Ақтөбе қаласы №64 жалпы білім беретін орта мектебінің 9 «б» сынып ұжымына педагогикалық -психологиялық мінездеме



Дата20.05.2022
өлшемі14.64 Kb.
#458181
түріҚұрамы
Амина


Ақтөбе қаласы №64 жалпы білім
беретін орта мектебінің 9 «б»
сынып ұжымына педагогикалық
-психологиялық мінездеме.

Ақтөбе қаласы №64 жалпы білім беретін орта мектебінің 9 «б» сыныбы.


Сыныпта 26 оқушы бар.Оның ішінде 16 қыз бала, 10 ұл бала. Сынып жетекшісі Кулекенова Әсем Есаманқызы. Сыныпта басқа мектептен басқа
Сыныптан ауысып келген оқушы жоқ. Әлеуметтік құрамы орташа.Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып негізінен гуманитарлы пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған. Сыныптың оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы десем болады.
Жақсы оқитын балалар саны-5, орташа оқитын балалар саны-7, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сынып математика жағынан да, ауызша сабақтарғада (биология,география,тарих,әдебиет) өте белсенді және алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады.
Үйірмелерге қатысу жағынан ұлдар да, қыздар да, осал емес. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Сынып іші топ-топқа бөліну,бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Окушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде үнемі бір-біріне көмектесіп отырады.Бір-бірін жақсы сыйлайды.Сыныптағы ұлдар мен қызар арасындағы қарым-қатыныас жақсы. Сынып жетекшісі де өте жайдары әрі, оқушылармен өте жақсы қарым-қатынаста. Кез-келген уақытта оқушыларына көмектесіп, өз ақылы мен көмегін аямайды. Сондықтан оқушылары сынып жетекшілерін өте жақсы сыйлайды. Сондықтан да болашақта бұл оқушылардың биіктен көрінетіне сенімдімін.

Студент-практиканттың қолы:


Өрісбаева Әмина Игілікқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет