«Ақтөбе облысы білім басқармасы» ММ-сі бойынша
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына
ішкі бақылау қорытындысына
АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасын орындау мақсатында 2015 жылдың қаңтар айында облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімімен «Ақтөбе облысы білім басқармасы» ММ-сі (бұдан әрі – Басқарма) бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізді.
Тексеру барысында келесі деректер анықталды:
Барлық қажетті ақпараттар орналастырылған ақпараттық стенд рәсімделген.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес білім саласы бойынша жергілікті атқарушы органдармен 25 мемлекеттік қызметтер, оның ішінде қала және аудан білім бөлімдерімен 9, қосымша білім беру ұйымдарымен 1, жалпы орта білім беру ұйымдарымен 7, психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинетімен 3, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен 3, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен 1, селолық округ әкімдерімен 1 мемлекеттік қызметтер түрлері көрсетіледі.
Заңның 16 бап 1 тармағына сәйкес, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлгеннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орталық мемлекеттiк органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн әзiрлейдi және бекiтеді.
Басқарма, мемлекеттік қызметтер регламенттерін әзірлейтін өкілетті орган болып есептеледі, сондықтан, тізілімге сәйкес басқармағы қатысты 25 мемлекеттік қызметтердің жұмыстары қаралды:
№
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің атауы
|
Мемлекеттік қызметтер стандарттарының бекітілу күні мен нөмірі
|
Мемлекеттік қызметтер регламенттерінің бекітілу күні мен нөмірі
| -
|
Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.19.02. № 115 қаулысы
|
Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.15.04. № 108 қаулысы
| -
|
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға), қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу
| -
|
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу мен кәмелетке толмағандардың тиесілі мүліктеріне билік ету үшін анықтамалар беру
| -
|
Кәмелетке толмағандарға меншік құқығы негізінде тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру
| -
|
Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау
| -
|
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну
| -
|
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) және жетім баланы (жетім балаларды) асырауға қамқоршысына немесе қорғаншысына жәрдемақы тағайындау
| -
|
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультация беру
|
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2014 ж.23.05. № 538 қаулысы
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 ж.16.07. № 234 қаулысы
| -
|
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзеу және әлеуметтік оңалту
| -
|
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою
| -
|
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру
| -
|
Кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультативтік көмек көрсету
| -
|
Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
| -
|
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.09.06. № 633 қаулысы
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 ж.16.07. № 233 қаулысы
| -
|
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
| -
|
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау
| -
|
Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау
| -
|
Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
| -
|
Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру
| -
|
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.30.04. № 423 қаулысы
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 ж.04.06. № 182 қаулысы
| -
|
Техникалық және кәсiптік бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
| -
|
Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.31.05. № 599 қаулысы
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 ж.01.07. № 212 қаулысы
| -
|
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру
|
Стандарт бекітілген жоқ
|
| -
|
Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау
|
| -
|
Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу
|
|
Тексеру кезінде, стандартталған мемлекеттік қызметтердің 22 түрі бойынша мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілген. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру, патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау, бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу мемлекеттік қызметтерінің стандарттары бүгінгі күні бекітілмеген, сол себепті мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілмеген.
Бірақ, бекітілген 22 мемлекеттік қызметтер регламенттерінің тек 1-уі ғана уақытылы бекітілген. Заңның 16 бап 1 тармағы орындалмай, басқармамен 21 мемлекеттік қызметтер регламенттері уақытында бекітілмеген, яғни 4 күннен 26 күнтізбелік күнге кешіктіріліп бекітілген.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014ж. 12 мамырдағы № 133 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығын бекіту бөлігінде, басқармамен 7 мемлекеттік қызметтер түрі бойынша тиісті толықтырулар енгізілмеген.
Басқармамен тек қана Ақтөбе қаласы, Алға, Ойыл, Байғанин аудандары бойынша жалпы білім беру ұйымдарына және Шалқар ауданындағы аграрлық-техникалық колледжіне, Ақтөбе автомобильді жолдар колледжіне, психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізілген.
Басқармаға қарасты мекемелермен көрсетілетін «техникалық және кәсiптік бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі бойынша ағымдағы жылдың басынан бір де бір есептік ақпарат ұсынылмаған.
Заңның 23 «көрсетiлетiн қызметтi алушыларды мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы хабардар ету» бабы және ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 137 бұйрығымен бекітілген «ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау әдістемесінің» 5-ші қосымшасындағы жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында «ақпараттардың толықтығы мен өзектілігі» көрсеткіші бойынша бағалау кестесінің 1.9 пунктіне сәйкес, басқарманың интернет-ресурсында «көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлігінің бар болуы, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есебі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері, мемлекеттік қызметтердің паспорттары орналастырылуы қажет, алайда басқарманың интернет-ресурсында бір де бір ақпарат орналастырылмаған.
Ұсыныстар:
-
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесіне тәлімгер ретінде басқарма басшысының орынбасары деңгейінде тағайындау.
-
Мемлекеттік қызметтер регламенттерінің уақытылы бекітілуін және тиісті толықтырулар енгізуін қамтамасыз ету.
-
Ақпараттық стендтерді қалыпқа келтіру.
-
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны және мемлекеттік қызметтерді алған адам саны бойынша дәл мониторинг жүргізу.
-
Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері ережелерінің сақталуына қатысты ішкі бақылау жүргізу.
-
Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөліміне анық есептік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |