Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы шешімі 2015 жылғы 28 қазан №34/318



Дата26.02.2016
өлшемі37.29 Kb.
#26600

Жоба

Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы




ШЕШІМІ

2015 жылғы 28 қазан №34/318



Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы

23 желтоқсандағы №26/249 «2015-2017

жылдарға арналған қалалық бюджет

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу

туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №21/304 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 23 қазандағы №28/422 Маңғыстау облыстық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2849 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №26/249 «2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2568 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қаңтардағы №5-6 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 

«1. 2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:



  1. кірістер – 24 084 087,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 14 295 130 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 180 662,3 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 4 406 090 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 5 202 205 мың теңге;



  1. шығындар – 21 656 862,6 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 7 568 307 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 7 568 307 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 36 985 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 36 985 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 5 178 067,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5 178 067,3 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 7 568 307 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 3 537 500 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 147 260,3 мың теңге.»;

2 тармақта:

бірінші, үшінші абзацтар келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

«төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 15,2 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 65,9 пайыз;»;

4 тармақта:

бірінші, он төртінші абзацтар келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

«257 869 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға;

3 884 мың теңге - агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін ұстауға.»;

4-1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 

«4-1. 2015 жылға арналған қалалық бюджетте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге 1 024 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.»;

6 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 

«6. 2015 жылға арналған қалалық бюджетте ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік саланың мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға 2 973 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер қарастырылғаны ескерілсін.»;

7-1 тармақта:

бірінші абзац келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 

«479 896 мың теңге - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға;».


2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д. Телегенова) Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, осы шешімнің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін (А. Бүркітбаев).

5. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан басталатын қатынастарға қатысты таралады.



Сессия төрайымы Қалалық мәслихат

хатшысы

Б. Түркпенбаева М. Молдағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________А. Ким



«___» қазан 2015 жыл



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет