Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсыным


Тау-кен массасын қазу көлемдерін анықтау әдістері



бет11/24
Дата29.06.2016
өлшемі6.93 Mb.
#166629
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

Тау-кен массасын қазу көлемдерін анықтау әдістері





Көлемдерді анықтау әдісі

Есептеу формуласы


Параметрлердің атауы


Суреттер

Қолданылуы саласы


Тік қималар:

а) параллель





40% аспайтын өзгешеліктегі Si, Si,+1

40% аспайтын Si, Si,+1
.
Шеткі блоктер үшін


Vi – аралас қималар арасындағы көлем

S – қиманың ауданы

а –қималардың арасындағы қашықтық

α – қималардың арасындағы бұрыш

Ус – қиманың ауырлық центрінің ординатасы





















Созылған және шамамен параллель контурлы кірмелер мен созу блоктарының көлемдерін анықтау


б) параллель емес














Көлемі бойынша кірмелер мен созу блоктарының қисық сызықты учаскелерінде

Көлденең қималар




40% аспайтын өзгешеліктегі Si, Si,+1


40% аспайтын өзгешеліктегі Si, Si,+1






V– аралас қималар арасындағы көлем

S–қиманың ауданы

h – қиманың биіктігі







Бедерлерді көлденең бейнелеу кезінде көлемдерді анықтау


Үш жақты призмалар




v bi және v нj мәндері мынадай формула бойынша анықталады:


Негізгі АВ жақтарына қатысты у0=мах (уоi) Сi пикеттік нүктесі алынатын үшбұрыш әрбір призма үшін негіз болып табылады


мұндағы уоi – АВСi үшбұрышына салынған шеңбер центрінің ординатасы

Vв, Vн – қазу шекараларында жоғарғы және төменгі қабаттар үшін дербес салынған үш жақты призмалардың көлемдері

N, R- жоғарғы және төменгі қабаттарда құрылған призмалардың саны

S-призманың орналасу ауданы

za+zB+zc- призманың үстіңгі таңбалары

АВ – контурдың кесіндісі немесе салынған үшбұрыштың жақтары









Бедерлерді проекцияда сандық таңбалармен бейнелеу кезінде көлемдерді анықтау


Көлемді палетка




S-тік төртбұрыштың ауданы

h- алынатын қабаттың биіктігі

n-қазу шекараларындағы нүктелер саны







Тік бұрышты тор бойынша сандық таңбалардағы бетті бейнелеу кезінде немесе көлденең бейнеленген тегіс бедерлерде көлемдерді анықтау



____________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға

13-қосымша



Аудандарды тегістеу үшін тік төртбұрышты тордың жақтарының

қолайлы өлшемдері
Тордың жақтарының қолайлы өлшемдерін алу кезінде кенқайрандарды екі топқа бөледі. Кенқайрандардың бірінші тобы жер беті және шымтезектер мен құмдардың қуаттылығы дәл салдың бетінің бедерінің бір қалыпты пішіндерімен, жыныстардың бір тектес литологиялық құрамымен және шымтезектер мен құмдарды қабаттарымен шамамен бірдей қуатта қазатын кенқайрандарды қазу кезінде олардың біркелкі еруімен; екіншісі – жер беті бедерінің және шымтезектер мен құмдардың қуаттылығы салдың бетінің микропішіндерінің болуымен және жыныстардың біркелкі емес құрамымен, шымтезектер мен құмдарды біркелкі қазуға кедергі келтіретін жібіген учаскелердің болуымен сипатталады. Бұл топқа шымтезектерді жарылыспен қопсыту арқылы қыста аршылатын кенқайрандардың тобы жатқызылады.

Тордың қолайлы өлшемін алу үшін:

кенқайрандардың тобын анықтайды, жобалық деректер бойынша көрсеткіш шамасын есептейді:

мұндағы V – бір айдағы аршу (жуу) көлемі, м3; S – қазу ауданы, м2; шамасы бойынша 1-кестедегі К мәніне өзінен кейінгі ең төменгі мәнді алып, тордың жақтарының тиісті өлшемі қабылданады.

1-кесте


К көрсеткіші, м2

Тордың жақтарының өлшемдері, м

К көрсеткіші, м2

Тордың жақтарының өлшемдері, м

Кенқайрандардың бірінші тобы

Кенқайрандардың екінші тобы

40

100


160

400


600

10х10

20х10


20х20

40х20


40х40

40

80

120



250

400


5х5

10х5


10х10

20х10


20х20

Үлгі. Бірінші топтағы кенқайрандар, полигонның ауданы S = 40 мың м2, орташа айлық аршу және жуу көлемі V = 35 мың м3, осыдан:


К= 35000= 175 м2

Кезекті ең төменгі К мәні 160 құрайды, осыған сәйкес тордың жақтарының тиімді мөлшері 20х20 м болады.

____________________
Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға

14-қосымша



Өңдеудің бульдозерлік-сырма тәсілі кезінде тау-кен массасын

тасымалдаудың орташа қашықтығын анықтау
Тасымалдаудың орташа қашықтығын тау-кен орындары мен үйінділер түсірмелерінің нәтижелері бойынша есеп беру мерзімі ішінде тиісті өңделген кеңістіктің тиеу орнына дейінгі көлемінің ауырлық орталығы сәйкес анықтайды. Егер бульдозер өтетін жолдың еңістік бұрышы 3° артық болса,онда жоғарлау немесе түсу көлемін (м) анықтайды.

Шым тезектерді ерекше кескіндік сызықтар бойынша ернеуге тарату арқылы ойып алу кезінде шым тезектердің полигон және үйінді шегінде орын алмастыруының бөлек орта қашықтығын анықтайды. Шым тезектерді шығатын орлар арқылы ойып алу кезінде полигон шегінде тасымалдаудың орта қашықтығын d1 и d2 және шығатын орлардан үйіндідегі тиеу орталықтарына дейінгі ( P1 и Р2 нүктелері, 1-сурет) қашықтықты анықтайды.

Құмдарды өндіру кезінде шаю аспабының бункеріне дейінгі орта қашықтықты анықтайды. Полигон шегіндегі тасымалдаудың өлшенген орта қашықтығын көлемді есептеуге арналған тау-кен орындары жоспарының көшірмесін қолдана отырып анықтайды. Жоспарда сызылған анық палетканың немесе сызықтың көмегімен полигонды тасымалдау қашықтығының еніне 20 м тең жолақтарға бөледі. Шым тезектерді ернеуге тарату арқылы ойып алу кезінде тасымалдау қашықтығын анықтау үшін бір қабырғасын үйіндіге түйісетін полигон шекарасымен қоса отырып квадратты палетканы (2-сурет) қолданады. Шым тезектерді шығатын орлар арқылы ойып алу және құмдарды өндіру кезінде осы мақсатта оның ортасын шығаратын ордың көзімен немесе шаю аспабының бункерімен қосатын айналмалы палетканы (3-сурет) қолданады.

1-сурет. Шым тезектердің үйінділері: f – еңістік қабаттармен қалау; б – тік қабаттармен қалау; I – бастапқы кезде салынған қабат; II – кейінгі кезде салынған қабат; I – полигон шекарасы


2-сурет. Тік бұрышты палеткамен тасымалдау қашықтығын анықтауға: 2 – полигон шекарасы; 2 – үйінді шекарасы; 3 - есеп беру кезеңінің басы мен аяғындағы кен жардың орны; 4 – алаңды тегістеуге арналған тік бұрышты тор (сандармен қабаттың қалыңдығы көрсетілген); 5 – тік бұрышты палетка IV – палетканың жолақтары).

21-сурет. Айналмалы палетка: I - V – палетканың сақиналары

тасымалдаудың орта қашықтығы мына формула бойынша есептелінеді:



,

мұнда ∑hi – жолақ немесе I нөмірлері бар палетка сақиналарының ойып алынған қабат қалыңдығының қосынды саны; di - жолақ немесе сақина ортасынан полигон шекарасына немесе шаю аспабының бункеріне дейінгі қашықтық; п- жолақтар немесе сақиналар саны.

Үйінді шегінде тасымалдау қашықтығын және бульдозер өтетін жолдың жоғарлау биіктігін анықтау үшін есеп беру кезеңіндегі тау-кен массасының Р жүк түсіру ортасын табады.


Тасымалдаудың орта қашықтықтарын есептеу




Палектканың жолағы немесе сақинасы

Жолақтағы немесе сақинадағы қалыңдықтың қосынды саны

∑hi, м



Жолақтың немесе сақинаның орташа қашықтығы

di, м


di ∑hi


I

II



III

IV

V


8,2


16,7

25,9


33,5

17,3

10

30

50



70

90

82

501


1295

2345


1557

∑hi=101,6 көлемдерді есептеу деректері бойынша

∑(∑hi)=101,6


dcp=57 м


∑(di ∑hi)=5780


Шым тезектерді еңістік қабаттармен қалау кезінде бастапқы кезде (19, а сурет) Р1 жүк түсіру ортасын АР1 = 2/3АВ шарты бойынша табады. Нәтижесінде Р2 нүктесін : BP2ML ал.= P2CNM ал. алаңдардың тең шартына сәйкес табады.

Шым тезектерді тік қабаттармен қалау кезінде (1,б сурет) Р1 , Р2 жүк түсіру орталарын ABLK, BCNL үйінді учаскелерінің кескінді қималарының ауырлық орталықтары ретінде табады.

Барлық полигон бойынша үйінді және шығаратын орлар шегінде тасымалдаудың орта қашықтығын әр кескінді қимаға қатысты таразы ретінде тау-кен массасы қолданылатын бөлек кескінді қималар бойынша анықталатын өлшенген орта қашықтықтары негізінде анықталады.

Тасымалдаудың жалпы қашықтығын полигон және үйінді шегінде тік қашықтықтың қосынды саны ретінде анықтайды. Жалпы жоғарлауды есеп беру кезеңіндегі полигонның үстіңгі қабатының биіктік белгісінің жүк түсірудің орта биіктігі ретінде анықтайды.

____________________


Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға

15-қосымша

Түсірмелерді өңдеу және кенқайрандарды жер бетіндегі стереофотограмметрлік түсіру кезіндегі жоспарларды құру үшін қысқаша нұсқаулар
Тау-кен қазбаларының жоспарларын құру және шымтезектер мен құмдардың көлемдерін есептеу үшін жер бетіндегі стереофотограмметрлік түсіру кезінде әрбір стереожұпты үш тірек нүктесімен қамтамасыз етеді, түсіру базисінің сол жақ нүктесін анықтайды және оның ұзындығын өлшейді. Тірек нүктелерін жуу маусымының соңына дейін немесе тым болмаса келесі түсірмеге дейін сақталатын орындарға бекітіледі. Тірек және базистік нүктелердің координаттары 124-125 тармақтардың талаптарына сәйкес геодезиялық жолмен анықталады. Базистің ұзындығы карьерді топографиялық түсіру үшін арналған 9-қосымшада келтірілген формула бойынша есептеледі.

Алынатын қабат шағын болған жағдайда алынған тау-кен массасың көлемдерін есептеудің ерекшелігі қуаттылықты анықтаудың жоғары дәлдігі болып табылады. Осы мақсатта төмендегідей жұмыс тәртібі ұсынылады.

Стандартты түрде жерге орналасқан тірек нүктелерінің арасына 3 - 4 қосымша нүктелер бекітіледі, олардың ара қашықтығы 400 м дейін және 6 – 8 ара қашықтықта 400м 800 м дейін болады.

Есеп беру мерзімінің басында орындалған түсіру материалдары бойынша құрылған үлгілерді түзеткеннен кейін фотограмметрлік түрде тірек және қосалқы нүктелердегі барлық таңбалардың биіктіктерін анықтайды, бұр ретте әрбір нүктенің жоғары қима таңбасымен үш-төрт рет аспаптың өлшегіш таңбасын сыйыстырады. Әрбір нүкте үшін Hi орташа биіктік мәнін есептеп, оны жоспарға немесе журналға жазады және төмендегі формула бойынша Hо шартты деңгейжиегінің мәнін есептейді:



,

мұндағы n – тірек және қосалқы нүктелердің саны.

Бұдан соң тік бұрышты тордың үсті немесе жоспарда шамамен белгіленген кескіндік сызықтар бойынша жер мөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелердің биіктіктерін анықтайды. Тірек және қосалқы нүктелердің биіктіктері сантиметрмен, жер мөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелердің биіктіктері дециметрмен жуықталады.

Дәл сол базистен түсірілген стереожұп бойынша есеп беру мерзімінің аяғында Hо1 шартты деңгейжиегінің мәнін анықтайды және δН = Но - Но1 шартты деңгейжиекке енгізілетін түзетуді табады.

Өңделген аспаптың сол жақ өлшеу таңбасын түсірме ұстағыштың тірек әйнегінде айқастырып немесе көлденең штрихпен салады, биіктік есептегіштерден Н есебін алып, аяқ дискісін айналдыра отырып, Н1 = Н + δН есебін анықтайды. Бақыланатын нүктеге қатысты биіктік бойынша өлшеу таңбасының жиынтығын объективтік орналастырудың сол жақ компенсаторымен қалпына келтіреді, оң жақ компенсатормен көлденең параллаксты қалпына келтіреді, одан кейін есеп беру мерзімі басында жер мөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелердің биіктіктерін түсірмелер бойынша анықталған сол орындарда өлшейді.

Тау-кен қазбаларының жоспарларын құру бойынша бұдан кейінгі жұмысты және көлемдерді есептеуді қарапайым әдіс бойынша жүргізеді.

________________

Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымға

16-қосымша

Жерасты маркшейдерлік тірек және түсіру тораптары орталықтарының, бекеттері мен қадабелгілерінің ұсынылатын құрылымдары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет