Атмосфера ластану күйінің статистикалық сипаттамалары



бет1/5
Дата10.03.2023
өлшемі93.59 Kb.
#470617
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5
лек4 (2)


Қоршаған орта күйі және ластануы туралы мәліметтерді автоматты түрде өңдеу ерекшеліктері. Атмосфераның ластануын бақылау әдістері мен құралдары. Атмосфера ластану күйінің статистикалық сипаттамалары

Адамзат əрекетінің əсер етуі астында биосфера күйінің өзгерісін анықтау үшін бақылау жүйесі қажет. Мұндай жүйені қазіргі уақытта мониторинг деп атау қабылданған. Мониторингтің құрамына қызметтің келесі негізгі бағыттары кіреді:


Қоршаған табиғи ортаға əсер ететін факторларға жəне оның күйіне бақылау жасау;
Табиғи ортаның нақты күйін бағалау;
Табиғи орта күйінің дамуын болжау жəне осы дамуды бағалау. Сонымен, мониторинг - табиғи орта күйін болжау мен бағалаудың, бақылаудың жүйесі, бұл жүйе қоршаған орта сапасын басқармайды, бірақ қоршаған ортаны қорғаудың инженерлік əдістерін жасау мен осындай басқаруға қажетті мəліметтерді даярлайды. Мониторинг тек жеке аудандарды ғана емес, сонымен қатар бүкіл жер шарын да қамтиды (глобальды мониторинг). Нəтижелі баға мен болжамды қамтамасыз ету үшін, мониторингтің құрамында ластану көздеріне, табиғи ортаның ластануына жəне осы ластану əсерлеріне жасалатын бақылаулар болу керек. Бүгінде антропогендік өзгерістер мониторингі жүйесінің құрылымын анықтау үшін оны бірнеше блоктарға 2 бөлу арқылы дұрыс қадам жасалып отыр, яғни: «бақылаулар», «нақты күйін бағалау», «күйді болжау», «болжанатын күйді бағалау» блоктары (əлі күнге дейін қолданылатын геофизикалық қызметтері осындай сызба бойынша жасалған). «Бақылаулар» жəне «Күйді болжау» блоктары бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені қоршаған орта күйін болжау оның қазіргі кездегі күйі туралы ақпарат қолда бар кезде ғана мүмкін болады (тікелей байланыс). Болжам жасау, бір жағынан, табиғи орта күйінің өзгеру заңдылықтарын білуді, осы күйді сандық есептеу мүмкіндіктері мен сызбасының болуын меңзейді, екінші жағынан болжамның бағыты айтарлықтай шамада бақылау торабының құрамы мен құрылымын анықтау қажет (кері байланыс). Бақылау немесе болжам нəтижесінде алынған, табиғи орта күйін сипаттайтын мəліметтер адамзат əрекетінің қай саласында қолданылуына байланысты бағалануы керек (арнайы таңдалған немесе жасалған критерийлер көмегімен). Бағалау, бір жағынан, əсер етулерден болған шығынды анықтаса, келесі жағынан – адам əрекеті үшін оптималды жағдайларды таңдау, іс жүзіндегі экологиялық резервтерді анықтауды көрсетеді. Осы тектес бағалауларда қоршаған табиғи ортаға түсетін шекті жүктелімнің мүмкін болтын мəндері есептеледі. Табиғи ортаның күйі туралы жəне оның өзгеру тенденциясы туралы мəліметтер табиғатты қорғау шараларын жасауда негіз болады жəне экономиканы дамытуды жоспарлағанда ескеріледі.
Суретте мониторингтің қоршаған табиғи орта күйін басқару жүйесіндей орны көрсетілген. Сызбада энергетикалық жəне ақпараттық ағындар шартты түрде қосылған.

1 сурет. Мониторингтің қоршаған орта күйін басқару жүйесіндегі орны.
Биосфера элементі Б күйінің деңгейімен бірге (А) күйінің əсеріне ұшырай отырып, өзінің күйін ауыстырады (Б→ Б'). Мониторинг жүйесінің көмегімен (М) осы өзгерістің «фотографиясы» шығады, ал бастапқы күй мүмкіндіктері бойынша мəліметтердің жалпылануы, қазіргі кездегі жəне болжанатын күйдің бағасы мен талдауы жүзеге асырылады. Осы ақпарат негізінде ғылыми-техникалық қадамдар (Н) мен экономикалық мүмкіндіктер (Э) деңгейіне байланысты, экологиялық-экономикалық бағалауларды ескере отырып, антропогендік əсер етулердің тоқтауы немесе шектелуі бойынша, биосфера элементінің ары қарай «емделуі» немесе профилактикалық беріктігі бойынша шаралар қолданылады. Сонымен қатар, жоғарыда аталған қадамдардың комбинациясы да мүмкін болады.
Атмосфера – биосфераның құрама бөлігі жəне жермен бірге айналатын оның газ тəрізді қабығы. Бұл қабық қатпарлы, əрбір қабаттың атауы жəне өзіне тəн физика-химиялық ерекшеліктері бар. Шартты түрде атмосфераны екі үлкен құрама бөліктерге бөлу қабылданған: жоғарғы жəне төменгі. Бізді қызықтыратын тропосфера – атмосфераның төменгі бөлігі, өйткені осында атмосфералық ауаның ластануына əсер ететін негізгі метеорологиялық құбылыстар жүріп жатады. Тропосферада космостық жəне антропогендік шаңның, су буының, оттегінің жəне инертті газдардың көп бөлігі бар. Ол өзінен өтетін қысқа толқынды күн радиациясы үшін мөлдір болып табылады. Сонымен бірге, мұндағы су буы, көмірқышқыл жəне озон (қысқа толқынды сəулеленулер) біздің планетамыздың жылулық (ұзын толқынды) сəулеленуін қатты жұтады, осының нəтижесінде тропосфера жылынады. Бұл жылыну ауа ағындарының вертикальды таралуының, су буының конденсациясының, бұлттардың пайда болуы мен жауын-шашын түсуінің бірден-бір себебі болып табылады. Тропосферада температура əрбір 100 м биіктікте (0,5–0,6) °С-ға төмендейтіні анықталған. Температураның атмосфераның жерге жақын қабатында таралуы климат пен оның
сипаттамаларының қалыптасуының маңызды себебі болып табылады.

Келтірілген кестеге сəйкес, табиғи көздер зиянды заттарды көбірек бөліп шығарады, солай бола тұрса да, ең қауіптісі – антропогендік бөліп шығару. Бұл антропогендік текті зиянды заттар адамның өмір сүру аймағында жиналуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, табиғат жағдайларында бұрын болмаған спецификалық зиянды заттар қазіргі уақытта атмосфера ауасының құрама бөлігі, оның микроэлементтері болып отыр. Ластаушы заттар əртүрлі ортаға мысалы, атмосфераға, суға, топыраққа түсуі мүмкін. Атмосфераға түскен ластаушы заттар су мен топырақтың аймақтық қана емес, əлемдік масштабта ластануының негізгі көздері болып табылады. Атмосфера ауасын ластаушы өнеркəсіп көздері бөліп шығару жəне қалдық көздері (тастаушы көздер) болып екіге бөлінеді. Бөліп шығару көздеріне технологиялық құрылғылар (құрылғы аппараттары жəне т.б.) жатады, бұларды пайдалану кезінде қоспалар бөлініп шығады. Екіншісіне құбырлар, вентиляциялық шахталар, аэрациялық фонарлар мен басқа да құралдар жатады, осылар арқылы қоспа атмосфераға түседі. Атмосфера ауасын өндірістік ластаудың негізгі көздеріне энергетика, мұнай өңдеуші өнеркəсіптері, тыңайтқыш өндіру орындары жатады.
Атмосфера ауасындағы заттар адам ағзасына біріншіден, дем алу жолдары арқылы түседі. Бронхы мен трахея арқылы түскен лас ауа өкпеге таралып, мұнан кейін қан мен лимфаға тарайды. Біздің елімізде атмосфералық ауадағы қоспа құрамының шектік деңгейін гигиеналық регламентациялау жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Гигиеналық нормативтер негізінде лабораториялық жануарларға көп жоспарлы кешенді зерттеулер жасалған, ал ластаушы заттар əсеріне ағзаның факторлық реакцияларын бағалау үшін еріктілерге зерттеу жүргізіледі. Мұндай зерттеулер кезінде биология мен медицинада ойлап табылған ең бір жаңа əдістер қолданылады. Қазіргі уақытта 500-ден аса заттың атмосфера ауасындағы шекті мүмкіндік концентрациясы анықталған.
Шекті мүмкіндік концентрациясы (ШМК) – атмосфера ауасындағы қоспаның белгілі бір уақытта орташаланған максималды концентрациясы, бұл – белгілі бір кезеңде немесе адамның бүкіл өмірінде оған жəне қоршаған ортаға зиянды əсерін тигізбейтін концентрация. Гигиеналық нормативтер адам өміріне қажетті физиологиялық оптималды қамтамасыз ету керек жəне осыған байланысты атмосфера ауасына біздің елімізде жоғары талаптар қойылады. Иісінен байқалмайтын зиянды заттар қысқа уақыт аралығында адамның бас миында жəне көру анализаторында функционалды өзгерістер туғызатынына байланысты шекті мүмкіндік концентрациясының (ШМКмб) максималды біртекті мəндері енгізілген. Зиянды заттардың адам ағзасына ұзақ уақыт бойы əсер ету ықтималдығын ескере отырып, шекті мүмкіндік концентрациясының орташа тəуліктік мəндері енгізілді (ШМКор). Осылайша, əрбір зат үшін екі норматив қабылданған: адамда болатын рефлекторлы реакцияларды ескерту мақсатындағы максималды бір ғана шекті мүмкіндік концентрациясы (20-30 минут ішінде орташаланған) жəне шексіз ұзақ демалу кезінде жалпы токсикалық, мутагенді, канцерогенді жəне басқа да əсер етулерді ескерту мақсатында алынған орташа тəуліктік шекті мүмкіндік концентрация. Атмосферада көп кездесетін қоспалар үшін ШМКмб жəне ШМКор мəндері 3 – кестеде келтірілген. Кестенің оң жақтағы шеткі бағанында зат қауіптілігінің кластары келтірілген: 1 – аса қауіпті; 2 – қауіптілігі жоғары; 3 – орташа қауіпті; 4 – аз қауіпті. Бұл кластар заттардың уақыт бойынша концентрациясы өзгермеген кезде үздіксіз жұту жағдайлары үшін жасалған. Нақты жағдайларда қысқа уақыт ішінде адам жағдайын күрт нашарлатып жіберетін қоспа концентрацияларының едəуір көбеюі мүмкін. 2 кесте. Елді мекендердегі атмосфера ауасындағы шекті мүмкіндік
концентрациялары (ШМК)

Курорт орындарында, демалыс үйлері, шипажайлар мен 200 мыңнан астам тұрғыны бар қалалардың демалыс зоналарында атмосфераны ластайтын қоспалар концентрациясы 0,8 МШК-нан аспауы тиіс. Егер ауада бірігіп, қосынды əсер жасайтын заттар бір кезде болатын болса, онда олардың концентрацияларының ШМК – мен нормаланған қосындысы (С) 1-ден аспауы керек:

Қосынды əсерге ие зиянды заттарға химиялық құрылымы жəне адам ағзасына əсер ету сипаты ұқсас келетін заттар жатады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет