Астана. 23 ақпан. ҚазАқпарат 2012 жылдың 10-20 ақпаны аралығында Астанадағы С



Дата09.06.2016
өлшемі16.82 Kb.
#123766
http://www.inform.kz/ShowArticle?id=2443254

2012-02-23 09:20:00.0


Қазақстанның магистранттар тобы І Петр атындағы Воронеж мемлекеттік аграрлық университетінде тағылымдамадан өтті

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 10-20 ақпаны аралығында Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің магистранттар тобы Ресейдің Воронеж қаласындағы І Петр атындағы Воронеж мемлекеттік аграрлық университетте (ВМАУ) тағылымдамадан өтті.

Бүгінде Воронеж қаласында 37 жоғары, 53 арнаулы оқу орны бар, оларда 127 мың студент білім алады. 1913 жылы негізін қалаған І Петр атындағы ВМАУ-дың, сол кездегі Воронеж Ауыл шаруашылық институтының бірінші директоры профессор Константин Глинка болды. ВМАУ-де тоғыз факультетте 32 мамандық бойынша 14 мың студент пен магистранттар білім алады. Мамандарды даярлауды 60 кафедрада 635 оқытушы жүргізеді. Олардың ішінде 93 ғылым докторы, 417 ғылым кандидаты бар. Воронеж және Липецк облыстарының 35 орта мектебінде жоғары оқу орнына дейінгі даярлық білім беру ұйымдастырылған. Студенттердің оқу және өндірістік тәжірибелері Тәжірибелік стансыда, Ботаникалық бақта, «Березовское» оқыту шаруашылығында және жетекші кәсіпорындарда өткізіледі.

Білім берудің жаңа технологиялары мен сапа менеджменті жүйесі кеңінен енгізілуде. ВМАУ-дың бірыңғай ақпараттық желісінде 1 068 компьютер бар. компьютерлік тестілеу, қашықтан білім беру, технология мультимедиасы белсенді енгізілуде. Ғылыми кітапхана қоры 1 млн.-нан астам кітаптан тұрады.

ЖОО ұжымымен және кафедралардың құрылымымен танысу дөңгелек үстел отырыстары барысында ұйымдастырылды. Магистранттарға ВМАУ-дың жетекші оқытушылары - профессор, э.ғ.д. Елена Закшевская, профессор, э.ғ.д. Иван Четвертаков, профессор, э.ғ.д. Андрей Улезько дәрістер оқыды. Воронеж университетінің ғылыми кітапханасынан әрбір магистрант өзінің диссертациясына қажетті және қызықты материалдарды таба алды. Сондай-ақ диссертацияларының тақырыптарына сәйкес Агроөнеркәсіптік кешенде, Ғылыми зерттеу институтында болды.

Сонымен қатар, қазақстандық магистранттар Воронеж қаласының маңындағы «Хреновое» жылқы зауытында, бидай және ірі қараны өсірумен айналысатын «Эко-Нива» агрокәсіпорнында болды.

Магистранттардың тағылымдамадан өтуі С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ мен І Петр атындағы ВМАУ-дың арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісімнің нақты іске асуының алғашқы тәжірибесі болды.



Отандық магистранттардың жинаған тәжірибесі мен алған білімдері олардың магистрлік жұмыстарында және диссертацияларында көрініс табатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет