1.1Іс қағаздарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушысының іс қағаздарын жүргізудің тәртібін анықтайды.
Заңның 8-бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздарын жүргізу тілі сот шешімінің немесе орындауға жататын өзге де құжаттың тілін ескере отырып белгіленеді.
Атқарушылық іс-қимылдар жасаған кезде атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар, егер олар атқарушылық іс жүргізілетін тілді білмейтін болса, өзінің бастамасымен немесе сот орындаушысының ұсынысы бойынша аудармашыны тарта алады. Іс қағаздарын және мұрағатты ұйымдастыру мен дұрыс жүргізу жеке сот орындаушысына жүктеледі. Жеке сот орындаушысының лицензиясының қызмет етуі тоқтатылған кезде жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жеке сот орындаушысының мұрағатын, ағымдағы шоттағы қаражаттарын басқа жеке сот орындаушысына беру, сондай-ақ сот орындаушысының лицензиясын алып, уәкілетті органға беру және жеке сот орындаушысының жеке мөрін жою шарасын қабылдайды.Жеке сот орындаушыларынан басталатын ұйымдық-өкімдік сипатындағы құжаттарда жеке тәжірибемен айналысатын жеке сот орындаушысының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайын және жеке сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметі жүзеге асырылатын жеке сот орындаушысы қызметінің аумағын көрсету керек.Құжаттың тақырыбы (хаттама, қаулы, акт, ұсыныс, сұрау салу) бас әріптермен жазылады, қысқа болуы және құжаттың мазмұнын дәл көрсетуі тиіс. Тақырыпқа құжат түрінің атауы жазба әріптермен жазылады.Құжатта мекенжай жазған кезде мынадай деректемелерді сақталады:құжат ұйымға (ұйымдарға), оның құрылымдық бөлімшесіне немесе нақты тұлғаға арналады;корреспонденттің пошталық мекенжайы құжат жіберіліп отырған ұйымның (ұйымдардың) атауынан кейін толық көрсетіледі. Құжат азаматтарға жіберілген жағдайда алдымен пошталық мекенжайы, содан кейін алушының тегі мен аты-жөні көрсетіледі. Құжаттардың мерзімі екі тәсілмен жүргізіледі жылын, күнін, айын жазу арқылы, мысалы: 2008 жылғы 15 қыркүйек; араб цифрларының үш жұбымен, мысалы: 15.09.08 ж.
Егер құжат бланкіге шығарылмаса, күні қолдан кейін құжаттың сол жақ астына қойылады. Түскен құжаттарды қабылдау кезінде, бәрінен бұрын, мақсаты бойынша жеткізілмеген құжаттар іріктеп алынады, сондай-ақ салынудың тұтастығы тексеріледі. Қате жеткізілген құжаттар тиесілілігі бойынша қайта жіберіледі.Егер құжаттардың немесе олардың қосымшаларының жоқтығы анықталса, жөнелтушіге (жазбаша, немесе ауызша түрде) хабар беріледі. Нарядтарды қалыптастыру кезінде келесі талаптарды сақталады:нарядтарға орындалған, бекітілген іс номенклатурасына сәйкес дұрыс ресімделген құжаттарды орналастыру;бір мәселені шешуге жататын барлық құжаттарды бірге орналастыру;өтпелі істерді қоспағанда, бір жылдың құжаттарын нарядтарға топтастыру;тұрақты және уақытша сақтаудағы құжаттарды нарядтарға бөлек қалыптастыру;қайтаруға жататын құжаттар, оларға жатпайтын артық даналар, шимайпарақтар нарядтарға тігілмейді;нарядтағы парақтар саны екі жүз елуден аспауы тиіс. Сақталу мерзіміне байланысты істердің толық және жартылай ресімделуі жүргізіледі. Толық ресімдеуге тұрақты, уақытша сақталудың (10 жылдан артық) істері жатады. Істің толық ресімделуі істің мұқабасындағы деректемелердің ресімделуін, істегі парақтардың нөмірленуін, істің парақ-бекітуін құруды, қажетті жағдайларда істің ішкі құжаттар тізімдемесін жасауды көздейді. Нарядтардың мұқабалары ресімделеді:
Тұрақты және уақытша сақталатын нарядтар қатты мұқабада жасалып, төрт рет тесілген мықты жіппен тігіледі, мұқабалардағы жазулар сиямен жазылады, соңында бөлек парақта бекітілген қол қойылады, мысалы "тапсырмада 250 (екі жүз елу бет) парақта бау тағылған және нөмірленген. Мұрағат үшін жауапты – қолы, күні" деген нысан бойынша куәландырушы жазба жасалады;уақытша (он жылға дейін қоса алғанда) сақталатын нарядтар ішінара ресімдеуге жатады – құжат тігілетін папкада сақтауға болады, парақтар нөмірленбейді, куәландырушы жазбалар жасалмайды.
Жеке сот орындаушының іс жүргізуінде аяқталған құндылық сараптамасынан өткен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына сәйкес қалыптастырылған және ресімделген. тұрақты және уақытша сақталатын нарядтарға, жеке құрам бойынша нарядтарға тізімдеме жасалады. Нарядтар тізімдемесі – нарядтардың құрамы мен мазмұнын ашатын нарядтар тақырыптарының жүйелендірілген тізбесі.Нарядтар тізімдемесі екі данада жасалады, оның біреуі істермен бірге мемлекеттік мұрағатқа жіберіледі, екіншісі бақылау ретінде жеке сот орындаушысында қалады.Жоюға іріктеп алынған құжаттарға акті екі данада жасалады, ол нарядтар тізімдемелерімен бір уақытта қаралады және жеке сот орындаушысы бекітеді, содан кейін жоюға бөлінген нарядтар, жойылады. Жеке сот орындаушысының өзінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), сондай-ақ жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, атқарушы округінің атаулары, лицензияның нөмірі көрсетілген жеке мөрі (бұдан әрі – мөр) болады.
Мөр дайындалудың жоғары сапасымен, қолдан жасаудан қорғалуымен, мемлекеттік тілде жазылып, ұзақ мерзімділігімен және бояғыштарға төзімділігімен сипатталады. Сондай-ақ, жеке сот орындаушысында мөртабан мен жеке бланкілері болады.
Лицензиясының қызметі тоқтатылған не Жеке сот орындаушысының республикалық палатасының мүшелігінен шығарған жағдайда аумақтық орган және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы жеке сот орындаушысының мөрін алып қою және комиссия арқылы мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік бермейтіндей етіп, деформациялау жолымен жою жөнінде шаралар қабылдайды, бұл туралы тиісті акт жасалады. Нарядтарды қалыптастыру кезінде келесі талаптарды сақталады:
нарядтарға орындалған, бекітілген іс номенклатурасына сәйкес дұрыс ресімделген құжаттарды орналастыру;бір мәселені шешуге жататын барлық құжаттарды бірге орналастыру;өтпелі істерді қоспағанда, бір жылдың құжаттарын нарядтарға топтастыру;тұрақты және уақытша сақтаудағы құжаттарды нарядтарға бөлек қалыптастыру;қайтаруға жататын құжаттар, оларға жатпайтын артық даналар, шимайпарақтар нарядтарға тігілмейді;нарядтағы парақтар саны екі жүз елуден аспауы тиіс.
1.2Адамның өзге адамға білдіретін қалауы, көмек сұрауы;Мемлекеттік органның, ұйымның, лауазымды тұлғаның немесе азаматтың бір мәселені шешуді өкілетті органнан не тұлғадан ресми түрде сұрауы немесе ол жөнінде ұсынысы. Қылмыстық, азаматтық не әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысушылар іс жүргізуші мемлекеттік органға (анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот) өтініш беруге құқылы. Өтініш жасау – процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі болып табылады. Сондықтан іс жүргізуші орган процеске қатысушыларға өтініш жасау құқығын түсіндіруге және өтінішті сол сәтте қарап, шешуге міндетті. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау жөніндегі өтініш орындалуға тиісті. Өтініш орындалмаған жағдайда өтініш беруші жоғары тұрған органға шағымдана алады. Өтініш дегеніміз – азаматтардың жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, ресми түрде жаз- баша баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды тұлғаға бағытталған ресми құжат.
Өтініш құжат ретінде кеңсе бөлімінің (канцелярия) арнайы журналы- на тіркеліп, нөмірленгеннен кейін ғана ресми құжат болып есептелінеді. Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш негізінде бұйрық шығарылады. Өтініш мекеме басшысына келіп түскеннен кейін, өтінішке лауазымды тұлға «бұрыштама» қояды. Мыса-
лы: «Қарсы емеспін», «Келісемін», «Бекітілсін» т.б.
Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті еңбек демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс) мерзімі көрсетілуі тиіс.
Өтініш, негізінен, мынандай жағдайларда жазылады:
оқуға түскен кезінде;
басқа оқу орнына ауысқанда;
бір факультеттен басқа факультетке ауысқанда;
жатақханадан орын сұрағанда;
жұмысқа қабылдау кезінде;
басқа жұмысқа ауысқанда;
жұмыстан босату кезінде;
кезекті демалыс сұрау кезінде;
кезектен тыс демалыс сұрағанда;
материалдық көмек сұрағанда;
денсаулығына байланысты академиялық демалыс алғанда т.б.
Өтініштің жазылу тәртібі:
Өтініш А-4 қағазының оң жақ шетіне, бір бағанның бойына кімге жазылғаны, одан кейін бір жол тасталып, кімнің жазғаны және қағаздың ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады. Одан кейін тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен мәтін басталады.
Құрылымы:
1.Кімге жазылғаны (мекеменің толық атауы, лауазымы, аты-жөні, дәрежесі / атағы).
2.Кімнің жазғаны: (мекенжайы, қызметі, лауазымы, аты-жөні).
3.Құжат атауы (өтініш).
4.Негізгі мәтін.
5.Жазылған мерзімі.
6.Өтініш иесінің қолы.
Демалыс алу туралы өтініш арнайы бланкіге толтырылады; мерзімі туралы ақпарат қолмен жазылады. Өтініштің бұл түрінде беттің артқы жағында демалысқа бөлінген айлықтың есебі жазылады.
Қызметтен босату туралы өтініш деректемелердің құрамы мен тол- тырылуы жағынан басқа жұмысқа ауысу туралы өтінішке ұқсас.
Оқу демалысын алу туралы өтініш және жүкті болуына немесе босануына байланысты т.б. өтініш түрлерінің мәтінінде соны растай- тын құжаттардың (оқу орнынан анықтама, ауырғаны туралы анықтама қағазы және т.б.) бар екендігі көрсетіледі. Бұл құжаттар өтінішке қоса тіркеледі.
Кезекті еңбек демалысын алу мәселесі, не бекітілген демалыс кестесі арқылы, не жеке өтініш бойынша шешіледі.
Өтініштердің түрлері сан алуан. Мазмұны бойынша әр қилы болғанымен, мақсаты бойынша бір. Жұмысқа алу, жұмыстан босату, кезекті еңбек демалысы, оқуға байланысты демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс, декреттік демалыс секілді демалыстарға байланысты, жеке және отбасылық жағдайларға байланысты жұмыстан сұрану жайлы өтініш жазуға болады.
Өтініш А4 форматты таза қағазға өтініш сұраған адамның өз қолымен жазылуы тиіс. Қағаздың жоғарғы оң жақ бұрышына “шапочка” немесе мекеменің атауы және мекеме бастығы (өтініш кімнен сұралса, сол тұлғаның аты жөні, лауазымы, кей уақыттары дәрежесі (доктор, кандидат т.с.с) атына жазылады. Өтініш кімнен (аты жөні және лауазымы) екені жайлы жазып кету керек.
Төменде кезекті еңбек демалы туралы өтініштің бланкісі келтірілген.
“АЛМА” ЖШС директоры
Қадамов Серік Уәлиұлына
бас бухгалтер Н.Б. Тамыровадан
Достарыңызбен бөлісу: |