Қатынас ыдыстар Оқу мақсаттары



Дата26.01.2024
өлшемі0.93 Mb.
#489935
Қатынас ыдыстар презентация


Қатынас ыдыстар
Оқу мақсаттары:
  • Қатынас ыдыстардың не екенін білу;
  • Қатынас ыдыстарға құйылған бір түрлі сұйықтың деңгейі не үшін бірдей болатынын түсіну;
  • Қатынас ыдыстарға құйылған әртүрлі сұйықтың деңгейі не үшін әртүрлі болатынын түсіну;
  • Су құбырының жұмыс істеу принципін түсіну.

Ол үшін кестеге назар аударайық

Заттың күйі

Негізгі қасиеттері

Молекулалар-дың ара қашықтығы

Суреті

Молекулалары қалай қозғалады

Газ

Неғұрлым үлкен көлем алуға тырысады, көлемін де, пішінін де сақтамайды, оңай сығылады

Молекуланың өз өлшемінен ондаған есе артық

Өзіне берілген көлем ішінде ретсіз, шапшаң қозғалады

Сұйық

Өзі құйылған ыдыстың пішінін алады, көлемін сақтайды, пішінін сақтамайды, аққыш

Молекуланың өз өлшеміндей

Орнықты күйінің маңайында секірмелі, тербеле қозғалады

Қатты

Көлемін де, пішінін де сақтайды

Молекулалары белгілі бір ретпен орналасады, ара қашықтығы молекуланың өз өлшемінен кем

Тепе-теңдік күйіне қатысты тербеле қозғалады

Сұйықтар мен газдар арқылы қысымның берілуі. Паскаль заңы.
Сұйық пен газдың қатты денелерден ерекшелігі олардың жеке қабаттарының және ұсақ бөлшектерінің бір-біріне қатысты барлық бағытта еркін орын ауыстыра алуында. Мысалы, стақандағы суды қозғалысқа келтіру үшін, сол судың бетін ептеп қана үрлеу керек. Баяу жел тұрса, өзеннің немесе көлдің бетінде толқын пайда болады.

Формалары әртүрлі ыдыстардағы бірдей деңгейдегі сұйықтықтардың ыдыс түбіне түсіретін қысымдары бірдей болады

Формалары әртүрлі ыдыстардағы бірдей деңгейдегі сұйықтықтардың ыдыс түбіне түсіретін қысымдары бірдей болады


Гидростатикалық ғажайып
Қатынас ыдыстар
Қатынас ыдыстар деп – өзара жалғасқан екі немесе одан көп ыдыстар жиынтығын айтамыз. Әртүрлі пішіндегі қатынас ыдыстар да болады. 
Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бір деңгейде болады.
Қатынас ыдыстардың қасиеттері

Сұйықтардың тепе-теңдік шарты: p1 = p2 = p3 = …= pn


Қатынас ыдыстардың қасиеттері

Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйықтықтардың бағандары биіктіктерінің қатынасы олардың тығыздықтарының қатынасына кері пропорционал болады:

Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйықтықтардың бағандары биіктіктерінің қатынасы олардың тығыздықтарының қатынасына кері пропорционал болады:


Қатынас ыдыстардың қасиеттері

Қатынас ыдыстардың қолданылуы


Гидрометриялық шыны
Шлюздер
Шәйнектер
Су мұнарасы
Су бұрқақ

Есептер шығару


1.Егер су бағанының биіктігі 8 см болса, керосин бағанының биіктігі неге тең? Судың тығыздығы 1000 кг/м3, керосиннің тығыздығы 800 кг/м3
2. Егер су бағанының биіктігі 10 см болса, ацетон бағанының биіктігі неге тең? Судың тығыздығы 1000 кг/м3, ацетон тығыздығы 790 кг/м3

Қорытынды:
  • Қысым белгілі бір бетке түсетін күш әрекеті;
  • Қысым түсетін күштің модуліне және күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің ауданына тәуелді;
  • Қатты денелерде қысым қатаң түрде күш әрекетінің бағытымен беріледі;
  • Сұйықтар мен газдарда қысым жан жаққа бірдей тарайды;
  • Сұйықтардағы қысым тек қана сұйық бағанының биіктігіне және оның тығыздығына тәуелді;
  • Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет