«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Дата17.07.2016
өлшемі113.49 Kb.
#204650


Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы " ____ " _________

№ _____ қаулысына 2- қосымша

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,

мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды

субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер




        1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

  2. «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

        1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

        2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша жиынтық акт болып табылады.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 3-2/378 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушымен (не сенімхат бойынша оның өкілімен) ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) тиісті аудандық ауыл шаруашылығы бөлімімен (бұдан әрі - бөлім) Стандарттың 9-тармағында көзделген өтінімдерді және құжаттарды қабылдауы және өтінімдерді тіркеу арнайы журналында тіркеуі – 30 (отыз) минут. Нәтижесі – күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру;

2) бөлімнің жауапты маманымен қызметті алушының құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда бөлім тауар өндірушінің қызмет орнына зоотехникалық есепті жүргізудің алғашқы құжаттарын салыстырып тексеру үшін жол жүруді жүзеге асырады – 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының тексерілген құжаттары;

3) бөлімнің жауапты маманымен қызмет алушының құжаттарының белгілі деңгейге сәйкестігін анықтауы, бюджеттік субсидия алушылардың аудан бойынша жиынтық актісін құруы, аудан әкімінің бекітуі – 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – бекітілген аудан бойынша жиынтық акті;

4) жиынтық актіні облыс ауыл шаруашылығы басқармаға (бұдан әрі - басқарма) ұсынуы – екі аптада бір реттен сирек емес.

5) басқарманың жауапты маманымен арнайы жиынтық актіні тіркеу журналында тіркеуі – 1 (бір) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – тіркелген жиынтық акті;

6) басқарманың жауапты маманымен аудандар бойынша жиынтық актілердің Қазақстан Республикасының заңнаманың өлшемдері мен талаптарына көрсетілетін қызметті алушылардың сәйкестігін қарау және оларды мал шаруашылығын субсидиялау сұрағы бойынша комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына жіберуі – 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – жиынтық актілерді комиссияның қарауына жіберу;

7) комиссияның аудандар бойынша жиынтық актілерді қарауы және облыс бойынша жиынтық актіні құруы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – облыс бойынша жиынтық актіні жасау;

8) комиссия төрағасының облыс бойынша жиынтық актіні бекітуі – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – облыс бойынша бекітілген жиынтық акті;

9) басқарманың жауапты маманымен көрсетілетін қызметті алушылардың банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарын ұсынуы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – төлем шоттары.





  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау




  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

  1. бөлімінің жауапты маманы;

  2. басқарманың жауапты маманы;

  3. комиссия.

  1. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

  1. бөлімнің жауапты маманы құжаттар топтамасын қабылдауды іске асырады, қызметті алушының өтінімін арнайы тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады, өтінімді және құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы талонды беру – 30 (отыз) минут;

  2. бөлімнің жауапты маманы қызметті алушының құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда бөлім тауар өндірушінің қызмет орнына зоотехникалық есепті жүргізудің алғашқы құжаттарын салыстырып тексеру үшін жол жүруді жүзеге асырады – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

  3. бөлімнің жауапты маманы қызмет алушының құжаттарының белгілі деңгейге сәйкестігін тексергеннен кейін, аудан бойынша бюджеттік субсидия алушылардың жиынтық актісін жасап, аудан әкімінің бекітуіне ұсынады – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

  4. бөлімнің жауапты маманы жиынтық актіні басқарма ұсынады – екі аптада бір реттен сирек емес.

  5. басқарманың жауапты маманы жиынтық актіні тіркеу журналында тіркейді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

  6. басқарманың жауапты маманы аудандар бойынша жиынтық актілердің заңнаманың талаптарына сәйкестігін қарастырып және оларды комиссияның қарауына жібереді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

  7. комиссия аудандар бойынша жиынтық актілерді қарастырып және облыс бойынша жиынтық актіні жасайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

  8. комиссия төрағасы облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

  9. басқарманың жауапты маманы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарды ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

  1. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1- қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызмет беруші мен көрсетілген қызмет алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркеуді іске асырады;

2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және паролін енгізу үдерісі (авторизация үдерісі);

3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;

4) 2-үдеріс – порталдың көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түріне Стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі қажет құжаттардың көшірмелерін бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдап алуы;

6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы);

7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің сауалды өңдеуі үшін көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) «электрондық үкіметтің» автоматтандырылған өңірлік шлюзі жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жолдау;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарды сәйкестікке тексеруі;

10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен портал қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.

10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл етуі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. 

12. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

1-қосымша



Әрбір рәсімді (іс-қимылды) өту блок-схемасы
Қызмет алушы

Бөлімнің жауапты маманымен Стандарттың 9-тармағында көзделген өтінімдерді және құжаттарды қабылдауы және өтінімдерді тіркеу журналында тіркеуі



Бөлімнің жауапты маманымен қызметті алушының құжаттар топтамасын тексеруі



Бөлімнің жауапты маманымен қызмет алушының құжаттарының белгілі деңгейге сәйкестігін анықтауы, бюджеттік субсидия алушылардың аудан бойынша жиынтық актісін құруы, аудан әкімінің бекітуі және басқармаға ұсынуы



Басқарманың жауапты маманымен жиынтық актіні тіркеу журналында тіркеуі




Басқарманың жауапты маманымен аудандар бойынша жиынтық актілердің заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексеруі және оларды комиссияның қарауына жіберуі

Комиссияның аудандар бойынша жиынтық актілерді қарауы және облыс бойынша жиынтық актіні құруы



Комиссия төрағасының облыс бойынша жиынтық актіні бекітуі



Басқарманың жауапты маманымен көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем есепшоттарының тізілімін ұсынуы

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

2-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл етуі

Шартты белгілер:





Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Аяқтаушы қарапайым оқиға



Қате



Ақпараттық жүйе



Үдеріс



Шарт



Хабарламалар ағыны



Басқару ағыны



Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатың электрондық құжат

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,

мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен

сапасын арттыруды субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша



Мемлекеттік қызмет көрсетудің

бизнес-процестерінің анықтамалығы



Өтінімді қабылдау және тіркеу, құжаттарды тексеру және өтінімнің деректерін тексеру, аудан бойынша жиынтық актісін құруы және басқармаға ұсыну – 10 (он) жұмыс күні ішінде

Аудан бойынша жиынтық актісін тіркеу, заңнаманың талаптарына сәйкестігін тексеру және комиссияның қарауына жіберуі – 6 (алты) жұмыс күні ішінде

Аудан бойынша жиынтық актісін қарауы, облыс бойынша жиынтық актіні бекіту – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде




Көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем есепшоттарының тізілімін ұсынуы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде







Шартты белгілер:






- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы




- құрылымдық - функционалдық бірліктің атауы




- рәсімінің (іс-қимылының) құрылымдық - функционалдық бірліктің атауы




- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет