Ақтөбе облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлері туралы



Дата27.06.2016
өлшемі27.35 Kb.
#161159
Ақтөбе облысында меншікке немесе жер пайдалануға

берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

учаскелерінің ең аз мөлшерлері туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына және 27-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 50-бабының 5-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Ақтөбе облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Аудандар мен Ақтөбе қаласы әкімдері, «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ (М. Жекеев) әкімдіктің осы қаулысы мен мәслихаттың шешімінің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Әкімдіктің осы қаулысы мен мәслихаттың шешімі ресми түрде жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Облыс әкімі Е. Сағындықов

Облыстық мәслихаттың

хатшысы Б. Ордабаев

Облыстық мәслихат

сессиясының төрағасы Б. Аманбаев

Түсініктеме хат
Меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі № 180 Заңымен енгізілген, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің (әрі қарай-Кодекс) 50-бабының өзгертілуіне сәйкес, аудандардың және Ақтөбе қ. әкімдіктерінің ұсыныстарының негізінде, жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты, облыс әкімдігі және облыстық мәслихаттың бірлескен шешімімен жеке меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлері белгіленеді. ҚР жеке тұлғалардың шаруа (фермерлік) қожалығын және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелердің ең аз мөлшерлерін белгілеу әр ауданның орташа шартты жер үлестерінің шектерімен негізделеді. Себебі, Кодекстің 170-бабының 5-тармағына сәйкес, өздеріне тиесілі құқықтарды шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берген шартты жер үлесінің иелері шаруа немесе фермер қожалығын құру үшін қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде, үлесті немесе пайды, жер учаскесін қоса, нақтылы бөліп алуға (бөлісуге) құқықтары бар.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеу, озықты техникалар мен технологияларды қолдану мақсатында, аудандардың орташа шартты үлестерінің 10 есесінен кем емес шектерінде ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғасына және оған аффилиирленген тұлғаларға ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізі үшін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берілетін жер учаскелердің ең аз мөлшерлері белгіленеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғаларға мерзімі 10 жылға дейін уақытша жер пайдалануға берілетін жер учаскелердің ең аз мөлшерлері ұқсастық белгіленеді.

Қазіргі уақытта облыстық маслихаттың кезекті сессиясында бірлескен шешімді қабылдау үшін осы мәселеге қатысты жобалар дайындалып ұсыныс жасалынды.


Басқарма бастығының

орынбасары М. Аралбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет