Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы шешімі 2015 жылғы 2 сәуір №28/265



Дата25.02.2016
өлшемі47.84 Kb.
#18702

Жоба

Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы




ШЕШІМІ

2015 жылғы 2 сәуір №28/265




Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы

23 желтоқсандағы №26/249 «2015-2017

жылдарға арналған қалалық бюджет

туралы» шешіміне өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы №23/374 «Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №21/304 «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 30 наурыздағы №2649 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:



  1. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №26/249 «2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2568 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қаңтардағы №5-6 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 

«1. 2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:



  1. кірістер – 22 497 974 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 13 077 249 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 51 402 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 217 150 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 5 152 173 мың теңге;



  1. шығындар – 20 059 258,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 7 571 280 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 7 571 280 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 48 476 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 48 476 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 5 181 040,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5 181 040,3 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 7 571 280 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 3 537 500 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 147 260,3 мың теңге.».

2 тармақтағы:

үшінші абзацы алынып тасталсын;

екінші, төртінші абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:

«төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 17,6 пайыз;

әлеуметтік салық – 17,6 пайыз;».

4 тармақтағы:

алтыншы, сегізінші, оныншы, он жетінші абзацтары алынып тасталсын;

екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, он екінші, он бесінші, он алтыншы абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:

«223 186 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға;

215 180 мың теңге – үш деңгейлік жүйе бойынша біліктіліктен өткен мұғалімдердің еңбекақысын көтеруге;

6 564 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясындағы Жастар тәжірибесіне;

4 937 мың теңге – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде еңбекақыны ішінара субсидиялауға;

1 542 мың теңге - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кадрларды кәсіпке даярлауға;

10 081 мың теңге - Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде Жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге;

8 863 мың теңге – арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге;

17 534 мың теңге - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге;

428 381 мың теңге – мемлекеттік мекемелердің мемлекттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындары жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемақы төлеуге;»;

келесі мазмұндағы он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

«2 220 мың теңге - азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің штат санын ұстауға;

3 815 мың теңге - агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін ұстауға.».

Көрсетілген шешімнің 5 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 

«5. 2015 жылға арналған қалалық бюджетте жергілікті инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен жалпы сомасы 2 504 510 мың теңге дамытуға арналған нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.».

6 тармақтағы үшінші абзацы алынып тасталсын.

Келесі мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:

«7-1. 2015 жылға арналған қалалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен қаражаттары келесі мөлшерде қарастырылғаны ескерілсін:

426 805 мың теңге - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға;

1 315 595 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту жайластыруға;

5 352 622 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салу және реконструкциялауға кредит беруге;

1 997 916 мың теңге – жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беруге.».

2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссиясына (С.Кутепов) жүктелсін.

5. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан басталатын қатынастарға қатысты таралады.



Сессия төрағасы,

қалалық мәслихат хатшысы МММ М. Молдағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы

______________З. Төлеш



«__» сәуір 2015 жыл



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет