АҚТӨбе облысы ақТӨбе қаласының Әкімдігі қаулы №584 12. 02. 2015 ж



Дата11.07.2016
өлшемі199.35 Kb.
#191999
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ
584 12.02. 2015 ж.
2016 жылдың су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың

алдын алу жөніндегі іс-шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188- V КРЗ «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 15 бабына, Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. 2016 жылғы көктемгі су тасқынын ұйымшылдықпен өткізу жөніндегі қалалық комиссия құрамы және іс-шаралар жоспары бекітілсін (1 және 2 қосымшалар).

  2. Қалалық су тасқыны комиссиясының жұмыс орны қала әкімі аппаратының ғимаратындағы №17 кабинет, байланыс телефондары: 21-05-16, 21-15-77, 21-54-06 болып белгіленсін.

  3. Қала әкімі аппаратының әскери - жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы (В. В. Мамыченко) су тасқыны комиссиясының мүшелерін және қала кәсіпорындарын хабарландыру тізімін жасасын. Тізімдерді диспетчерлік қызметке және «Қазақтелеком» АОТД Ақтөбе қалалық телекоммуникациялық желілерді пайдалану бойынша техникалық директорының орынбасарына (Е.А.Оңғарбаев) берсін. Комиссия мүшелеріне хабарлауды және оларды жинауды 21-15-77 телефоны бойынша қала әкімі аппаратының диспетчерлік қызметімен бірге жүргізсін.

  4. «Казгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе гидрометеорологиялық орталығы (Ә.Ә. Құлетов) еншілес мемлекеттік мекемесіне:

    1. қалалық комиссияны, көктемгі мерзімдегі су тасқынын ұйымшылдықпен өткізу жөніндегі іс-шаралар әзірлеуге қатысатын басқа да ұйымдарды қала аумағындағы гидрометеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратпен тұрақты қамтамасыз ету ұсынылсын;

    2. ауа-райы шұғыл жылып кеткенде және су көтерілген жағдайда су тасқыны кезінде су деңгейі туралы сенімді ақпарат алу мақсатында «Жаман Қарғалы» өзенінде стационарлық бақылау қосынын ұйымдастыру ұсынылсын.

  5. Қала әкімі аппаратының әскери-жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы (В. В. Мамыченко), «Қазақтелеком» АОТД Ақтөбе қалалық телекоммуникациялық желілерді пайдалану бойынша техникалық директорының орынбасарымен (Е.А.Оңғарбаев) бірге басқару қосынын ұйымдастырсын. «Жаман Қарғалы» өзеніндегі стационарлық бақылау қосынын су тасқынының барлық мерзімінде сапалы байланыспен қамтамасыз етсін.

  6. Көктемгі су тасқыны кезінде өз кәсіпорындары аумағындағы арнайы бөлінген жерлерге жиналатын инертті материалдың резервтік қорын жасау мердігер мекемеге ұсынылсын. Көктемгі су тасқыны мерзімінде комиссияның өкімі бойынша сусымалы материалдарды тәулік бойы тиеу ұйымдастырылсын (3 қосымша).

  7. "Ақтөбе қаласының жолаушы-автокөлік кәсіпорны" ЖШС директоры (С.А. Әбілжанов) тұрғындардың өтінімдері бойынша шығу үшін су тасқыны комиссиясының штабына күн сайын 2 бірлік техника бөлу ұсынылсын.

  8. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ басшысы (Л. А. Оразбаева) көшірілетін тұрғындарды орналастыру және ауылдық округтегі мектептерді дайындасын.

  9. Қала әкімінің бірінші орынбасары (Ж. Б. Баирханов), қала әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы (Қ. М. Әлімов), қала әкімі аппаратының әскери-жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы міндетін атқарушы (В. В. Мамыченко):

    1. су тасқыны комиссиясының штабында күн сайын қызметтер басшылары арасында тыңдауды өткізсін;

    2. жанар-жағар май материалдарының қажетті қорын жасау және комиссия төрағасының нұсқауымен жіберуді қамтамасыз етуді бақылауға алсын (4 қосымша).

10. «Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы (Н.С. Алдияров) авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ететін жеке құрам үшін екі мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырсын.

11. Қала әкімі аппаратының әскери-жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысының міндетін атқарушы (В. В. Мамыченко) және қала әкімі аппаратының бас маманы (Л.И. Томчук) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы су тасқынына дайындық және оны өткізу барысы туралы қала халқын тұрақты хабардар етсін.

12. Қала әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы (Қ. М. Әлімовке), «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы (Н.С.Алдияров) су тасқыны мерзімінде жұмыс жасаған мамандарға үстеме жұмыс істегені үшін уақытына сәйкес төлем ақыны есептеуді қарастырсын.

13. «Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының әкімшілік-шаруашылық бөлімі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің басшысы (А. Ө. Мұханбетовке ) су тасқыны мерзімінде жұмыс жасаған жұмысшыға уақытына сәйкес үстеме жұмыс үшін төлем ақыны есептеуді қарастырсын.



  1. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ж. Б. Баирхановқа жүктелсін.


Қала әкімі Б. Сағын

1 ҚОСЫМША


2016 жылғы көктемгі су тасқынын ұйымшылдықпен

өткізу жөніндегі қалалық комиссия мүшелерінің

ТІЗІМІ



Баирханов

Жандос Бақытбекұлы



-

қала әкімінің бірінші орынбасары,

комиссия төрағасы




Мамыченко

Виктория Викторовна



-

қала әкімі аппаратының әскери-жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысының міндетін атқарушы , комиссия төрағасының орынбасары


Алдияров

Нағымжан Смағұлұлы



-

«Ақтөбе қалалық тұрғын -үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы,

комиссия төрағасының орынбасары





Комиссия мүшелері:


Алдияров

Бауыржан Шындәулетұлы



-

«Ақтөбе Таза Қала» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)


Атабаев

Бауыржан Ахметұлы



-

«Ақтөбе қаласының ішкі істер бөлімі » ММ бастығы(келісім бойынша)

Байсадақов

Қасымжан Тахауұлы




-


Қазақстан Республикасының ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел құтқару жасағы» ММ басшысы

(келісім бойынша)




Бекмеев

Мәжит Абдолұлы



-

«Трансэнерго» акционерлік қоғамының президенті, (келісім бойынша)


Бигимбаев

Ғалымжан Нұрғалиұлы



-

«Тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, (келісім бойынша)

Есмаханов

Есенгелді Бималиұлы




-

«Ақтөбе облысының денсаулықты сақтау басқармасы» ММ, емдеу-профилактикалық жұмыстарды үйлестіру бөлімінің штаттан тыс бас маманы


Оңғарбаев

Ермек Арынғазынұлы



-

«Қазақтелеком» АОТД Ақтөбе қалалық телекоммуникациялық желілерді пайдалану бойынша техникалық директорының орынбасары

(келісім бойынша)




Жигулев

Владимир Александрович




-


«КТП» ЖШС директорының орынбасары

(келісім бойынша)



Ибраев

Асан Сәрсенғалиұлы



-

«Ақбұлақ» акционерлік қоғамының президенті

(келісім бойынша)




Құлетов

Әмірбек Әбілұлы



-

«Қазгидромет» РМК ЕМК Ақтөбе гидрометеорологиялық орталығының бастығы

(келісім бойынша)




Құрманов

Жайдар Бисенбайұлы




-



Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің «Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, (келісім бойынша)


Нәметов

Бекзат Мұсахметұлы


-


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚАЗСУШАР» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының директоры

(келісім бойынша)




Овчарский

Евгений Владимирович



-

Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының бастығы

(келісім бойынша)




Сұлтанов

Марат Ермахамбетұлы



-

«АқтөбеГорДор» ЖШС директоры,

(келісім бойынша




Утянов

Жандәулет Жаңанұрұлы



-

«Энергосистема» ЖШС Ақтөбе қаласы электр желілері басқармасының бастығы

(келісім бойынша)


Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2016 жылғы «__» ______

№ _______ қаулысына

2 ҚОСЫМША

2016 жылдың су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың

алдын алу жөніндегі іс-шаралар туралы





Шаралардың атауы

Орындаушылар

Орындау мерзімдері

1

Cу тасқынына қарсы іс-шаралар өткізу жөніндегі комиссия құрамын нақтылау

В. В. Мамыченко

2016 жылдың 10-шы ақпанына дейін

2

Қардың қарқынды еруі кезінде су алу қаупі бар жерлерді анықтау үшін қала аумағын қарауды жүргізу



В. В. Мамыченко

Н.С. Алдияров

Г. Н. Бигимбаев

В.А. Жигулев

Е. Қ. Құсман

(келісім бойынша)

Е.В. Овчарский

(келісім бойынша)



2016 жылдың 1 - ші наурызына дейін

3

Барлық меншік түріндегі кәсіп-орындар, мекемелер аумақтарын, сондай-ақ аулаларды, суағарларды, арықтарды, әсіресе ұдайы су басатын жерлерді қардан, мұздан және қоқыстардан тазартуды қамтамасыз ету

Н. С. Алдияров

Е. В. Овчарский

(келісім бойынша)

барлық меншік

түріндегі кәсіп-орындар, мекемелер басшылары


2016 жылдың 1- шы наурызына дейін

4

Энергетика, газбен жабдықтау нысандарын қорғау жөніндегі шұғыл жұмыстарды өткізу үшін жедел топтар ұйымдастыру, су қоймаларын, тазарту қондырғыларын, тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қуатпен жабдықтауды тұрақты қамтамасыз ету

М. А. Бекмеев

А. С. Ибраев

Ж. Ж. Утянов

Р. Л. Мұхамедғалиев

М. М. Тасыбаев

(келісім бойынша)





2016 жылдың 1- шы ақпанына

дейін


5

Жергілікті бюджеттегі қаржы қорын қарастырып, су тасқынына қарсы шара өткізу үшін қажетті қаржы қорын есептеу.

С. Б. Нәби

Н.С. Алдияров





2016 жылдың 1-ші ақпанына дейін

6

Авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ететін жеке құрам үшін екі рет ыстық тамақты ұйымдастыру. Жанар-жағар май материалдарының, инертті материалдардың қажетті қорын жасау.

Н.С. Алдияров

кәсіпорындар мен мекемелер басшылары




су тасқыны мерзімінде

7

Су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі жұмылдыру жасағының барлық құрал-жабдықтарын толық техникалық дайындыққа келтіру (су соратын сорғыларды, ассенизациялық машиналарды, жөндеу қондырғыларын, топырақ қазатын механизмдерді)

М.А.Бекмеев

А. С. Ибраев

Ғ.Н.Бигимбаев

Н. С. Алдияров



2016 жылдың 1- шы наурызына дейін

8

Су тасқыны комиссиясын, жедел топтарды гидрометереологиялық жағдайлар туралы тұрақты ақпаратпен жабдықтау және Жаман Қарғалы өзенінде уақытша гидроқосын орнату

Ә. Ә. Құлетов

(келісім бойынша)



су тасқыны мерзімінде

9

Мұз жиналып қалған жерлерге жарылыс жасау үшін 3 көшпелі жарушылар бригадасын қажеттілік бойынша ұйымдастыру

Жару жұмыстарына жауапты кәсіпорын

(шарт бойынша)



су тасқыны мерзімінде

10

Су тасқыны комиссиясын, жылжымалы басқару қосынын, гидроқосынды сенімді байланыспен қамтамасыз ету. Тексеретін құдықтар мен байланыстың кабельдік арналарын су басуын болдырмайтын іс-шаралар қолдану

Е.А.Оңғарбаев

(келісім бойынша)




су тасқыны мерзімінде

11

Су тасқыны уақытында суды соратын арнайы техника дайындығын бақылауды және есепке алуды ұйымдастыру

М.Б.Тұрдалин

(келісім бойынша)

Н. С. Алдияров


2016 жылдың 1 -ші наурызына дейін

12

Қала маңында орналасқан су қоймаларына тексеру жүргізу, қар суының қорын анықтау және пайдаланудағы су қоймалары мен тоғандардың техникалық жай-күйін тексеру. Артық су көлемін алдын ала олардың жобалық пайдалану қуатына қарай нақтылы жүргізу

Б.М.Нәметов

(келісім бойынша)

В.В. Мамыченко

Е.В. Овчарский

(келісім бойынша)

селолық округтер

әкімдері


2016 жылдың 10-шы наурызына дейін

13

Су тасқыны мезгілінде тәулік бойы техника кезекшілігін ұйымдастыру

В. В. Мамыченко

Н.С.Алдияров кәсіпорындар басшылары



су тасқыны мерзімінде

14

Қала аумағын аралау үшін кестеге сәйкес 2 автокөлік жеткізуді қамтамасыз ету

С.А.Әбілжанов


су тасқыны мерзімінде

15

«Облыстық судан құтқару қызметі» ММ техника құралдарын және жеке құрамын толық дайындыққа келтіру

Қ.Т. Байсадақов

(келісім бойынша)




су тасқыны мерзімінде

16

Жалпы білім беру мектептерінде су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті сақтау шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізу


Л.А.Оразбаева

Е. В. Овчарский

(келісім бойынша)


2016 жылдың 1 -ші наурызына дейін

17

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы су тасқынын ұйымшылдықпен өткізу іс-шараларының орындалуы жөнінде халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Л.И.Томчук

2016 жылдың 1 -ші наурызына дейін

18

Эвакуацияланатын халықты уақытша болу пункттері мен қажетті киім- кешек, түнгі демалу жұмыстарын дайындау.

Л. А. Оразбаева

А. Н. Даржанова



2016 жылдың 5 -ші наурызына дейін

19

«Москва», «Оторвановка», «ГМЗ», «Курмыш», «Шанхай» аудандарындағы жеке секторлардан қар шығаруды ұйымдастыру

Н.С.Алдияров

Б. Ш. Алдияров

кәсіпорындар мен мекемелер басшылары


2016 жылдың 10-шы наурызына дейін

20

СМП- 555 насосы ауданы маңында Жіңішке өзенінің түбін қамыс пен ағаштан тазарту, Жіңішке, Сазды және Песчанка өзендерінің бойындағы бау- бақша ұжымдарының суға кетуін болдырмау үшін жұмыстар жүргізу.

Н. С. Алдияров

2016 жылдың 10 -шы наурызына дейін

21

Төтенше жағдайлар бөлімі, «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ және «Облыстық судан құтқару қызметі» ММ-мен бірігіп, су басуы мүмкін бау- бақша аумағын қарау іс-шараларын жүргізу

В. В. Мамыченко

Е. В. Овчарский

(келісім бойынша)

Ұ. А. Мыңбаев

К.Т.Байсадақов

(келісім бойынша)




2016 жылдың

10-шы


наурызына дейін

22

Әуежай маңындағы су ағар арықтарын қарауды және тексеруді қамтамасыз ету. Техникалық құралдарды толық дайындыққа келтіру

Е. Қ. Құсман

(келісім бойынша)

Н.М.Алдияров


2016 жылдың

1-ші


наурызына дейін

23

Әбілқайыр хан даңғылы мен Ғ. Жұбанова көшесіндегі сүзгілер мен тұндырғыштарды тазарту, су бұрғыш қысымын үрлеу және жылыту кабельдерінің жұмыс қабілеттілігіне сынау жұмыстарын жүргізу.

Н.С.Алдияров


2016 жылдың

1-ші


наурызына дейін


24

Облыстық ГАИ ауданынан Сәңкібай батыр даңғылына дейінгі уақытша су бұру каналын қалпына келтіруді ұйымдастыру.

«Батыс- 1» және «Батыс-2» аудандарындағы ашық және жабық су бұру каналдарын қоқыстан, мұздан және қардан тазарту жұмыстарын жүргізу.



Н.С.Алдияров


2016 жылдың

1-ші


наурызына дейін


25

«Нұр Ақтөбе» ауданындағы су тасқынына қарсы іс- шаралардың жүргізу барысын қатаң бақылауға

Алу.


Н.С.Алдияров


су тасқыны мерзімінде

26

Жаңа қоныс ауылындағы уақытша қолданыстағы жер арығына (Бірлік квартадына қарама-қарсы) және А,Б кварталындағы («Шестихатк») қолданыстағы жер арығының жиектерін бекіту.

Н.С.Алдияров


2016 жылдың

10-шы


наурызына дейін

Қала әкімі аппаратының

әскери-жұмылдыру жұмысы,

азаматтық қорғаныс және

төтенше жағдайлар бөлімінің басшысының

міндетін атқарушы В.Мамыченко




































































































































































































Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2016 жылғы «__» ______

№ _______ қаулысына

3 ҚОСЫМША


Су тасқынындағы инерттік

материалдардың резервтік қоры





Ұйымдардың

атаулары

Инерттік

Материалдар, т

1.

Мердігер мекеме

4 000




ЖИЫНТЫҒЫ:

4 000


Қала әкімі аппаратының

әскери-жұмылдыру жұмысы,

азаматтық қорғаныс және


төтенше жағдайлар бөлімінің басшысының

міндетін атқарушы В.Мамыченко

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2016 жылғы «__» ______

№ _______ қаулысына

4 ҚОСЫМША


Су тасқынындағы жанар-жағар майларға


ҚАЖЕТТІЛІК




Кәсіпорындардың атаулары

Бензин

АИ-80

(литр)

Бензин

АИ-93 (литр)

Дизель отыны (литр)

1

«Ақбұлақ» АҚ

400

(тарту шамасына қарай)



-

100

(тарту шамасына қарай)



2

«Трансэнерго» АҚ

400

(тарту шамасына қарай)



-

100

(тарту шамасына қарай)



3

Қарғалы ауылдық округі

-

200

300

4

Қурайлы ауылдық округі

-

200

300

5

Благодар ауылдық округі

-

200

300

6

Сазды ауылдық округі

-

200

300

7

Новый ауылдық округі

-

200

300

8

Өртке қарсы қызметтер (ПЧ-1, ПЧ-2)

-

-

300

(тарту шамасына қарай)



9

Штаб

-

1000

-

10

«Ақтөбе қаласының жолаушы-көлігі кәсіпорны» ЖШС

1200

-

-



















ЖЖМ ЖИЫНТЫҒЫ

2000

2000

2000


Қала әкімі аппаратының

әскери-жұмылдыру жұмысы,

азаматтық қорғаныс және

төтенше жағдайлар бөлімінің

басшысының міндетін атқарушы В.Мамыченко





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет