Астана ақшамы. – 2014. №116. – 14 қазан Жұмабаева А. Сәкен тағылымы өлең-жырмен өрілді



Дата03.07.2016
өлшемі15.86 Kb.
Астана ақшамы. – 2014. - № 116. – 14 қазан

Жұмабаева А.


Сәкен тағылымы өлең-жырмен өрілді
Қазақ агротехникалық университетінде сұңқар ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толуына орай бірқатар шаралар өтті.

Әуелі атаулы күн «Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім» атты республикалық мүшәйрада дуылдап өлең оқыған ақындар салтанатымен айшықталды. Ақындардың қарымы мен шалымын республикалық «Тұмар» әдеби журналының бас редакторы, ақын Оңайгүл Тұржан, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Ақберен Елгезек, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, ақын Ерлан Жүніс, С.Сейфуллин атындағы университеттің ка­федра меңгерушісі, доцент Сәлима Кенжемұратовалар бағалады.

Сұңқар Сәкен құрметіне ұйымдастырылған жыр додасына Алматы, Атырау Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қостанай, қысқасы, елдің төрт тарабынан төгілген жырға сезім аунатқан жас ақындар қатысты.

Айбынды жырымен көзге түскен атыраулық Ерболат Қарақойшы І орынды иеленді, ал II орын Тараздан келген Нұрболат Жолдасбекке бұйырды. Сонымен қатар, жүлделі II орынға Алматыдан келген Жайдар Жақсылықовтың өлеңі лайық деп танылды. Республикалық «Тұмар» журналының арнаулы сыйлығын С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ың студенті Нұрбала Алдамжарова қанжығалады.

Түс ауа шараны Сәкеннің лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы қыздыра түсті. Жазушы, «Ақ жайық» журналының бас редакторы Рахымжан Отарбаев бастаған қазылар алқасы ақын шығармаларын шын беріле, сезім қылын шерте оқыған жастарға жүлде табыстады. 1 орынды астаналық Хазрт Төлегенов, ІІ орынды ақтөбелік Мөлдір Кенжекеева мен астаналық Ерхан Мәуленбердиев иеленсе, III орынды кәсіптік колледж студенті Ирина Сапожникова мен атыраулық Алтынай Серікпай теңдей бөлісті.

Кешқұрым университетке жиналған меймандар «Ақ желкен» студенттік театры сахналаған Ғазиз Ештанаевтың «Жолайырықта» драмалық қойылымын тамашалады. Сәкен рөлінде университеттің Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің студенті Бауыржан Жақсыбаев, Мағжан Жұмабаевтың рөлінде экономикалық факультеттің студенті Әлібек Мырзақұлов ойнады.

С.Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған шаралар легі университетте жыл аяғына дейін жалғасын таппақ.



Каталог: docs
docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет