«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мм-сі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау қорытындысына анықтама



Дата24.02.2016
өлшемі60.04 Kb.
#17727
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-сі бойынша

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына

ішкі бақылау қорытындысына

АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасын орындау мақсатында 2015 жылдың қаңтар айында облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімімен «Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-сі (бұдан әрі – Басқарма) бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізді.

Тексеру барысында келесі деректер анықталды:

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтер стандарттары және олардың бекітілуі туралы қаулылары, мемлекеттік қызметтерге жауапты қызметкерлер тізімі, өтініш үлгілері және сенім телефон нөмірі орналастырылмаған.

Заңның 16 бап 1 тармағына сәйкес, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлгеннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орталық мемлекеттiк органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн әзiрлейдi және бекiтеді.



Басқарма, мемлекеттік қызметтер регламенттерін әзірлейтін өкілетті орган болып есептеледі, сондықтан, тізілімге сәйкес басқармағы қатысты 11 мемлекеттік қызметтердің жұмыстары қаралды:



Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің атауы

Мемлекеттік қызметтер стандарттарының бекітілу күні мен нөмірі

Мемлекеттік қызметтер регламенттерінің бекітілу күні мен нөмірі



II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.26.06. № 702 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.25.07. №263 қаулысы



II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру



Жер бетіндегі су объектілері жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру



Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.03.06. № 607 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.08.07. №231 қаулысы



Орман және ағаш кесу билетін беру



Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы



Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы кепілдігі шартын тіркеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.26.02. № 153 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.02.06. №175 қаулысы



Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.26.02. № 154 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.27.05. №167қаулысы



Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру келісімшарттарын жасасу, тіркеу және сақтау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.26.02. № 153 қаулысы

Ақтөбе облысы әкімдігнің 2014 ж.02.06. №175 қаулысы



«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес ғимарат және (немесе) жерасты ғимараттары үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу



Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, жер қойнауын пайдалануға құқық беру келісімшарттарын тіркеу

Тексеру кезінде, стандартталған мемлекеттік қызметтердің 11 түрі бойынша мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілген.

Бірақ, бекітілген 11 мемлекеттік қызметтер регламенттерінің тек 3-уі ғана уақытылы бекітілген. Заңның 16 бап 1 тармағы орындалмай, басқармамен 8 мемлекеттік қызметтер регламенттері уақытында бекітілмеген, яғни 5 күннен 66 күнтізбелік күнге кешіктіріліп бекітілген.

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014ж. 12 мамырдағы № 133 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығын бекіту бөлігінде, басқармамен тиісті толықтырулар енгізілген.

Ағымдағы жылдың 11 айы бойынша II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру, II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру мемлекеттік қызметтері 3 836 рет электрондық түрде көрсетілген. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы кепілдігі шартын тіркеу мемлекеттік қызметі 1 рет, Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру келісімшарттарын жасасу, тіркеу және сақтау мемлекеттік қызметі 48 рет көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге түскен өтініштерді тіркеу журналдары арналынған.



Заңның 23 «көрсетiлетiн қызметтi алушыларды мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы хабардар ету» бабы және ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 137 бұйрығымен бекітілген «ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау әдістемесінің» 5-ші қосымшасындағы жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында «ақпараттардың толықтығы мен өзектілігі» көрсеткіші бойынша бағалау кестесінің 1.9 пунктіне сәйкес, басқарманың интернет-ресурсында «көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлігінің бар болуы, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есебі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері, мемлекеттік қызметтердің паспорттары орналастырылуы қажет, алайда басқарманың интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы жылдық есебі, сонымен қатар, электрондық мемлекеттік қызметтер бойынша сілтемелер орналастырылмаған.
Ұсыныстар:

  1. Мемлекеттік қызметтер регламенттерінің уақытылы бекітілуін қамтамасыз ету.

  2. Ақпараттық стендтерді қалыпқа келтіру.

  3. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны және мемлекеттік қызметтерді алған адам саны бойынша дәл мониторинг жүргізу.

  4. Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету.

  5. Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыруы және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша жедел іс-шараларды қарастыру.

  6. Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөліміне анық есептік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет