Астық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы n 143 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат. "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 23 қаңтар n 14


-тарау. АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСIПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН РЕТТЕУ



бет3/4
Дата30.06.2016
өлшемі242.5 Kb.
#167707
1   2   3   4

6-тарау. АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСIПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIН РЕТТЕУ

      17-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн


             реттеу тәсiлдерi

            Астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жiберу, астық иелерiнiң мүдделерiн қорғау жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде астық қабылдау кәсiпорындарының саралану талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз ету мақсатында астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттеу:

      1) белгiленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорындары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығару;

      2) астық қабылдау кәсiпорындары астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жiберу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтау нысанасындағы қызметiн, сондай-ақ астық қолхаттары тiзiлiмiнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етудi жүргiзу талаптарын инспекциялау (тексеру);

      3) астық қабылдау кәсiпорындарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына заңдарға сәйкес санкциялар салу арқылы жүзеге асырылады.
      4) алып тасталды
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488 Заңымен, 2004.12.20. N 13(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.26. N 313 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      18-бап. Басым жағдайға ие болған астық қабылдау


              кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң
               бағасын (тарифтерiн) мемлекеттiк реттеу

      Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындары көрсететiн қызметтердiң бағасын (тарифтерiн) мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен реттеушi орган жүзеге асырады.

      19-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн
              шектеу

      1. Астық қабылдау кәсiпорындары астықты қабылдауға, өлшеуге, кептiруге, тазалауға, сақтауға және тиеп жiберуге жатпайтын қызметтi жүзеге асыруға, оның iшiнде, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк беруге және мүлiктi кепiлге салуға құқылы емес, оған мыналар кiрмейдi:

      1) ұн өнiмдерiн, құрама-жем, нан-бөлке және макарон бұйымдарын өндiру мен сату;

      2) жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау жөнiнде қызмет көрсету;

      3) телекоммуникация құралдарын орнату үшiн астық қабылдау кәсiпорынының өндiрiстiк емес алаңдарын беру жөнiнде қызмет көрсету.

      Бұл орайда жоғарыда тiзбеленген қызмет түрлерiне байланысты пайдаланылатын құрылыстар астық қоймасымен (элеватормен, астық қабылдау пунктiмен) технологиялық байланыста болуға және (немесе) бiр аумақта не оған iргелес жатқан аумақта болуға тиiс. Астық қабылдау кәсiпорындары астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жiберу және астық қабылдауға, өлшеуге, кептiруге, тазалауға, сақтауға және тиеп жiберуге байланысты емес қызмет бойынша операциялардың бөлек есепке алынып жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.


       Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.11.21 N 89-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

      2. Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындарының:


      1) көрсетiлетiн қызмет үшiн осы Заңның 18-бабына сәйкес  реттеушi орган белгiлегеннен артық мөлшерде ақы алуына;

      2) көрсетiлетiн қызметтерге қол жеткiзу жағдайларын күштеп таңуына немесе көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушыларын кемсiтушiлiкке немесе тұтынушылардан белгiленген тарифтерде ескерiлмеген ақы алу есебiнен табыс табуға әкеп соғатын өзге де әрекеттер жасауына тыйым салынады.


      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488, 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       20-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының аудитi

      1. Астық қабылдау кәсiпорнының жылдық қаржылық есебiнiң дұрыстығын, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiн тексеру және растау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жыл сайынғы мiндеттi аудиторлық тексерулер жүргiзiп отырады.

      2. Егер кәсiпорынның басқару органы астық қабылдау кәсiпорнының жылдық қаржылық есебiне, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiне аудиторлық тексеру жүргiзуден жалтарса, кез келген мүдделi тұлғаның арызы бойынша қабылданған сот шешiмiмен тексеру тағайындалуы мүмкiн.

      3. Тексеру комиссиясының (ревизордың) астық қабылдау кәсiпорны басқару органының қызметiн тексерудi жүзеге асыруы астық қабылдау кәсiпорнын аудит жүргiзу мiндетiнен босатпайды.

      21-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының есеп жүргiзуi


               және есеп беруi

      1. Астық қабылдау кәсiпорындары және астық нарығына басқа да қатысушылар алғашқы статистикалық деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен табыс етуге мiндеттi.


      2. Астық қабылдау кәсiпорындары уәкiлеттi органның жазбаша сауалы бойынша, өздерiнiң негiзгi қызметiне байланысты ақпарат беруге мiндеттi.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.10.13 N 488, 2007.07.26 N 313 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.

      22-бап. Астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң негiзгi


               көрсеткiштерiн жариялау

      Астық қабылдау кәсiпорындары жылдық балансты және пайда мен залал туралы есептi, оның салық органдарына тапсырылатын мерзiмi келгеннен кейiн күнтiзбелiк бiр ай iшiнде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      23-бап. Құжаттардың есепке алынуы және сақталуы

      1. Астық қабылдау кәсiпорындары өздерiнiң астықпен жасаған операцияларын көрсететiн құжаттардың қатаң есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      2. Сақталуға тиiстi құжаттардың тiзбесi және олардың сақталу мерзiмдерi заңдармен белгiленедi.

      24-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн


              инспекциялау (тексеру)

      Ескерту. 24-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      24-1-бап. Мемлекеттiк астық инспекторы және оның
                өкiлеттiктерi

      Ескерту. 24-1-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      25-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының жауапкершiлiгi

      1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылғаны байқалған, астық қабылдау кәсiпорындарының лауазымды адамдарының сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiне қатер төндiруi мүмкiн заңсыз әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорнына мынадай жауапкершiлiк түрлерiнiң бiрiн қолдануға:

      1) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға және өндiрiп алуға;
      2) алып тасталды - 2006.01.10. N 116 Заңымен.

      3) осы Заңның 28-бабында белгiленген жағдайларда астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзуге құқылы.

      2. Астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жiберу жөнiндегi қызметтi тиiстi лицензиясыз жүргiзген жағдайда, осы операциялардан (қызметтен) түскен табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi бюджетке алынады.

      3. Астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу Қазақстан Pecпубликасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.


      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488, 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.26. N 313 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       26-бап. Астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау,


              сақтау және тиеп жiберу жөнiндегi қызметтi
              жүзеге асыру құқығына лицензияның күшiн тоқтата
              тұру, лицензиядан айыру
 
       Астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жiберу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның күшiн тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2007.07.26. N 313(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      27-бап. Астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру


               құқығына лицензиядан айыру

      Ескерту. 27-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      28-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару

      1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында олар жөнiнде әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық- техникалық және басқа да iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзу болып табылады.

      2. Уәкiлеттi органның дербес қабылдаған шешiмi бойынша не астық қолхаттарын ұстаушылардың жолданымы бойынша астық қабылдау кәсiпорны мынадай негiздемелердiң бiрi бойынша:

      1) астық сақтау жөнiндегi шарттық мiндеттемелердi үнемi тиiсiнше орындамауы;

      2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етiлген астық мөлшерiнiң астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерiнен асып кетуi бойынша ғана уақытша басқаруға берiлуi мүмкiн.

      3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды уақытша басқару жөнiндегi комиссия мен уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.

      4. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорнының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      5. Уақытша басқару кезеңiнде заңсыз әрекеттермен астық қабылдау кәсiпорнына келтiрген залал үшiн уақытша басқару жөнiндегi комиссияның мүшелерi, уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады.


      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.10.13. N 488, 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      29-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша


              басқаруды енгiзу

      1. Уәкiлеттi органның астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмi бұйрықпен ресiмделедi және онда мыналар:

      1) астық қабылдау кәсiпорнының атауы, оның орналасқан жерi мен мекен-жайы;

      2) уақытша басқаруды енгiзу үшiн негiздеме;

      3) уақытша басқарудың қолданыла бастауы және мерзiмi;

      4) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау мақсатында астық қабылдау кәсiпорнының қызметiне қойылатын шектеулердiң тiзбесi;

      5) уақытша басқару жөнiндегi комиссияның адам құрамы;

      6) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару режимiндегi астық қабылдау кәсiпорнының басшы қызметкерлерiне өз жұмысы жөнiнде есеп дайындап, бұл құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке табыс ету туралы және сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушыларға уақытша басқарудың енгiзiлуi жөнiнде мiндеттi түрде хабарлау туралы нұсқама болуға тиiс.

      2. Мүдделi тұлғалар уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым жасау уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмнiң қолданылуын тоқтатып қоймайды.

      3. Уәкiлеттi органның уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмiн уәкiлеттi орган осы Заңның 28-бабының 4-тармағында аталған қаражат есебiнен үш жұмыс күнi iшiнде кемiнде екi газетте мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялайды.

      30-бап. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия

      1. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия уәкiлеттi органның, облыстың жергiлiктi атқарушы органының, астық қабылдау кәсiпорнының, сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың, астық қабылдау кәсiпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) өкiлдерiнен тұрады.


      2. Уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм қабылданғанға дейiн уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорнына, астық қабылдау кәсiпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорына (қорларына) және сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың бәрiне үш күн мерзiмде уақытша басқару жөнiндегi комиссияның құрамына кандидатуралар ұсыну туралы ұсыныс жiбередi.
      Кандидатуралар ұсынылмаған не ұсынудан бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган уақытша басқару жөнiндегi комиссияны дербес құруға құқылы.
      3. Уақытша басқару жөнiндегi комиссияның құзыретiне:
      1) уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерiн қызметке тағайындау (қызметтен босату);
      2) уақытша әкiмшiлiктiң қызмет нәтижелерi туралы есебiн бекiту;
      3) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылау кiредi.
      4. Егер астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) қатысушысы болмаса, уақытша басқару жөнiндегi комиссиядағы өкiлдердiң шешiм қабылдау кезiндегi дауыстары мынадай проценттiк қатынаспен бөлiнедi:
      1) астық қолхаттарын ұстаушылар - елу процент;
      2) астық қабылдау кәсiпорны - жиырма бес процент;
      3) уәкiлеттi орган - жиырма бес процент.
      5. Астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорына (қорларына) қатысқан жағдайда уақытша басқару жөнiндегi комиссиядағы өкiлдердiң шешiм қабылдау кезiндегi дауыстары мынадай проценттiк қатынаспен бөлiнедi:
      1) астық қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес процент;
      2) астық қабылдау кәсiпорны - жиырма бес процент;
      3) уәкiлеттi орган - жиырма бес процент;
      4) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры (қорлары) - жиырма бес процент.
      6. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия жалпы дауыс санының кемiнде үштен екiсiне ие өкiлдер қатысқан кезде шешiм қабылдауға құқылы.
      Уақытша басқару жөнiндегi комиссияның шешiмi көпшiлiк дауыспен қабылданады.
      7. Уақытша басқару жөнiндегi комиссияны құрудың, оның қызметiн ұйымдастырудың өзге мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      31-бап. Уақытша әкiмшiлiк

      1. Уақытша әкiмшiлiктi уақытша басқару жөнiндегi комиссия тағайындайды.

      2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару қолданылған кезеңде:


      1) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке көшедi;

      2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатыла тұрады;

      3) астық қабылдау кәсiпорнын басқару органдары мен оның басшы қызметкерлерiнiң өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады;

      4) уақытша әкiмшiлiкке айтпай және оның жазбаша келiсiмiнсiз астық қабылдау кәсiпорнының атынан және соның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.

      3. Уақытша әкiмшiлiк:

      1) осы Заңда белгiленген құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiмдер қабылдауға;

      2) астық қолхаттарында көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма процентiне дейiнгi мөлшерiнде солардан туындайтын барлық талаптардың қанағаттандырылуын уақытша басқару кезеңiне тоқтата тұруға;

      3) астық қабылдау кәсiпорнының ол берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қалпына келтiруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға;

      4) астық қабылдау кәсiпорнының атынан және оның мүдделерi үшiн өкiлдiктi, соның iшiнде сотта да жүзеге асыруға;

      5) астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттарын орындауға кепiлдiк беру қорына қатысқан жағдайда, аталған қорға сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша берешектi бiрiншi кезектегi тәртiппен өтеу туралы талап қоюға;

      6) астықтың сақталуына байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;

      7) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.


      4. алып тасталды
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 200.05.15. N 253 Заңымен.

      32-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылау

      Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылауды уақытша басқару жөнiндегi комиссия жүзеге асырады, ол:

      1) уақытша әкiмшiлiкке астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiндегi қызметтiң негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақытша әкiмшiлiктен оның қызметi және астық қабылдау кәсiпорнының қызметi туралы ақпарат берудi талап етуге;

      3) уақытша әкiмшiлiктiң атқарылған жұмыс туралы есебiн тыңдап, бекiтуге;

      4) уақытша басқару енгiзiлген себептер жойылмаған жағдайда оның мерзiмiн ұзартуға;

      5) уәкiлеттi органға уақытша басқаруды аяқтау туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.

      33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша
              басқаруды тоқтату

      1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай негiздемелер:

      1) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң өтуi;

      2) уақытша басқарудың мерзiмiнен бұрын аяқталуы туралы уәкiлеттi органның шешiм қабылдауы;

      3) соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша тоқтатылады.

      2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды оның енгiзiлуiне әкеп соққан себептердiң жойылуына байланысты тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату да) уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк осы астық қабылдау кәсiпорнына қатысты белгiлеген барлық шектеулердiң күшi жойылуына әкеп соғады.

      3. Егер астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау қабiлетiн қалпына келтiруге жеткiзбесе, лицензиат заңнамада белгiленген тәртiппен лицензиясынан айырылады және уәкiлеттi орган астық қабылдау кәсiпорнының таратылуына бастама жасай алады.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116(2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. N 222(ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  6-1-тарау. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн тексеру

      Ескерту. 6-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. N 313(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      33-1-бап. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық


                қабылдау кәсiпорындарының қызметiн тексеру
 
      1. Астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн тексерудi уәкiлеттi орган өз бетiмен не басқа да мемлекеттiк органдарды тарта отырып жүргiзедi.

      2. Астықты экспортқа шығарушылар және астық қабылдау кәсiпорындары тексеруге берiлген тапсырмада көрсетiлген мәселелер бойынша тексерудi жүргiзуге уәкiлеттi органға жәрдемдесуге, сондай-ақ тексеру жүргiзу үшiн қажеттi барлық ақпарат көздерiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге мiндеттi.

      3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуге не үшiншi тұлғаларға беруге тыйым салынады.

      4. Тексерудi жүзеге асыратын тұлғалар астықты экспортқа шығарушылардың және астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн тексеру барысында алынған және коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

      33-2-бап. Мемлекеттiк астық инспекторы және оның
                 өкiлеттiгi
 
      1. Уәкiлеттi органның басшысы мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына "Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк астық инспекторы" және "Мемлекеттiк астық инспекторы" деген қосымша арнайы атауларды беруге құқылы.

      2. Уәкiлеттi органның мемлекеттiк астық инспекторы мынадай


функцияларды:

      1) мыналарды:


      астықтың қауiпсiздiгi мен сапасын;
      астықтың мөлшерлiк-сапалық, соның iшiнде мемлекеттiк ресурстар астығының жай-күйiн;
      астықтың сапасын сараптау жөнiндегi аккредиттелген зертханалардың қызметiн;
      астықты экспорттаушылардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын сақтауы тұрғысынан бақылау;

      2) астық қабылдау кәсiпорындарын олардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiне жыл сайынғы тексерудi өткiзуге қатысуды;

      3) астықты қабылдау, өлшеу, кептiру, тазалау, сақтау және тиеп жiберу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) лицензиядан айыру туралы облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыныстар енгiзудi;

      4) астық қабылдау кәсiпорынына уақытша басқаруды енгiзу жөнiнде ұсыныстар берудi;

      5) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсiпорынын
уақытша басқару жөнiндегi комиссияның құрамына енгiзу үшiн
кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жiберудi;

      6) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын


бұзушылықтар анықталған жағдайда, астықты экспортқа шығарушылар мен
астық қабылдау кәсiпорындарына нұсқама берудi;

      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауды және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар енгiзудi;


      8) уәкiлеттi органның облыстық аумақтық бөлiмшелерiнiң бастықтары бекiткен графиктер негiзiнде тоқсан сайынғы жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылар мен мемлекеттiк органдардың өтiнiштерi негiзiнде жоспардан тыс тексеру түрiнде астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептiк деректерiне сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады.
      3. Уәкiлеттi органның мемлекеттiк астық инспекторы астықты өсiру, сақтау және өңдеу орындарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен (қызметтiк куәлiгiн және құқықтық статистика жөнiндегi органда тiркелгенi туралы белгiсi бар тексеру тағайындалу туралы актiнi көрсеткен кезде) кедергiсiз баруға және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алуға құқылы.
       Ескерту. 33-2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17. N 188-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 N 229-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет