«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мм-сі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау қорытындысына анықтама



Дата24.02.2016
өлшемі102.45 Kb.
#13643
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-сі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына

ішкі бақылау қорытындысына

АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасын орындау мақсатында 2015 жылдың қаңтар айында облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімімен «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-сі (бұдан әрі – Басқарма) бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізді.

Тексеру барысында келесі деректер анықталды:

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты ақпараттық стендте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері, өтініш үлгілері, жауапты қызметкерлер туралы ақпарат және сенім телефон нөмірі орналастырылмаған.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес басқармамен 6, қала және аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерімен 16, ауылдық округ әкімдерімен 1, ветеринарлық пункттермен 2 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Заңның 16 бап 1 тармағына сәйкес, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлгеннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орталық мемлекеттiк органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн әзiрлейдi және бекiтеді.

Басқарма, мемлекеттік қызметтер регламенттерін әзірлейтін өкілетті орган болып есептеледі, сондықтан, тізілімге сәйкес басқармағы қатысты 25 мемлекеттік қызметтердің жұмыстары қаралды:





Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің атауы

Мемлекеттік қызметтер стандарттарының бекітілу күні мен нөмірі

Мемлекеттік қызметтер регламенттерінің бекітілу күні мен нөмірі



Жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 ж.31.12. № 1542 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.28.03. № 86 қаулысы



Мал шаруашылығы өнiмдерiнiң сапасын және өнiмдiлiгiн арттыруды субсидиялау



Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау



Өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен тетiктерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен тетiктердi, оларға тiркемелердi жүргiзу құқығына куәлiктер беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.03.03. № 171 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.19.05. № 153 қаулысы



Өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен тетiктерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен тетiктердi, оларға тiркемелердi сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу



Монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен тетiктерiн, сондай-ақ тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн бере отырып, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен тетiктердi, оларға тiркемелердi тiркеу, қайта тiркеу



Монтаждалған арнайы жабдығы бар өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен тетiктердi қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен тетiктердi, оларға тiркемелердi, сонымен қатар жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн тiркеу және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беру



Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен тетiктерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу



Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен тетiктерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен тетiктерiне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру



Ветеринариялық анықтамалар беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.17.06. № 664 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.30.07. № 267 қаулысы



Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрегейлендiрудi жүргiзу



Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру және қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру



Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.28.06. № 725 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.30.07. № 269 қаулысы



Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау



Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау



Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау



Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау



Элиталық тұқымдарды субсидиялау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.31.07. № 843 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.22.09. № 331 қаулысы



Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне су беру қызметтерiнiң құнын субсидиялау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.24.02. № 134 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.24.04. № 121 қаулысы



Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеуді жүргізу

Стандарт бекітілген жоқ






Тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестациялау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.06.06. № 623қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.04.07. № 225 қаулысы



Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқым өндiрушiлердi және тұқым сатушыларды аттестациялау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.05.03. № 199 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.23.04. № 114 қаулысы



Аэрозольды және фумигациялық тәсiлдермен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану бойынша  қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.12.02. № 78 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.04.04. № 94 қаулысы



Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.28.02. № 160 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.24.04. № 120 қаулысы



Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.15.02. № 94 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.16.07. № 235 қаулысы

Тексеру кезінде, стандартталған мемлекеттік қызметтердің 24 түрі бойынша мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілген. «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметінің стандарты бүгінгі күні бекітілмеген, сол себепті мемлекеттік қызметтер регламенті бекітілмеген.

Бірақ, бекітілген 24 мемлекеттік қызметтер регламенттерінің тек 1-уі ғана уақытылы бекітілген. Заңның 16 бап 1 тармағы орындалмай, басқармамен 21 мемлекеттік қызметтер регламенттері уақытында бекітілмеген, яғни 2 күннен 120 күнтізбелік күнге кешіктіріліп бекітілген.

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014ж. 12 мамырдағы № 133 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығын бекіту бөлігінде, басқармамен тиісті толықтырулар енгізілген.

Электрондық мемлекеттік қызметтердің әйгілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілмеген. Басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмыстары жүргізілмеген.

Тізілімге сәйкес, басқарма бойынша мемлекеттік қызметтертің 6 түрі бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс:


  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

  2. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау бойынша қызметпен айналысу үшiн лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру;

  3. Тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестациялау;

  4. Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқым өндiрушiлердi және тұқым сатушыларды аттестациялау;

  5. Аэрозольды және фумигациялық тәсiлдермен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру;

  6. Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру;

ҚР Үкіметінің 2014 ж.03.03. № 171 қаулысына сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей, сондай-ақ www.e.gov.kz«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі. Ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік орган арқылы 267 қызмет көрсетілген.

Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау бойынша қызметпен айналысу үшiн лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей, сондай-ақ «Е-лицензиялау»: www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі, жыл басынан мемлекеттік қызмет 2 рет электрондық түрде көрсетілген. Қалған мемлекеттік қызметтер бойынша ағымдағы жылы өтініштер түспеген.

Басқарма бойынша электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қолданушылардың үлесі 0,7 %-ды құрады (электрондық түрде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың үлесін 50 пайызға жеткізу қажет).



Заңның 23 «көрсетiлетiн қызметтi алушыларды мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы хабардар ету» бабы және ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 137 бұйрығымен бекітілген «ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау әдістемесінің» 5-ші қосымшасындағы жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында «ақпараттардың толықтығы мен өзектілігі» көрсеткіші бойынша бағалау кестесінің 1.9 пунктіне сәйкес, басқарманың интернет-ресурсында «көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлігінің бар болуы, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есебі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері, мемлекеттік қызметтердің паспорттары орналастырылуы қажет. Алайда, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы жылдық есебі, электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің алу жөніндегі нұсқаулық орналастырылмаған.
Ұсыныстар:

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесіне тәлімгер ретінде басқарма басшысының орынбасары деңгейінде тағайындау.

  2. Мемлекеттік қызметтер регламенттерінің уақытылы бекітілуін қамтамасыз ету.

  3. Ақпараттық стендті қалыпқа келтіру.

  4. Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері ережелерінің сақталуына қатысты ішкі бақылау жүргізу.

  5. Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету.

  6. Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыруы және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша жедел іс-шараларды қарастыру.

  7. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны және мемлекеттік қызметтерді алған адам саны бойынша дәл мониторинг жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет