Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы шешімі 2013 жыл 12 наурыз №10/110



Дата24.02.2016
өлшемі26.24 Kb.
#12289

Жоба

Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы




ШЕШІМІ

2013 жыл 12 наурыз №10/110



Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы

20 желтоқсандағы № 8/89

«2013-2015 жылдарға арналған

қалалық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер мен толықтыру енгізу

туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 106 бабы 2 тармағының 4), 5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және «Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №7/77 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/116 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2224 болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:



  1. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8/89 «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 29 желтоқсанда № 2186 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 қаңтардағы № 1-2 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

2013-2015 жылдарға арналған қаланың бюджеті 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2013 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

  1. кірістер – 14 195 045,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 8 236 795,8 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 477 707 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 629 074 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 4 851 469 мың теңге;



  1. шығындар – 14 884 310,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 6 147 500 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 6 147 500 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 6 836 764,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 6 836 764,8 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 6 147 500 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 689 264,8 мың теңге.

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 тармақтағы:

2 абзацтағы «13,8» саны «12,0» санымен ауыстырылсын;

3 абзацтағы «14,6» саны «13,0» санымен ауыстырылсын.

4 тармақта келесі мазмұндағы 14 абзацпен толықтырылсын: «18 264 мың теңге - арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге».

6 тармақтағы «2 610 000» саны «6 147 500» санымен ауыстырылсын.

2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы Мәслихаттың хатшысы

М. Сауғабаев М. Молдағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

______________А. Ким



2013 жыл « 12 » наурыз
Маңғыстау облысының әділет департаментінде 28 наурыз 2013 жылы №2232 болып тіркелген.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет