Аттестация тест сұрақтары
Қоғамдық білім негіздері
1 вариант
1. Қазіргі философияның адам болмысын жан-жақты зерттейтін бөлігін көрсетіңіз:
А) ғылымицентризм
В) социоцентризм
С) антропология
D) әлеуметтік философия
Е) философиялық антропология
2. Дүниенің негізінде материалдық субстанция жатыр деуші философтар:
А) идеалистер
В) дуалистер
С) материалистер
D) философиялық плюрализм
Е) философтар
3. Платонның шәкірті, «Саясат», «Метафизика» шығармаларының авторы:
А) Сократ
В) Демокрит
С) Гоббс
D) Аристотель
Е) Эпикур
4. Абсолюттік монархия мемлекеттің таңдаулы формасы деп есептеген философ-материалист:
А) А.Смит
В) Т.Гоббс
С) Г.Гегель
D) Р.Оуэн
Е) Т.Мор
5. Қазақтардың қоғамдық санасының қалыптасуына ықпал еткен Қожа Ахмет Йасауи еңбегі:
А) «Құтадғу білік»
В) «Диуани лұғат ат-түрік»
С) «Ақыл кітабы»
D) «Азаматтық саясат»
Е) «Диуани хикмет»
6. Гуманист-философ, имандылық пен адамгершілік философиясын дамытушы қазақ ағартушысы:
А) А.Құнанбаев
В) Ш.Уалиханов
С) Ы.Алтынсарин
D) С.Төрайғыров
Е) А.Байтұрсынұлы
7. Шаруашылық қызметінің ерекше түрі болып саналатын көшпелілер шаруашылығын және соған сәйкес келетін өмір салтын ғылым тіліндегі атауы:
А) Өркениет
В) Деспотизм
С) Шығыс өркениеті
D) Номадизм
Е) Рухани мәдениет
8. Неміс ғалымы Э.Зюсс «биосфера» ұғымын енгізген жыл:
А) 1871 ж.
В) 1872 ж.
С) 1873 ж.
D) 1874 ж
Е) 1875 ж.
9. Белгілі бір әлеуметтік ортаның өкілін, қоғам мүшесін қалай атайтынын көрсетіңіз:
А) Сәби
В) Тұлға
С) Дара тұлға
D) Жеке адам
Е) Адам
10. Жоғарғы жетістігі және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін қабілеттердің жиынтығы:
А) Қызмет
В) Зияттық
С) Жад
D) Мақсат
Е) Дарын
11. Барлық қоғамның әлеуметтік негізі, түпкілікті ұясы:
А) Отбасы
В) Мемлекет
С) Қоғам
D) Кәсіподақ
Е) Саяси партия
12. Адамдар қауымдастығының, тайпадан кейінгі тұрған сатысы:
А) Ру
В) Тайпа
С) Ұлт
D) Ұлыс
Е) Халық
13. Адамның өмір сүруінің формасы:
А) Мақсат
В) Қызмет
С) Матив
D) Еңбек
Е) Шығармашылық
14. Түрлі актілер мен операциялардың сипатын, жүйелік тәртіптерін айқындайтын қызметтің жобасы:
А) Мақсат
В) Еңбек
С) Қызмет
D) Фактор
Е) Мотив
15. Нақты өмірдегі адамгершілік құлықты және оны қалыптастырушы ұстанымдар жиынтығы - моральды зерттейтін философиялық ғылым:
А) «Эвдемонизм»
В) «Гедонизм»
С) «Эстетика»
D) «Этика»
Е) «Калокагатия»
16. Ізгіліктің нақтыланған өзіндік түрін көрсететін этиканың негізгі категориясы:
А) Жомарттық
В) Ізгілік пен зұлымдық
С) Ұят
D) Аброй
Е) Парыз
17. «Эстетика» ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта кезінде енгізген неміс философы:
А) А.Баумгартен
В) Пифогор
С) Т.Гоббс
D) И.Кант
Е) Әулие Августин
18. Материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты, әсемдік, әдемілік тектес эстетикалық ұғымның мағынасы:
А) Перагедиялық
В) Асқақтық
С) Комедиялық
D) Әдептілік
Е) Сұлулық
19. Адамның және оның рухани дамуына әсер ететін өндірістік емес жүйелер игіліктің қай түріне жататынын белгілеңіз:
А) экономикалық игілік
В) экономикалық емес игілік
С) материалдық игілік
D) материалдық емес игілік
Е) материалдық игілік өндірісі
20. «Алтын және алмаз қоры туралы» заң қабылданған жыл:
А) 1992 ж.
В) 1993 ж.
С) 1994 ж.
D) 1995 ж.
Е) 1996 ж.
21. Халық арасында өлгендердің саны жағынан туғандардан асып кетуінің салдарынан ел тұрғындардың санының кеми бастауы:
А) Демография
В) Демографиялық жаңғыру
С) Демографиялық қайта өрлеу
D) Этнодемография
Е) Депопуляция
22. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының түпкілікті мақсаты:
А) Орта тапты қоғам құру
В) Байларға негізделген қоғам құру
С) Кедейлерге сүйенген қоғам құру
D) Билік иегеріне сүйенген қоғам құру
Е) Акционерлік қоғам құру
23. Мемлекеттегі парламенттің атқаратын қызметі:
А) Атқарушы орган
В) Сот органы
С) Мемлекеттік қауіпсіздік органы
D) Құқық қорғау органы
Е) Заң шығарушы орган
24. Мемлекеттің араласуынсыз және мемлекеттік органдар арасынан тысқары дамитын тұлғааралық қатынастардың, отбасылық, қоғамдық экономикалық мәдени, діни және басқадай құрылымдардың жиынтығы болып табылатын қоғам:
А) Мемлекет
В) феодалдық қоғам
С) Саяси партиялар
D) қоғадық бірлестіктер
Е) Азаматтық қоғам
25. «Саяси мәдениет» ұғымын қолданысқа енгізген философ:
А) Г.Алмонд
В) Геродот
С) И.Гердер
D) Аристотель
Е) В.Парето
26. Саяси құбылыстардың мән мағынасын ұғындыратын саяси мәдениеттің қызметі:
А) бірегейлендіру
В) бейімдеу
С) ықпалдастық
D) бағдарлау
Е) коммуникациялық
27. Қоғамның тарихи дамуында жеткен сатысын көрсететін, адамзаттың шығармашылық қызметінің үдерісінде жасалған және жасайтын рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы:
А) мәдениет
В) социология
С) философия
D) тарих
Е) демократикалық мәдениет
28. Адамның тұтастай рухани дүниесінің жетілуін қамтамасыз ететін сала:
А) ғылым
В) дін
С) өнер
D) құран
Е) көркем әдебиет
29. Рухты мәңгі деп танитын дін:
А) Ислам
В) Христиан
С) Буддизм
D) Даосизм
Е) Индуизм
30. Конфуций іліміндегі «Жень» ұғымындағы адамдық қасиет:
А) адамгершілік
В) рәсім
С) сүйіспеншілік
D) жақсылық
Е) жаугершілік
31. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылдаған уақыт:
А) 1990 ж. 16 желтоқсан
В) 1991 ж. 16 желтоқсан
С) 1992 ж. 16 желтоқсан
D) 1993 ж. 16 желтоқсан
Е) 1995 ж. 16 желтоқсан
32. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы қабылданған жыл:
А) 1997 ж. қазан
В) 1998 ж. қазан
С) 1999 ж. қазан
D) 2000 ж. қазан
Е) 2001 ж. қазан
33. Қазақстандағы жеке адамдар мен фирмалардың жерді, капиталды және басқа активтерді алу, пайдалану сату және мұраға қалдыру құқығы:
А) меншік
В) кәсіпорын
С) жекешелендіру
D) монополия
Е) жеке меншік
34. Адамдардың қоғамға қажетті тауарлар өндіру үрдісінде жерді, еңбекті және капиталды оңтайлы ұштастыра отырып, коммерциялық кәсіпорындар ұйымдастыру қабілеті:
А) жұмыс күші
В) еңбек аясы
С) кәсіпкерлік
D) бизнес
Е) еңбек нарығы
35. Қазақстан көп ұлты мемлекет, қазақтардан өзге ұлт өкілдерін қалай атайтынын бегілеңіз:
А) автохонды
В) диаспора
С) жергілікті тұрғындар
D) басқа ұлттар
Е) этнос
36. Қазақстан халқының басым көпшілігі ұстанатын екі дін:
А) ислам, будда
В) будда, христиан
С) ислам, христиан
D) ислам, православие
Е) католик, ислам
37. Бүкіл адамзатқа, жер планетасына және оны мекен ететін тірі организмдердің тіршілік аясына қатысы бар мәселелерді қалай атау қарастырылғанын табыңыз:
А) мемлекеттік
В) дүние жүзілік
С) ұлттық
D) жаһандық
Е) бейбітшілік
38. БҰҰ айқындап, ресми түрде жарияланған жаһандық мәселелердің саны:
А) 9
В) 10
С) 11
D) 12
Е) 13
39. БҰҰ айқындаған жаһандық мәселелердің бастылары:
А) дүние жүзілік ядролық қауіпін сейілту
В) ұлтаралық қатынастар аясындағы қақтығыстарды шешу
С) дүние жүзілік демографиялық ахуалды реттеу
D) экологиялық дағдарыстың бетін қайтару және оның зардаптарын жою
Е) жоғарыда аталғандардың барлығы
40. 1998 ж. ядролық сынақ өткізіп, өздерінің ядролық державалар қатарына қосылғанын паш еткен елдер:
А) Ауғанстан, Үндістан
В) Пәкістан, Қытай
С) АҚШ, КСРО
D) Үндістан, Пәкістан
Е) Пәкістан, Ауғанстан
Достарыңызбен бөлісу: |