«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мм



Дата14.07.2016
өлшемі50.12 Kb.
#197893
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (бала күтімі бойынша демалыс кезінде міндетін уақытша атқару үшін).

Санаты D-4

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 71750 теңгеден 96735 теңгеге дейін.



Функциональдық міндеттері: Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарастыруды ұйымдастыру, облыс әкімі актілерінің мемлекеттік тілге білікті аударылуын жүзеге асыру, облыстық әкімдік отырысының күн тәртібін белгілеу, факс және электрондық пошта арқылы келіп түсуін және жіберілуін қамтамасыз ету, облыс әкімінің қабылдауында өтетін кеңестерге талдау материалдарын уақытылы және сапалы ұсынылуын ұйымдастыру, номенклатураны жасақтау, тоқсан сайынғы есептерді әзірлеу, жоғары тұрған органдардың, облыс әкімдігі мен әкімдігінің актілерін орындау жөнінде атқарушылық тәртіп жағдайы туралы баяндама дайындау.

Ақпаратты талдай, жалпылай және жүйелей білу, құқықтық актілер, жоспарлар, бағдарламалар, анықтамалар, баяндамалар және басқа да құжаттар әзірлей білу, кеңестер, семинарлар, конференциялар және т.б. өткізуді ұйымдастыра алу. Бөлім басшылығы анықтайтын өзге де құзіреттіліктерді жүзеге асыра білуі тиіс.

Тіл табысқыштық, орындаушылық, үйіршілдік, өзара сыйластық қарым-қатынасты орната білу қасиеттерінің болуы қажет.

Іс-қағаздар жүргізудің негіздерін білу.

Нормативтік құжаттармен жұмыс тәжірибесінің болуы қажетті. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - гуманитарлық, заңгерлік, журналистік, экономикалық, техникалық, ауылшаруашылық немесе педагогикалық мамандықтары бойынша жоғары.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 наурызда № 8380 болып тіркелген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Ақтөбе облысы әкімі аппаратына мынадай құжаттарын тапсырады:

1) нысан бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен нысан бойынша толтырылған сауалнама;

3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды, шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы сертификат.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлер тестілеуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінде немесе ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.

D-4 санаты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасына мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ) Зандарын білуге арналған тест сұрақтары кіреді.

Конкурстық комиссия қарауына құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы қабылдау мерзімінде берілген құжаттар қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде) соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға тапсыру қажет: 030000, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, Ақтөбе облысы әкімінің аппараты, 332-кабинет немесе kadr_332@mail.ru электрондық поштасына. Анықтама үшін телефон: 8 (3132) 93-20-76.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде облыс әкімі аппаратында өтеді.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.


Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет