Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13-қаңтарда №4147 тіркелді



Дата29.02.2016
өлшемі109.74 Kb.
#34626
Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13-қаңтарда №4147 тіркелді

2015-2017 жылдарға арналған

облыстық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:



  1. 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2015 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 122 454 668 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдері бойынша - 34 429 961 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 1 818 300 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 86 206 407 мың теңге;

2) шығындар - 121 999 072 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 2 243 134 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 4 330 878 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 087 744 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 282 193 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу - 282 193 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - - 2 069 731 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 069 731 мың теңге.

2. 2015 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде белгіленсін:

1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласына - 28 пайыз, Байғанинге - 50 пайыз, Мұғалжарға - 54 пайыз, Хромтауға - 50 пайыз және қалған аудандарға 100 пайыздан;

2) әлеуметтік салық бойынша: Ақтөбе қаласына - 25 пайыз, Байғанинге -

50 пайыз, Мұғалжарға - 54 пайыз, Хромтауға - 50 пайыз және қалған аудандарға 100 пайыздан;

3) төлем көзінде салық салынбайтын кірістерге жеке табыс салығы бойынша, қызметін бір жолғы талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы бойынша, төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша түсімдер Ақтөбе қаласы және аудандар бюджеттеріне толығымен есептеледі.

3. Облыстық бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:

қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы;

сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар калалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшін төлемақы;

жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;

орманды пайдаланғаны үшін төлем;

жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем;

коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:

облыстық әкімдіктің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігінің түсімдері;

облыстық коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне есептелетін дивиденттер;

облыстық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлесінен кірістер;

облыстық коммуналдық меншіктің мүлігін жалға беруден түсетін түсімдер;

облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

уақытша бос қалған бюджеттік ақшаны депозиттерге орналастырудан алынатын сыйақылар;

облыстық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер;

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер;

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен ұйымдастырылатын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшалар түсімдері;

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен

салынатын айыппұлдар, өсімдер, санкциялар, өндіріп алулар;

өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымының дамуына жер қойнауын пайдаланушылар аударымдары;

облыстық бюджетке түсетін салықтық емес басқа түсімдер;

облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түскен ақшалар;

облыстық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік қаржылық активтерін сатудан, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарынан түсетін түсімдер.

4. Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекет­тік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуі нәтижесінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне жатқызылады.

5. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемі 11 989 041 мың теңге сомасында көзделсін, оның:

Ақтөбе қаласы бойынша - 6 634 823 мың теңге;

Байғанин ауданы бойынша - 343 741 мың теңге;

Мұғалжар ауданы бойынша - 3 786 615 мың теңге;

Темір ауданы бойынша - 324 296 мың теңге;

Хромтау ауданы бойынша - 899 566 мың теңге.

6. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте орта білім беруде жан басына қаржыландыруды ендіру бойынша апробациялауды жүргізу үшін білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес орта білім беретін ұйымдарда білім беру үдерісін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды берумен байланысты республикалық бюджетке ағымдағы нысаналы трансферттер жалпы сомасы 1 558 949 мың теңге көзделсін.

7. Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 11- бабына сәйкес:

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері - 21 364 теңге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 1 982 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 21 364 теңге мөлшерінде белгіленгені еске және басшылыққа алынсын.

8. Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 12 - бабына сәйкес:

1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10% мөлшерінде ай сайынғы үстемақы;

2) 2015 жылғы 1 шілдеден бастап, еңбекақы жүйесінің жаңа үлгісінің енгізілуіне байланысты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу белгіленгені еске және басшылыққа алынсын.

9. Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 13-бабына сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап, әскери қызметкерлерге (мерзімдік әскери қызметкерлерді қоспағанда) және арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерінің коммуналдық қызметтерін төлеу және тұрғын үймен қамтамасыз етуге айлық есепте ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3739 теңге сомасында белгіленгені еске және басшылыққа алынсын.

10. Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 14-бабына сәйкес 2015 жылға республикалық бюджеттен облыстық бюджетке берілетін субвенция 19 926 241 мың теңге сомасында көзделді.

11. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандық бюджеттерге берілетін субвенциялар көлемі 15 833 423 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Әйтеке биге - 2 021 782 мың теңге;

Алғаға - 1 151 947 мың теңге;

Ырғызға - 944 530 мың теңге;

Қарғалыға - 1 524 357 мың теңге;

Мәртөкке - 2 278 784 мың теңге;

Ойылға - 1 929 195 мың теңге;

Қобдаға - 2 227 619 мың теңге;

Шалқарға - 2 755 209 мың теңге.

12. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен мынадай мөлшерде ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

дағдарыстық жағдайлар қаупі туындаған және төнген кезде іс-қимылдар

бойынша оқу-жаттығу жүргізуге - 14 175 мың теңге;

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде

өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға - 581 173 мың теңге;

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге - 25 378 мың теңге;

халықты әлеуметтік қорғауға және көмек көрсетуге - 247 584 мың теңге;

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге - 247 370 мың теңге;

«Бизнестiң жол картасы 2020» Бағдар­ламасы шеңберiнде өңiрлерде жеке кәсiпкерлiктi қолдауға - 1 696 048 мың теңге;

моноқалаларда ағымдағы іс-шараларды іске асыруға - 191 658 мың теңге;

ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға - 51 354 мың теңге;

мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі бойынша еңбекақы төлеуге және олардың лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемақы төлеуге - 8 285 078 мың теңге;

мемлекеттік әкімшілік қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыруға - 282 156 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға - 2 750 533 мың теңге;

техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу -өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға -

125 000 мың теңге;

үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арт­тырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақы­ны көтеруге - 1 063 150 мың теңге;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға - 371 655 мың теңге;

бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға - 2 741 777 мың теңге;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға - 181 092 мың теңге;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету және кеңейтуге - 15 169 576 мың теңге;

жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 234 927 мың теңге;

халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге - 580 715 мың теңге;

жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың стипендияларының мөлшерін ұлғайтуға –

10 546 мың теңге;

профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) - 2 416 мың теңге.

Аталған ағымдағы нысаналы трансферттерінің сомасын бөлу облыс әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.         

13. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте «Қол­же­тімді тұрғын үй 2020» Бағдарламасы шеңбер­ін­де республикалық бюджеттен мынадай бағыттары бойынша іске асырылатын нысаналы даму трансферттері және кредитері түскені ескерілсін:

1) тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға кредит беруге - 2 189 162 мың теңге;

2) инженерлік-коммуникациялық инфрақұры­лым­ды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыруға - 1 283 884 мың теңге;

3) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялауға - 1 520 752 мың теңге.

Аталған сомаларды бөлу облыс әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.  

14. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте моноқалаларда кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге республикалық бюджеттен кредиттер түскені ескерілсін - 1 467 000 мың теңге.

Аталған кредиттердің сомаларын бөлу облыс әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.  

15. 2015 жылға арналған облыстық бюджетте Ақтөбе қаласы және аудандар бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер және даму трансферттері көзделсін:

елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға - 36 296 мың теңге;

елді мекендердің жете жоспарлау жобаларын, жете жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарларын және құрылыс салу жобаларын әзірлеуге - 336 645 мың теңге;

елді мекендердің көшелерін және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын (қала көшелерін) күрделі және орташа жөндеуге -

2 642 481 мың теңге;

көп пәтерлі тұрғын үйлерге энергетикалық аудит жүргізуге - 13 125 мың теңге;

бруцеллезбен ауырған, санитарлық союға жіберілетін ауыл шаруашылық

малдардың (ірі және ұсақ малдар) құнын (50% дейін) өтеуге - 87 186 мың теңге;

аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің қызметтерін қамтамасыз етуге - 653 745 мың теңге;

балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге - 251 338 мың теңге;

білім беру объектiлерiн салуға және реконструкциялауға - 1 690 279 мың теңге;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға - 293 586 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұры­лым­ды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыруға - 161 776 мың теңге;

сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға - 398 274 мың теңге;

ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін дамытуға - 858 530 мың теңге;

коммуналдық шаруашылықты дамытуға - 273 489 мың теңге;

мәдениет объектілерін дамытуға - 283 383 мың теңге;

моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға - 78 358 мың теңге;

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді дамытуға - 214 990 мың теңге.

Аталған трансферттерінің сомасын бөлу облыс әкімдігі қаулысы негізінде айқындалады.

16. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2015 жылға арналған резерві сомасы 1 523 504 мың теңге болып бекітілсін.

17. 2015 жылға арналған облыстық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын облыстық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.



18. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың

сессия төрағасы хатшысы

М. ИТЕҒУЛОВ С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет