Тілектер, пайдалы ұсынымдар:
Ата-ана болу-өнер. Есіңізде болсын, мінсіз ата-ана жоқ. Көмек сұрауға және жетіспейтін ақпаратты іздеуге қымсынбаңыз.
Жағдайды салқындықпен бағалау және салмақты шешім қабылдау үшін дер кезінде тоқтап, тынышталуды үйреніңіз (тәсілдерді меңгеріңіз).
Көңіл-күйіңіз болмаса, қағаз алып, балаңыз сізді таң қалдырған нәрселердің тізімін жасаңыз.
|
|
5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған
2 - сабақ
Ақыл айтпа, жол көрсет. Оқытудың жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді
Мойынсұнбау - баланың оған деген қарым-қатынастың дұрыс болмауына қарсы тұруы
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
1. Бейімделу кезеңінде балаларда физиологиялық және эмоционалдық өзгерістер болатынын түсіндіру.
2. Ата-аналарды баланың негізгі мектепте оқуға бейімделуінің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
3. Оқушыға психологиялық қолайлы жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Ынтымақтастық, ата-ананың міндеті, құрмет, эмоционалды интеллект, әлеуметтік интеллект, өзін-өзі басқару, шығармашылық.
Жауапкершілік, шығармашылық, жауаптылық, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу.
Күтілетін нәтижелер:
Ата-аналар баланы және оның мінез-құлқындағы өзгеріс себептерін жақсы түсінеді, баламен тиімді қарым-қатынас әдістерін қолдануға машықтанады, туындаған мәселелерді шешудің жаңа жолдарын көре алады.
Ата-аналар балалардың оңай және тез әлеуметтік, психологиялық бейімделуіне көмектеседі.
Жоспар
I. Кіріспе. Бейімделу. Бейімделу кезеңдері мен түрлері
II. Негізгі бөлім.
1. Кейсті талдау
2. «Мен балаға қалай көмектесе аламын» тренингі. https://www.youtube.com/watch?v=qwttde8SK4Y&ab_channel=SON%C4%9EYPARTA
Балалардың бейімделуіне көмектесу туралы қысқаша ақпарат https://www.youtube.com/watch?v=OOGmpn7Vo3I&ab_channel=SON%C4%9EYPARTA
«Балалардың бейімделуіне көмек» чек-парақтары
III. Қорытынды. Қорытындылау, тілектер.
Сабақтың ұзақтығы - 60 мин.
10 мин.
|
Құрметті ата-аналар! Биыл отбасыңызда елеулі оқиға: балаңыз бесінші сыныпқа барды. Бесінші сыныпта оқушы жаңа оқыту жүйесіне көшті. Жаңа сынып жетекшісі, жаңа пән мұғалімдері және түрлі пән кабинеттері пайда болды.
Балаңыздың бесінші сыныпқа барғанына міне, бір ай өтті. Осы уақыт аралығында Сізде бірнеше сұрақ пайда болуы мүмкін:
Балаңыз бесінші сыныпқа барғанда Сізде туындаған қиындықтар.
Балаңыздың мектептегі қиындықтары.
Баланың бейімделуіне қалай көмектесе аламын.
|
Достарыңызбен бөлісу: |