ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№ ________ «__» ______ 2012 ж.
Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы
11 мамырдағы № 263 «Ақтау қаласының
аумағында арнайы бөлінген орындарда
жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін
сататын уақытша сауда алаңдарын
белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 263 «Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-180 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 маусымдағы № 103 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.Ш. Ержанов):
-
кәсіпкерлердің арасында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін жергілікті базарларға жеткізуді ұлғайтуға және қол жетімділікті кеңейтуге ықпал ететін қажетті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын;
-
«Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (С.Қ. Утеева) бірге, Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына (одан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкестендіруді қамтамасыз етсін;
-
«Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (А.К. Жүзбаева) бірге, Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарының көлемі және шекарасы Санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес белгіленсін;
-
«Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (Б.Г. Қасымов) бірге, Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарында және оған жалғанған аумақтарда тазалықты қамтамасыз етсін.
-
Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме жүктелсін.
-
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің
міндетін атқарушы Б. Ұлықбанов
Достарыңызбен бөлісу: |