Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет51/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

4-слайд. 1. Анам және әкем қосымша жұмыс істейді немесе бірнеше жұмыс істейді. 2. Кешкі уақыт және демалыс күндері үй шаруасымен өтеді. 3. Балалар тікелей тірі қарым-қатынастың орнына әлеуметтік желіде уақыт өткізеді немесе компьютерлік ойындар ойнайды. 4. Балалар достарымен араласады. 5. Балалар үй тапсырмасын көп орындайды. 6. Ата-аналар әлі жұмыста болғанда балалар мектепте, немесе балалар мен ата-аналар бос уақыттарын өздерінің қызығушылықтарына арнайды, әртүрлі клубтарға, үйірмелерге, секцияларға және т.б. тарап кетеді. 7. Ата-анасымен араласқысы келмейтін жастағы балалар (отбасының 17%-да). 2000 отбасынан балалардың ата-әжесімен қаншалықты жиі араласатыны сұралды.
Орта есеппен жылына 6 рет болатыны анықталды.
Сұрақ:
- Отбасында баламен қарым-қатынас өте аз болса, оны тәрбиелеуде жетістікке қалай жетуге болады? (Ата-аналардың жауаптары)
Қорытынды. Дұрыс! Жеке үлгі бойынша тәрбиелеуіміз керек. Дегенмен, мұны істеудің ең тиімді жолы қандай? Жауаптарын сабақ барысында табамыз.

2-4-слайдтар
Сабақтың басында мұғалім ата-аналармен амандасып, «Біз балаларымызбен қанша уақыт бірге боламыз?» сауалнамасын толтыруды ұсынады.
Сауалнамадағы сұрақтар:
1. Отбасы жұмыс күндері неше сағат бірге болады?
2. Отбасы демалыс күндері неше сағат бірге болады?
3. Жұмыс күндері бірге уақыт өткізу дегеніміз не?
4. Демалыс күндері бірге уақыт өткізу дегеніміз не?

Сауалнаманы толтырғаннан кейін нәтижелерді слайдта көрсетілген заманауи зерттеулердің деректерімен салыстыру ұсынылады.



15 мин.

Эксперимент
Оң қолыңыздың сұқ саусағын көтеріңіз. (Мұғалімнің өзі бас бармағын көтереді.) Ал енді одан да жоғары. Және сәл жоғары. Енді не істегеніңізді қараңыз. Көпшілігіңіз сұқ саусақты емес, менің ісімді қайталап бас бармақты көтердіңіздер. Балаларға қатысты да солай: олар, әдетте, біздің айтқанымызды емес, біздің істегенімізді жасайды, яғни т.б. әрекеттерімізді қайтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет