Ақтөбе қаласы, №36 қазақ орта мектебі Құрастырған: Бокаева Нургул Сайлауовна – бастауыш класс мұғалімі


Мейірхан: Ән «Отырардағы той». Сөзін жазған М. Шаханов Орындайтын, Алмағанбетова Меруерт. Қабыл алыңыздар. (Слайд-48-49-50)



бет3/3
Дата21.06.2016
өлшемі280 Kb.
#151910
1   2   3

Мейірхан: Ән «Отырардағы той». Сөзін жазған М. Шаханов

Орындайтын, Алмағанбетова Меруерт. Қабыл алыңыздар.


(Слайд-48-49-50)

Ақтоты: Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне жазылған Бекболат Тілеуханның «Жерім менің» әні. Орындайтындар Амандықов Ақерке және мектебіміздің биылғы негізгі мектебін бітіруші түлегі Бекбергенов Қайрат. Қабыл алыңыздар!
(Слайд-51)

Мейірхан: Ақын Жұмеен Нәжімеденов поэзиясы – ұлттық мақтанышымыз.

Ақтоты: Оның жазған өлеңдері өзгелерді қайталамайтын, өзгеше білімді, қиын, күрделі қайырымдардан тұратын, оқығанға – ойлануды қажет ететін, сыртқы әсері қызыл жылтырағы аздау, көрер көзге-көріксіздеу, естір құлаққа тосындау естілетін ерекше, бәлкім, бөтендеу құбылыс еді.

Мейірхан: Көзінің тірісінде Мұқағали Мақатаев тауып айтқандай, «Жұмекен – жұмбақ ақын» болып өтті дүниеден.

Ақтоты: Адам жыл маусымының қай кезінде дүниеге келсе, оның бақиға кетуі де сол мезгілмен тұспа – тұс болады деген сөз бар. Осы сөздің ақиқаттығына талай мәрте көзіміз жеткен.

Мейірхан: Жұмекен Сабырденұлы 1935 жылы қараша айының 28-ші жұлдызында туып, 1983 жылы қараша айының 22-ші жұлдызында 48 жасында жарық дүнимемен қоштасыпты. Кейде тағдыр шіркіннің осылай жаттанды арифметикасынан жаңылмайтын кездері бар...
(Слайд-52)

Төлеген: Шәмші Қалдаяқов Творчество адамы тәрізді менде де жалғыз – ақ арман бар дейді: «Арыс өзінен жағалап жүру үшн туған жеріме тартып кетсем де, Ақмаңдайлымды қайығыма отырғызып, ақ ерке Жайықта сайрандасам да, Жезқазған мен Арқалықты аралап, Бурабайға барып қона жатсам да, қайдасың деп Сыр сұлуына сапар шексем де қасиетті халқымыздың алдындағы борышымызды ел күткен дәрежесінде өтей алсам жақсы болар еді деп, жатсам – тұрсам толғанамын. Өйткені, ойланатын жасқа, толғанатын жасқа келіппіз».
(Слайд-53)

Ақмерей: -«Мұхтар, ұсыныс хатыңды қуіаттап қол қойдым. Шәмші Қалдаяқов пен Әсет Бейсеуов екеуіне «Халық әртісі» атағын беру туралы менің жарлығым баспасөзде жарияланады, дейді Н.Ә.Назарбаев Мұхтар Шахановқа жолыққансәтінде. Бұл Мұхтар Шахановтың сұранысы еді.

Төлеген: Халық әртісі атағын Шәмші 2 ай 10 күн ғана иеленді. Ұлтымыздың ән мұратын шырқау биікке көтерген ұлы тұлға 1992 жылдың 29-ақпанында тіршілікпен мәңгілікке қоштасты.


(Слайд-54)

Ақмерей: Тұманбай Молдағалиев «Шәмшіге». Оқитын 8 класс оқушысы Рамазанова Мадина.
(Слайд-55)

Төлеген:

Сол күндер ғой – жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, айызым тамсанады.

Өкініш пе, білмеімін, қуаныш па,

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

Ақмерей:

Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма,

Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма.

Махаббатқа арнап бір ән шығарсын,

Шәміл-ау!

Шәмші қайда?



Төлеген:

Шәмшіге айт,

Тағы да бір таңдандарсын,

Жындандырсын жүректі, жандандырсын!

Мәңгі өлмес Махаббатым айта жүрер,

Мәңгілі өлмейтұғын ән қалдырсын!



Ақтоты:

Адам жылаптуады, жатады жұрт жұбактып,

Және жылап өтеді, өзгені де жылактып.

Жылайтыны туа сап,- жамандар бар қинайтын,

Жылайтыны өлгенде, - жақсылар бар қимайтын!

Мейірхан:

Қош, Шәмші! Көңіл айттық далаға біз,

Ардақтап сен жырлаған анаға біз.

Жастыққа, махаббатқа, сәбилерге, -

Алдымен қазақ деген – данаға біз.

Ақтоты:

Дүниеден жұмсақ қана, жұмбақ қана

Желдей боп өте шықтың, қай-ран-абыз,

Әлемде ән өлуі мүмкін емес, -

Өлмейді сен туралы қалған аңыз!
(Слайд-56)

Мейірхан: Сазгер, «Шәмші» журналының бас редакторы Қалдыбек Құрманәлінің әніне жазылған Ибраһим Исаевтың өлеңі «Жан аға немесе Шәмшімен сырласу» әні. Орындайтын мектебіміздің хор жетекшісі Досмағанбетова Кеңшілік Сейітқалиқызы. Қабыл алыңыздар!
(Слайд-57)

Ақтоты: Хор:«Бейбіт күн тілегі». Сөзін жазған Ж.Нәжімеденов. Әні Ш.Қалдаяқовтікі. Хор жетекшісі Досмағанбетова Кеңшілік Сейітқалиқызы.

(Сахнаға барлық қатысушылар шығады)
(Слайд-58)

Төлеген: Жұмекен Нәжімеденов Шәмші Қалдаяқовпен бірігіп атақты 1959 жылы атақты «Менің Қазақстаным» әнін шығарады. Әнді ең алғаш орындаған әнші апамыз – Жамал Омарова.

Ақмерей: «Бір күні Мәскеуден қонақ келіп қалды. Өзіміз Шымкентте болатынмын.Қонағымыз бар, Шәмші бар, басқа да жігіттер бар, барлығымыз тамағымызды алып, Қазығұрттың етегіне бардық деп еске алады, сазгердің досы, жазушы – Қалаубек Тұрсынқұлов. Сонда бір жігіт Шәмшіге «Қазығұрт туралы неге ән жазбайсыз?! деп жігіт те беріле қоймады. Сонда Шәмші тұрып «Бір гимнді жаздық қой, енді ондай ән тумайды» деп жауап берген еді».
(Слайд-59)

Төлеген: Шәмші сол кезден-ақ «Менің Қазақстаным» әнінің гимн болатынын сезген екен.

(Ш.Қалдаяқовтың әнұраны туралы записі қосылады).

Ақмерей: 2006 жылдың 10 қаңтар күні «Менің Қазақстаным» әні Н.Ә.Назарбаевтың түзетуімен Қазақстан Республикасының әнұраны болып бекітілді.

(Әнұран қосылады)

Төлеген:

Сүйіншіле, Қазақстан, бүгін қандай ғажап күн,

Терезем тең тектілермен, қатарымнан озатпын.

Бостандыққа жететінін, бодан болып жүріп-ақ

Сезген екен Шәмшісі мен Жұмекен қазақтың.

Ақтоты:

Бұл әуенді тебіреніп Әуезов те тыңдаған,

Сүйсінгенім жасырмаған Нұрғисадай нұрлы адам.

«Менің елім», - деген сайын Елбасымыз Нұрсұлтан

Әрбір сөзін жүрегінің үніменне шыңдаған.

Мейірхан:

Бүкіл әлем қарап отыр, айтпайды осал деп бізді;

Ынтымақ пен жақсылыққа жаңартайық ескі ізді.

Шаттан, халқым, құтты болсын ел қалаған Әнұран!

Шебер Алла адал елді ақиқатқа жеткізді.

Ақмерей: Аспанымыз ашық болсын!

Төлеген: Көгімізде қыранымыз мәңгі қалықтасын!

Ақтоты: Алтын күннің шуағы мейірімін төге берсін!

Бәрі бірге:Біздің Қазақстанымыз жасай берсін

Мейірхан: Осымен кешімізді аяқтаймыз.

Ақмерей: Көріскенше күн нұрлы болсын!


Әдебиеттер:

1.Оқуға жеңіл болғанда.С.Н.Лысенкова

2.Тіл табыса білу өнері. Е.Н.Ильин

3.«Бастауыш мектеп» журналы,2009жыл,2010 жыл

4.Қазақ тілі.2 класс.3 класс.4 класс.

5.Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану.

6.Таңдамалы.Жұмабаев М.Алматы.Ғылым.

7. «Сөз өнері» Қабдолов З.Алматы.

8.Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту.Қ.Ә.Қарабаева.

9. Дамыта оқыту технологиясы.Тұрғынбаева Б.А



10.Морфологияны дамыта оқытуға арналған жаттығулар жүйесі.Н.Ж.Құрманова, Н.А.Тойбазарова

11.Педагогика .М.Жұмабаев

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет