Атмосфера дегенiмiз


Атмосфера зерттеу әдiстерi



бет7/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

Атмосфера зерттеу әдiстерi. Тропосфераның ең төменгi, жер бетiне жақын орналасқан қабатына бақылау жасау үшiн жер жүзiнде орналасқан онмыңнан астам метеорологиялық станциялардың бақылаған өлшемдерi негiз болады.
Сонымен қатар, атмосфера құбылыстарына бақылау жасау үшiн пилот-шарлары, радиозонттар пайдаланады. Пилот-шарларды тек жоғарғы қабаттағы желдiң жылдамдығы мен бағытын анықтау үшiн жiбередi, ол радиозонттардың құрамында атмосфера қысымын, температурасын, ылғалдығын өлшейтiн приборлар және осы өлшемдердi жерге хабарлайтын радио хабарлағыш болады.
Атмосфераның жоғарғы қабаттарына бақылаулар жүргiзу үшiн метеорологиялық (100 км дейiн) геофизикалық (400 км дейiн) ракеталар пайдаланылады, одан жоғары атмосфера қабаттарына спутниктер арқылы бақылаулар жүргiзедi.
2. Атмосфера және топырақ ауасы, олардың құрамы
Атмосфера құрамына кiретiн әр түрлi газдардың қоспасын ауа деймiз. Оның iшiндегi ең негiзгiлерi азот (N2), оттегi (О2), аргон (Аr), көмiрқышқыл газы (СО2) және су буы (Н2О). Қалған газдар өте аз мөлшерде кездеседi
Атмосфераның құрылымына тұрақты - әр уақытта болатын және тұрақсыз (кей мезгiлде болады, кейде болмайды) элементтер бар.
Тұрақты кездесетiн элементтерге мыналар жатады:
1. Азот – 78%;
2. Оттегi – 21%;
3. Аргон – 0,93%;
4. Неон, гелий, озон, сутегi және басқа газдардың үлесiне 0,002%.
Атмосферада тұрақсыз болатын элементтере көмiрқышқыл газы (СО2) – 0,03% және сулар булары – 0,02% дан 4% дейiн.
Төменде, осы атмосфера құрамында кездесетiн негiзгi элементтерге (газдарға) қысқаша сипаттамасын беремiз.


Азот өсiмдiк өмiрiнде зор мiндет атқарады, ол протоплазма құру үшiн өте қажет. Дегенмен өсiмдiктер азотты тiкелей сiңiре алмайтынын бiлемiз, тек бұршақ тұқымдас өсiмдiктер түйнектi бактериялардың көмегiмен ауадағы бiраз азотты органикалық түрiне дейiн жеткiзе алады. Дүние жүзiнде азотты түйнек бактерияларының қатысуымен тек қана бұршақ тұқымдас өсiмдiктер емес, басқа тұқымдастардың да сiңiру қабiлетiн iске асыру бағытындағы жұмыстар жатқаны мәлiм.
Химиялық инерттi газдар өсiмдiк өсуiне әсер етпейдi. Тек қана озонның биологиялық маңызын айтуға болады. Атмосфераның жоғары қабаттарындаоның мөлшерi 0,3 дейiн өседi де күннен түсетiн ультракүлгiнтүстi сәуленi өзiне сiңiрiп, жер бетiне жетуiн азайтады, бұл пайдалы құбылыс екенi белгiлi.
Аталған газдардан басқа ауада су булары болады, олардың өсiмдiк өмiрiнде маңызы үлкен. Атмосферадағы бұлттардың, жауын-шашынның негiзгi көзi болып табылады.

Оттегi атмосфераға фотосинтез үрдiсi арқылы бөлiнедi. Ол дем алу үшiн, топырақта органикалық заттардың шiруi және тағы басқа тiршiлiктерде қажет.
Топырақ ауасын құрайтын төрт газдың үшеуiнiң маңызы өте зор. Оттегi топырақта өсiмдiк тамырының, микрооргонизмдердiң дем алуына және химиялық процестердiң жүруiне бiрден-бiр керектi элемент. Оттегi жетiспегенде топырақты қалпына келтiру процестерiн күшейтiп, өсiмдiкке зиянды тотыққан қоспалар көбейедi мысалы, NH3H2S.
Топыраққа оттегi жетiспеген жағдайда өсiмдiктiң тамыры қысқа және жуан болады, тамыр түгi азаяды. Кейбiр зерттеушiлердiң айтуынша топырақтағы оттегiнiң концентрациясы 5-ға дейiн төмендегенде, өсiмдiк тамырының өсуi тоқтайды. Мұнымен қатар топырақтағы оттегiнiң мөлшерi азайғанда, өсiмдiктiң суды және қоректiк заттарды сiңiруi төмендеп, оның жер бетiндегi бөлiгiнiң өсуi де баяулайды. Аэрацияның азаюы өсiмдiктiң ауруын қоздыратын организмдердiң күшеюiне әкелiп соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет