ІV нұсқа
-
Адам ағзасында ақуыздар қандай қызмет атқарады?
-
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
+Н2 Х
СН3→ СНО−
СН3-СООН→ СН3→СООNa
Х затын атаңдар.
-
Қандай карбон қышқылдарын білесіңдер? Олардың қолдану облысы қандай?
-
23 г. құмырсқа қышқылын метил спиртімен әрекеттесу нәтижесінде 24 г. күрделі эфир алынды. Эфирдің шығымының массалық үлесін есептеңдер.
VІІ тақырып бойынша қосымша тапсырмалар.
I нұсқа
-
Салыстырмалы молекулалық массасы мынаған тең, қаныққан көмірсутектердің молекулалық формулаларын жазыңдар: А) оттегінің салыстырмалы атомдық массасына тең; Б) көмірқышқыл газының салыстырмалы молекулалық массасына тең; В) магний гидроксидінің салыстырмалы молекулалық массасына тең; Г) СаS салыстырмалы молекулалық массасына тең
-
Мұнайдың практикалық маңызы қандай?
-
Қанықпаған көмірсутектерді алуға болатын реакция теңдеуін жазыңдар
-
Натуралды каучуктың құрамын, физикалық қасиетін және қолданылуын көрсетіңдер.
-
Метан үшін есептеңдер: А) ондағы элементтердің массалық қүлесін; Б) оның 4 г. (қ.ж.) көлемі
-
алыстырмалы молекулалық массасы мынаған тең, қаныққан көмірсутектердің молекулалық формулаларын жазыңдар: А) N2 салыстырмалы молекулалық массасына тең; Б) көмірқышқыл газының салыстырмалы молекулалық массасына тең; В) магний гидроксидінің салыстырмалы молекулалық массасына тең; Г) MgCO3 салыстырмалы молекулалық массасына тең
-
Этанды этилен қоспасынан қалай тазартады? Жауабын химиялық реакция теңдеулері бойынша жазыңдар
-
Ацетиленнің және оның негізінде алынған материалдың аса маңызды қолдану облысы қандай?
-
Төменде келтірілген формулаларды қосылыстардың класы бойынша заттарға бөліңдер және оларды атаңдар:
А) СН3- СН3 Б) СН= СН В) СН3- СН= СН2 Г) Н3С- СН2- СН2 Д) СН2 =СН2
׀
СН2- СН3
Е) СН3- СН2
׀
СН3
-
Келесі айналымды орындайтын реакция теңдеулерін жазыңдар:
СН4→ С2Н2→ С2Н4→ С2Н6→ СО2
С6Н6
-
Ацетиленнің кейбір көлемі 39 г. массасы болады. Осындай көлемдегі (қ.ж.) пропиннің массасын есептеңдер.
-
Келесі заттардағы элементтердің массалық үлесін есептеңдер: А) Этанол; Б) Бутанол; В) Сірке қышқылы.
-
Төменде келтірілген заттардың формуласынан тек спирттердің формуласын теріп жазыңдар және оларды атаңдар:
А) С6Н6 Б) СН3ОН В)С2Н4 Г) С4Н9ОН Д) СН3-СНО
-
Спирттердің атомдылығы немен анықталады?
-
Ақуыз молекуласы қандай элементтер атомынан құралған? Ақуыздар қандай химиялық қасиет көрсетеді?
-
Ақуыздың біріншілік, екіншілік және үшіншілік құрылымы нені білдіреді? Әрбір құрылымға қандай байланыс сәйкес?
-
Пробиркалардың біреуінде сабын ерітіндісі, ал екіншісінде жуғыш ұнтақ бар. Қандай тәжірибелік жолмен оларды табуға болады? Жұмыстың жоспарын құраңдар және болатын құбылысты жазыңдар
-
20 л. (қ.ж.) көлемі бар этиленді гидрлеу кезінде 18 л. этан алынды. Этанның шығымының көлемдік үлесін есептеңдер.
Жауабы: 90%
-
Бромныі 1,6% массалық үлесі бар бром суының қандай массасы 1,12(қ.ж.) көлемі пропиленді түссіздендіреді? Жауабы: 500 г.
-
Этиленнің кейбір көлемінде 7 г. массасы болады. Осындай көлемдегі пропиленнің (қ.ж.) массасын есептеңдер. Жауабы: 10,5 г
-
92 г. таза этил спиртінен (қ.ж.) 42 л. этилен спиртін алды. Оның шығымының көлемдік үлесін есептеңдер.Жауабы: 93,75%
-
20 л. этен қоспасын этинмен толық гидрлеу үшін қанша көлем сутегі жұмсалады? Қоспадағы этиннің көлемдік үлесі 40% құрайды. Жауабы: 28 л.
-
39 г. бензолдан қанша масса бромбензол алуға болады? Бромбензолдың шығымы 64 % құрайды. Жауабы: 50,2 г.
-
(қ.ж.) 25 л. ацетиленнен 16 г. бензол алды. Оның шығымының көлемдік үлесін есептеңдер. Жауабы: 55,2%
-
8 г. магний сірке қышқылымен әрекеттескен кезде қанша көлем сутегі бөлінеді? Жауабы: 7,5л.
-
92 г. этил спирті бромсутегінің артық мөлшерімен әрекеттескен кезде қанша масса бромэтан түзіледі? Реакция өнімінің шығымының массалық үлесі 85% құрайды. Жауабы: 185,3 г.
-
90 г. сірке қышқылы метил спиртімен әрекеттесу нәтижесінде 100 г. күрделі эфир түзілді. Эфир шығымының массалық үлесін есептеңдер. Жауабы: 90%
-
90 г. сірке қышқылы альдегидін сутегімен тотықсыздандырған кезде 82 г. этил спирті алынды. Спирт шығымының массалық үлесін есептеңдер. Жауабы: 87%
-
Картопта крахмалдың массалық үлесі 20% 160 г. картоптан қанша масса глюкоза алуға болады? Жауабы: 360 г.
-
Егер шығымның массалық үлесі 75% құраса, 81 г. крахмалдан қанша масса глюкоза алуға болады? Жауабы: 67,5г.
Өндірістік және пәнаралық мазмұны бар тапсырмалар
Бейметалдар
-
Кремнийді өнеркәсіпте доғалы электрлік пештерде кремнеземді кокспен тотықсыздандыру арқылы алады:
t
Si2O+2C= Si+2CO↑
Массасы 80 кг кокс арқылы тотықсыздандыру үшін қанша масса кремзем алуға болады, егер кокстағы көміртегінің массалық үлесі 92% болса. Жауабы: 184 кг.
-
Ақ фосфорды аппатит және фосфорит құрамында бар, кальций фосфатын кокспен тотықсыздандыру арқылы электрлік пештерде ауа қатысынсыз алады:
t
2Ca(PO4)2+10C+6 SiO2= 6CaSiO3+10 CO↑+P4↑
Фосфор буын су астында конденсирлейді. 248 кг. фосфор алу үшін құрамында көміртегінің массалық үлесі 90% болатын қанша масса кокс қажет? Бұл жағдайда өлшенген қ.ж. қанша көлем көміртегі (ІІ) оксиді бөлінеді? Жауабы: 266,7 кг.; 448 м3
-
Фосфор қышқылы теориялық әдіс арқылы алу мынамен қорытындыланады, алынған табиғи фосфаттардан фосфорды жағады, түзілген фосфор (V) оксидін сумен әрекеттестірген кезде H3PO4 береді, суммарлық реакция теңдеуі:
4P+5O2+6Н2O=4 H3PO4
400 кг. фосфор қышқылын алу үшін қанша масса фосфор қажет, егер фосфор қышқылының шығымының массалық үлесі 80 % болса. Жауабы: 158,2 кг.
-
Фосфор қышқылын алуының экстракционды әдіс негізінде табиғи фосфатты күкірт қышқылымен өңдеуді жатқызамыз:
t
Ca3(PO4)2+3Н2SO4 = 3CaSO4+2 Н3PO4
Түзілген қышқылды кальций сульфатынан фильтрлейді және буландырумен концентрлейді: құрамында 60 % Ca3(PO4)2 бар, 200 кг фосфариттен қанша массафосфор қышқылын алуға болады? Шығымның массалық үлесі 80%. Жауабы: 60,7 кг.
-
Күкірт қышқылын көп уақыт бойы тек нитроздық әдіспен алды, оның негізі күкірт (ІV) оксидін азот (ІV) оксидімен су қатысында тотықтыру арқылы алумен қорытындыланады:
SO2+NO2+ Н2O= Н2 SO4+ NO↑
Осы әдіспен алынатын қышқылдың концентрациясы 75-76%, ондағы азот (ІV) оксиді бар болғандықтан оны қолдануды шектейді. Массалық үлесі 74 % (қыс.1,66 кг\л) болатын 100 л. күкірт қышқылы алынса, қанша масса күкірт (ІV) оксидін және суды әсер етті. Жауабы: 80,2 кг.; 22,6 кг.
-
Жолжелкеннің кептірілмеген жапырағында фосфордың массалық үлесі 0,38%, ал кептірілген жапырағында- 2,51 % құрайды. Жолжелкеннің жапырағын кептірген кезде суды жою нәтижесінде қанша пайыз массасын жоғалтады? Жауабы: 84%, 86%.
Металдар
-
Натрий гидроксидін әктасты әдіспен сода ерітіндісін Nа2СО3 сөнлірілген әктас Са(ОН)2 қыздыру кезінде алуға болады. 2 % қоспасы бар, қанша масса сода 10кг. натрий гидроксидін алу үшін қажет? Натрий гидроксидін қалай бөледі? Жауабы: 13,52 кг.
-
Табиғатта сынап HgS киноварь түрінде жиі кездеседі. Сынапты алу үшін киноварьді күйдіреді. Мұнда сынап пен күкірт (ІV) оксиді түзіледі. Сынап буын салқындататын қабылдағышта конденсирлейді. 10% қоспасы бар, 600 кг. киноварьді күйдіру кезінде қанша масса сынап түзіледі. Жауабы: 465,8 кг.
-
Адам күнделікті тамақпен 3 г. калий қоректенеді. Адамның калиймен тәуліктік қажеттілікті қамтамасыз етуге, құрамында 0,6% осы элемент бар, қанша масса картоп қажет. Жауабы: 500 кг.
-
Сатылым желісіне түскен ас тұзы құрамында натрий хлориді және қоспалар – су және ерімейтін қоспа бар. Натрийдің массалық үлесі 38%, тұздағы массаның массалық үлесі қандай? Таза натрий хлоридіндегі натрийдің массалық үлесі 39,3% құрайды. Жауабы: 3,31%
-
Техникалық марганецті алюмотермиялық әдіспен алуға болады:
3Mn3O4+8Al=9 Mn+ Al2 O3+250кДж
Егер реакцияға массасы 458 кг. Mn3O4 түскен болса, қанша масса марганец түзіледі және қанша жылу мөлшері бөлінеді? Жауабы: 330 кг.; 1666,7 кДж
-
Алтын мен күміс таза күйінде –жұмсақ металдар. Механикалық мықтылығын жоғарылату үшін оларды мыспен балқытады. Алтын немесе күміс бөліктер саны құйманың 1000 бөлігіне келсе, сынама дейді. Массасын есептеңдер: А) алтынның 750 сынамасында массасы 860 г.; Б) күмістің 750 сынамасында массасы 800 г. Жауабы: А) 645 г.; Б) 700 г.
-
Кальцинирленген сода шыны өндіріснде қолданылады. Натрий оксидінің массалық үлесі 17% бар, 1 т. шыны алу үшін қанша масса кальцинирленген сода қажет. Жауабы: 291 кг.
-
Натрий гидроксидінің көміртегі (ІV) оксидімен реакциясы практикалық маңыздылығы бар: 2Na2О2+2СО2=2Na2 СО3+ О2↑. Бұл реакция изомерленген орындарда ауаны регенерациялау үшін натрий гидроксидін (К2О4 пен) қолдануға негізделген. 2,5% қоспасы бар (қ.ж.) массасы 320 г. натрий пероксидімен қанша көлем көміртегі (ІV) оксиді реакцияға түседі? Мұнда қанша көлем оттегі бөлінеді? Жауабы: 89,6 л СО2; 44,8 л. О2
-
Кальций гидроксидінің массалық үлесі 86 % болса, массасы 60 кг.сөндірілген әктас өндіруге кальций карбонатының массалық үлесі 95% болса, қанша масса әктас жұмсалады? Жауабы: 73,4 кг.
Өздік жұмыс
Тапсырма: Қандай заттар өзара реакцияға түседі , егер берілген болса:
Ін.
-
Калий, күкірт қышқылы, темір (ІІІ) оксиді, фосфор (V) оксиді , натрий гидроксиді, мыс (ІІ) хлориді.
ІІ н.
1.Темір, тұз қышқылы, литий оксиді, күкірт (IV) оксиді, барий гидроксиді, қүміс нитратыТиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.Түзілген заттарды және реакция типтерін атандар
І н.
-
Натрий гидроксидінің массалық үлесі 2% , көлемі 10 мл (тығыздығы 1,021г/см3 ) ерітіндісін бейтараптауға тұз қышқылының массалық үлесі 2% (тығыздығы 1,008г/см3 ) ерітіндісінің қанша көлемі қажет екенін табыңдар. Ж. 9 мл
ІІ н.
2. Көлемі 20 мл массалық үлесі 2 % , тығыздығы 1,02 г/мл натрий гидроксидінің ерітіндісін бейтараптауға күкірт қышқылының массалық үлесі 1 % , тығыздығы 1,01 г/мл ерітіндісінің қандай көлемі қажет болатынын есептендер
Ж: 50 мл
І н .
-
Бір элементітің оксидінің формуласы ЭО2, ондағы оттектің массалық үлесі 53,3% . Элементті табыңдар.
ІІн
-
Бір элемент оттектің массалық үлесі 30,5% болатын оксид түзеді. Элементтің тотығу дәрежесі +4. Осы элементтің салыстырмалы атомдық массасын анықтап атын атандар
Ін.
-
Алюминий , оттек және сутек атомдары массалық қатынастары 9 : 16 : 1 болатын қосылыстың қарапайым формуласын табыңдар
ІІн.
4.Табиғи маржанның құрамында кальций , көміртек , оттек массалық қатынастары 10 : 3 : 12 –ге тең болады. . Маржанның формуласын табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |