қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар аттестаттауға жатпайды.

      16-3-бап. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) мемлекеттiк


                 есепке алу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негiзiнде бюджет қаржысы есебiнен субсидия алған жеке және заңды тұлғаларға тиесiлi асыл тұқымды өнiм (материал) мемлекеттiк есепке алынуға жатады.


      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң асыл тұқымды малының саны, сапасы мен өнiмдiлiгi туралы деректер асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне малдың түрлерi мен тұқымдары бойынша енгiзiледi.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң малдың шығу тегi, өнiмдiлiгi және асыл тұқымдық қасиеттерi неғұрлым құнды асыл тұқымды мал туралы деректерi асыл тұқымдық кiтапқа енгiзiледi.
      Асыл тұқымды малы бар және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есепке алуды жүргiзуге және қолда бар асыл тұқымды малдарын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына есеп беруге құқылы.
      Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi малдың тектiк қорын сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберiнде асыл тұқымды малды бюджет қаражаты есебiнен сатып алған жағдайда ғана қолда бар асыл тұқымды малын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу үшiн ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына есеп бередi.
      Асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық кiтабына және асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлген деректер мүдделi тұлғалар үшiн қолжетiмдi болып табылады.
      Малдың шығу тегiн, өнiмдiлiк және өзге де қасиеттерiн растау мақсатында жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен және нысан бойынша селекциялық карточка және асыл тұқымды мал карточкасын рәсiмдейдi.

      16-4-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк қолдаудың негiзгi нысаны:
      1) асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға, дамытуға және қалпына келтiруге;
      2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер үшiн асыл тұқымды өнiмге (материалға) қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      3) тармақша 2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi.
      3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргiзуiне бағытталған iс-шараларды субсидиялау болып табылады.
      2. Бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдаудың бағыттарын, асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне, асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларға арналған субсидиялардың нормативтерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
      3. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

      16-5-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми


                 зерттеулер

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдары жүзеге асырады. Аталған ұйымдар уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып:


      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларды;
      2) малды бағалау, оның асыл тұқымдық құндылығына баға беру және малды өз төлiнен өсiру жөнiндегi нұсқаулықтарды;
      3) асыл тұқымды өнiмдi (материалды) бағалау мен генетикалық бақылау үшiн әдiстемелер мен техникалық құралдарды;
      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерiн әзiрлеудi жүзеге асырады.

3-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк реттеу

       Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



4-тарау. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тану және пайдалану
және оны бағалау

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      17-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану

      1. Өнiм (материал) егер:


      1) малдың селекциялық карточкасы, асыл тұқымдық карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлiгi болған;
      2) ұрық асыл тұқымдық орталықтарда асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған және өңделген және асыл тұқымдық куәлiгi болған;
      3) эмбрион асыл тұқымды малдан алынған және асыл тұқымдық куәлiгi болған;
      4) аурудан амандығы және бактериялар қонбағандығы туралы ветеринариялық сертификаты болған;
      5) инкубациялық жұмыртқа және тәулiктiк балапандар асыл тұқымды репродукторларда алынған және асыл тұқымдық куәлiктерi болған;
      6) уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар асыл тұқымдық шаруашылықтарда алынған және асыл тұқымдық куәлiктерi болған;
      7) асыл тұқымды бал ара ұялары, асыл тұқымды аналық бал аралары және бал ара пакеттерi асыл тұқымдық шаруашылықтарда алынған және асыл тұқымдық куәлiктерi болған жағдайларда, асыл тұқымды деп танылады.
      2. Уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен халықаралық нормаларға сәйкес болған кезде, импортталған асыл тұқымдық өнiм (материал) асыл тұқымды деп танылады.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      18-бап. Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) пайдалану

      Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондары, егер:
      1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерде алынған;
      2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген асыл тұқымды малдан алынған;
      3) өздерiн бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн жеке таңбасы болған;
      4) асыл тұқымдық куәлiктерi болған жағдайларда пайдаланылады.
      Жеке таңбасы жоқ ұрықтар мен эмбриондарды өткiзуге жол берiлмейдi.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi малды сақтау және пайдалану бағдарламалары шеңберiнде бюджет қаражаты есебiнен жеке және заңды тұлғалар алған асыл тұқымды мал Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен пайдаланылады.
      Өз төлiнен өсiру үшiн уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен бағалаудан өткен және бағаланған тұқымдық малды өз төлiнен өсiру үшiн ғана пайдаланылады.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      19-бап. Бағалау

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге тиесiлi асыл тұқымды және селекциялық мал мiндеттi түрде бағалауға жатады.
      Бағалауды бағалаушылар (сыныптаушылар) жүргiзедi.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер бағалаудан өтпеген асыл тұқымды және селекциялық малды тұқымды өз төлiнен өсiру үшiн өткiзуге құқылы емес.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      20-бап. Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау

      Тұқымды өз төлiнен өсiру үшiн iрiктелген асыл тұқымды тұқымдық мал тексеруге және бағалауға жатады.
      Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен жүргiзiледi.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      21-бап.


      Ескерту. 21-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
субъектiлердiң қызметiн ұйымдастыру

      22-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы


               субъектiлер

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi заңды тұлғаларды құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларға тиiсiнше, егер Қазақстан Республикасы заңдарынан немесе құқықтық қатынастың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы Заңның асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады.

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды жүргiзедi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi табыс етедi.


      Асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалар оларды уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тiркейдi.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.12.14 N 269 , 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      23-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы


              субъектiлердiң түрлерi

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:


      1) асыл тұқымдық зауыттар;
      2) асыл тұқымдық шаруашылықтар;
      3) асыл тұқымдық орталықтар;
      4) дистрибьютерлiк орталықтар;
      5) бағалаушылар (сыныптаушылар);
      6) техник-ұрықтандырушылар;
      7) эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөнiндегi мамандар;
      8) асыл тұқымдық репродукторлар;
      9) iрi қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар жатады.
      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      24-бап. Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi


               бағыттары

      Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары:

      асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, құндылығы жоғары малдың белгiлi бiр тұқымының сынақтан өткен зауыттық және бiр тұқым iшiндегi, аймақтық типiн, зауыттық тұқымдық желiсiн өсiру, жетiлдiру және сату;

      асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекiтiлген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетiлдiру;

      малдың жаңа тұқымдарын және зауыттық, бiр тұқым iшiндегi, аймақтық типтерiн, зауыттық желiлердi шығару; P080751

      асыл тұқымдық куәлiктер беру болып табылады.


      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 N 269 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      25-бап. Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң


              негiзгi бағыттары

      Малды асылдандырушы шаруашылықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:

      асыл тұқымды iрi қара малды қоспағанда, асыл тұқымды малдың белгiлi бiр тұқымдарын, асыл тұқымдық желiлерiн және типтерiн, оның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдарды, оларды өз төлiнен өсiру, өсiру, сондай-ақ шығарылған асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) сату;

      асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекiтiлген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетiлдiру;

      асыл тұқымдық куәлiктер беру болып табылады.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 N 269 , өзгерiс енгiзiлдi - 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      26-бап. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнiң


              негiзгi бағыттары

      1. Малды асылдандырушы орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:

      1) асыл тұқымды тұқымдық малдың малдың ұрығын алу, жинақтау, сақтау және оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тiркеу;

      2) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен асыл тұқымды тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын айқындау;

      3) бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрықтарын өткiзу;

      4) эмбриондарды алу, сатып алу, сақтау және өткiзу;

      5) ұрық пен эмбриондарды пайдалану нәтижелерiн есепке алу, олар туралы деректер банкiн жүргiзу;

      6) тектiк қормен алмасуды жүзеге асыру;

      7) асыл тұқымдық куәлiктер беру болып табылады.

      2. Малды асылдандырушы орталықтардағы тұқымдық малдың тұқым, сапалық және сан құрамын уәкiлеттi орган ғылыми ұйымдармен бiрлесе отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының шеңберiнде аймақтық мамандануға, тұқым жерсiндiрiлуiне қарай және Қазақстан Республикасының аналық малды қолдан ұрықтандыруды өткiзуге арналған ұрыққа деген қажеттiлiктерiн ескере отырып, белгiлейдi.


      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 N 269 , өзгерiс енгiзiлдi - 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      27-бап. Дистрибьютерлiк орталықтар қызметiнiң негiзгi


               бағыттары

      Дистрибьютерлiк орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын алу, сақтау және өткiзу, оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тiркеу, сондай-ақ оларға асыл тұқымдық куәлiктер беру болып табылады.


      Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      28-бап. Бағалаушылар (сыныптаушылар),


               техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды телу
               (ауыстырып салу) жөнiндегi мамандар қызметiнiң
               негiзгi бағыттары

      1. Бағалаушылар (сыныптаушылар) қызметiнiң негiзгi бағыттары малға бағалау жүргiзу болып табылады.


      2. Техник-ұрықтандырушы қызметiнiң негiзгi бағыттары малды қолдан ұрықтандыру болып табылады.
      3. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөнiндегi мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу және телу (ауыстырып салу) болып табылады.
      Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      28-1-бап. Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi


                 бағыттары

      Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi бағыттары:


      1) құстардың тұқымдары мен кросстарының тұқымдық желiлерiн және (немесе) арғы ата-енелiк үйiрiн өсiру, жетiлдiру және өткiзу;
      2) құстардың тұқымдары мен кросстарының ата-енелiк үйiрiн өсiру, жетiлдiру және өткiзу;
      3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың бекiтiлген бағдарламалары шеңберiнде және ғылым жетiстiктерiне сәйкес асыл тұқымды, оның iшiнде гендiк қоры шектеулi құстардың тектiк әлеуетiн жетiлдiру;
      4) асыл тұқымдық куәлiктер беру болып табылады.
      Ескерту. 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.12.14 N 269 Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      28-2-бап. Iрi қара мал тұқымдары бойынша республикалық


                 палата

      1. Iрi қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата асыл тұқымды iрi қара мал өсiрудi жүзеге асыратын, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн iске асыру және қорғау үшiн құрылатын және қызмет ететiн коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.


      2. Iрi қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiпте әдiлет органдарында тiркеледi.
      Қазақстан Республикасының аумағында iрi қара малдың әр тұқымы бойынша бiр республикалық палата құрылады және қызмет етедi, ол облыстың және республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдар және өкiлдiктер) құруға құқылы.
      Егер, iрi қара малдың бiр тұқымының мүддесi Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн iрi қара малдың бiрнеше тұқымдары бойынша қандай да бiр республикалық палатамен қорғалса, жұмыс iстеп тұрған республикалық палатаның қайта құрылуы немесе таратылуы жағдайларын қоспағанда, iрi қара малдың бұл тұқымы бойынша жеке республикалық палатаны құруға жол берiлмейдi.
      Iрi қара мал тұқымдары бойынша республикалық палатаның қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және жарғымен реттеледi.
      Ескерту. Заң 28-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      28-3-бап. Iрi қара мал тұқымдары бойынша республикалық


                 палатаның құзiретi

      Iрi қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар:


      1) тиiстi тұқымдағы асыл тұқымды малды есепке алуды ұйымдастырады және оларды селекциялық және асылдандыру жұмысының ақпарат қорына тiркеу арқылы деректер қорын жүргiзудi жүзеге асырады;
      2) табындағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты үйлестiредi;
      3) асыл тұқымды малға мәртебе бередi;
      4) асыл тұқымдық куәлiктер берудi жүзеге асырады;
      5) аталған мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде субсидиялауға жататын, өткiзiлетiн асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын айқындауға қатысады;
      6) асыл тұқымдық кiтапты жүргiзедi және басып шығарады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де қызметтердi жүзеге асырады.
      Ескерту. Заң 28-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

6-тарау.

      Ескерту. 6-тарау алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.12.14 N 269 Заңымен.



7-тарау. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы дауларды
шешу және оның қызметiн жүзеге асыру кезiндегi жауаптылық

      30-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы


              қызметтi жүзеге асыру кезiндегi дауларды
              шешу

      Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

      31-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
              шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны
              үшiн жауаптылық

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 31-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.07.05. N 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

8-тарау. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастығы

      32-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал


              шаруашылығы саласындағы халықаралық
              ынтымақтастығы

      Қазақстан Республикасы мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдеседi.

      33-бап. Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал
              шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық
              жасау құқығы

      Шетелдiң қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелдiктермен және (немесе) шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасады.


      Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.12 N 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет