3-параграф. Түсіру торабы бекеттерінің
биіктіктерін анықтау
55. Тригонометриялық тегістеу арқылы бекеттердің биіктіктерін анықтау кезінде тік бұрыштары қос тәсілді Т30 түріндегі теодолиттермен, бір тәсілді Т15 түріндегі және біршама нақты теодолиттермен өлшенеді. Құрал-жабдық пен көздейтін нысананың биіктігі сантиметрге дейін айналдырып өлшенеді.
56. Тригонометриялық тегістеу жүрістерін маркшейдерлік геодезиялық тірек торабының бекетіне тіреу қажет, оның биіктіктері ІV кластан төмен болмайтын геометриялық тегістеу дәлдігімен анықталады.
Тригонометриялық тегістеу жүрістерінің ұзындығы 2,5 км аспайды. Әрбір жүріс жақтарының өсуін тура және кері бағыттарда анықтайды. Өсу айырмасы 0,041 см аспайды, мұндағы 1 – жақтардың ұзындығы, м.
57. Маркшейдерлік геодезиялық тірек торабы бекеттерінің арасына төселген тригонометриялық тегістеу жүрістерінің дәлсіздіктері 0,04L√n см шамасынан аспайды, мұндағы L – жүрістің ұзындығы, м; n – жақтардың саны.
58. Жоғарғы белгілерді геодезиялық кертпе немесе үшбұрыштардың тізбектерін салу әдісімен анықталатын түсіру торабы бекеттеріне беру үшін бекеттердің арасындағы өсуі тура және кері бағыттардағы тригонометриялық тегістеу арқылы немесе кемінде екі негізгі бекеттен басталатын бір бағытта анықталады.
Полярлық әдіспен жұмыс істеу кезінде өсуді қайтадан анықтау нысана мен құрал-жабдықтың биіктігін өзгерту арқылы орындалады.
Негізгі және анықталатын бекеттер арасындағы қашықтық бұрыштарды Т30 және 1,5 км теодолиттермен, Т15 теодолиттерімен және 2 км – біршама нақты теодолиттерімен өлшеу кезінде 1 км асуына жол берілмейді. Бекет биіктігінің екі анықтамасының арасындағы айырма немесе тура және кері жүрістердегі бекеттер арасындағы өсу айырмасы 1 км дейінгі қашықтықта 0,03l, см, 11 км астам қашықтықта 0,02l, см болады, мұндағы – l – жақтардың ұзындығы, м. Егер бекет биіктігін анықтау саны екіден артық болса, кез келген биіктікті анықтаудың орташа арифметикалық мәннен ауытқушылығы 20 см аспайды.
59. Негізгі бекеттен анықталатын бекеттерге дейінгі 700 м қашықтықтарда және біржақты тригонометриялық тегістеуде өсуге Жердің қисықтығына және рефракцияға түзетулер енгізеді (8-қосымша).
60. Техникалық тегістеу үшін. Н-10 түріндегі және біршама нақты тегістемелер, РН-4, РН-5 түріндегі тегістеу мөлшерқадалары және басқалары пайдаланылады.
61. Техникалық тегістеу жүрістері бір бағыттағы негізгі қадабелгілер арасына төселеді; тура және кері бағыттарда аспалы жүрістер төсеуге рұқсат беріледі. Мөлшерқадаларға дейінгі қашықтық мүмкіндігінше тең және 150 м аспайды. Мөлшерқадалардың қара және қызыл түсті жақтары бойынша немесе құрал-жабдықтың екі көлденең қалпы бойынша анықталған өсу айырмасы 5 мм аспайды. Жүрістердің байламасы 50√L (мм) аспайды, мұндағы L – жүрістің ұзындығы, км. 1 км станциялардағы жүрістердің дәлсіздіктерінің саны 25 артық болғанда 10 √n, мм астам болады, мұндағы n – жүрістегі станциялардың саны.
4-параграф. Талдамалы фототриангуляция
62. Талдамалы фототриангуляцияны пайдалану кезінде түсіру торабы бекеттерінің координаттары мен биіктіктері ДК есептеледі. Есептеу бағдарламалары анықталатын бекеттердің координаттары мен биіктіктерінің дәлдік бағасы бар фототриангуляцияның теңдеуі қарастырылады.
63. Түсірмелердің масштабын, суретке түсіру биіктігін, тірек нүктелерінің саны мен оларды орналастыруды анықталатын бекеттердің координаттарының қателіктері түсіру торабы нүктелері үшін белгіленген мәндерден аспайтындай есеппен алынады.
64. Фототриангуляция торабын салу және теңестіру кезінде мынадай талаптар сақталады:
түсірмелердің координаттық белгілеріндегі координаттардың байламаларының аэротүсірмелерінің өзгеруіне түзету енгізгеннен кейін 0,02 мм аспайды;
түсірмелерді өзара бағыттаудан кейін қалдық параллакстар 0,02 мм аспайды;
маршруттық тораптың моделдерін қосу кезінде байланыстырушы нүктелердегі координаттардың байламасы түсірмедегі 0,07 мм аспайды, ал биіктіктердің байламалары – 0,0005 Нф, м болады, мұндағы - Нф, - суретке түсіру биіктігі, м;
теңдеу нәтижесі бойынша есептеп шығарылған анықталатын нүктелердің координаттары мен биіктіктерінің орташа шаршы қателіктері 50-тармақта келтірілген шекті мәндердің жартысынан аспайды.
5-тарау. Түсіру жұмыстары
1-параграф. Негізгі ережелер
65. Карьерлерді түсіру аэро- немесе жер бетіндегі фотограмметриялық түсіру, тахеометриялық түсіру, мензулалық түсіру әдістерімен және перпендикулярлық тәсілмен орындалады.
66. Карьерлерді түсіру объектілері: тау-кен қазбалары (кемерлер, төменгі орындар, орлар, блоктардың жарылысы кезіндегі қопару желілері, қираған жерлер, дренаждық қазбалар, су бөлу жыралары);
жыныстардың ішкі үйінділері;
барлау қазбалары және жер бетіне шығып тұрған кен орындарының геологиялық құрылысының элементтері;
қауіпті аймақтардың шекаралары (өрттердің, ерітілген тау-кен қазбаларының, көшкіндердің, қопарылулар мен тағы басқа аймақтары);
карьердегі және ішкі үйінділердегі көлік жолдары, таспалы конвейерлер мен олар арқылы өту жолдары, кемерлердің арасындағы баспалдақтар;
құрылыстар (эстакадалар, көтергіштер, аспалы арқан жолдары, электрлік шағын станциялар, тұрақты электр беру желілері, гидромеханизация қондырғылары, бөгеттер, сужібергіштер, құбырөткізгіштер, сорғы және топырақ сорғыш қондырғыларының орындары) болып табылады.
67. Түсіру кезінде жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелерді контурлар мен беттердің барлық сипаттағы нүктелерінде алады. 1:1000 масштабта түсіру кезінде жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелер мен кемерлердің жиектерінің арасындағы қашықтық егер кемерлердің жиектері күрделі болса - 20 м; егер кемерлер керілген, тік сызыққа жақын болса – 30 м аспауы тиіс; 1:2000 масштабта түсіру кезінде егер тік сызықты жиектер ұзаққа созылған бойда 50 м болса, бұл қашықтықтар соған сәйкес 30 және 40 м аса алмайды.
1:5000 масштабта аршу жыныстарының үйінділерін түсіру кезінде жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелерінің арасындағы қашықтық 100 м аспайды, 1:1000 масштабта қопару жыныстарының бетін түсіру кезінде 10 м, 1:2000 масштабта – 20 м аспайды.
68. Түсіру тұғырының әр түрлі бекеттерінен түсіру учаскелерінің шекараларындағы контурлардың айырмасы жоспардағы нақты контурлар үшін 1 мм және нақты емес контурлар үшін 1,5 мм болуына жол берілмейді.
Жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелер биіктігінің айырмасы жер бетіндегі түсіру кезінде 0,4 м және аэрофотограмметрлік түсіру кезінде 0,8 м аспайды.
69. Карьердің жер асты дренаждық тау-кен қазбаларының түсірмесі ашық тау-кен қазбаларының түсірмесі орындалған масштабта жүргізіледі.
2-параграф. Аэрофотограмметрлік түсіру
70. Аэрофотограмметрлік түсірме тау-кен қазбаларының, аршу жыныстарының және пайдалы қазбалар қоймаларының жоспарларын құру, карьердің цифрлық үлгісін құру және толықтыру үшін қолданылады. Аэрофототүсірме материалдары сондай-ақ карьер мен оған жақын орналасқан аумақтың фотожоспары мен фотосызбасын құру үшін, карьердің түсіру торабы бекеттерінің координаттары мен биіктіктерін анықтау үшін қолданылады.
71. Маркшейдерлік құжаттама дайындау үшін аэрофототүсірмені мынадай техникалық талаптарды сақтай отыра, ірі масштабты аэрофототопографикалық түсірмеге арналған аэрофотоаппараттармен орындайды:
түсірмелердің тиісті бойлық жабыны – 60 немесе 80 %,
түсірмелердің көлбеулерінің бұрыштары - 4° дейін,
бір маршрут шегіндегі ұшу биіктігінің өзгеруі – 50 м аспайды,
фотобейненің есептік сызықтық майламасының шамасы – 0,05 мм аспайды.
72. Суретке түсіру масштабы 1:1000 масштабта тау-кен қазбаларын түсіру және екі жылға және біршама ұзақ мерзімге арналған оймалардың көлемін бақылау анықтау үшін түсіру кезінде 1:10 000; 1:2000 масштабта тау-кен қазбаларын түсіру кезінде - 1:15 000, пайдалы қазбалардың қоймаларын түсіру кезінде – 1:5000, аршу жыныстарының үйінділерін түсіру кезінде – 1:25 000 масштабтан кіші болмайды.
73. Тау-кен қазбаларының жоспарын дайындау үшін шыныдағы диапозитивтерді немесе 60 % тиісті бойлық жабыны бар жоспарды дайындау алдында аэрофильмнен кесіліп алынған негативтерді пайдаланады.
Олардан шыныдағы диапозитивтер мен байланыс белгілері дайындалған аэронегативтердің барлық алаңы бойынша айқын және жақсы дайындалған бейнесі болады.
74. Тереңдігі 200 м дейінгі карьерлерді ай сайын түсіру кезінде әрбір стереожұп оның бұрыштарында орналасқан төрт жоспарлы-биік тірек нүктелерімен, тереңдігі 200 м астам карьерлерді, сондай-ақ ұзақ мерзімді ойма көлемдерін бақылау анықтау мақсатында орындалатын түсіру кезінде қамтамасыз етіледі, стереожұп орталығында қосымша биік тірек нүктесі болады.
75. Тау-кен қазбаларының жоспарлары әмбебап фотограмметрлік аспаптарда дайындалады, олардың аспаптық дәлдігі мынадай талаптарға сәйкес қабылданады: үлгілердің нүктелерінің координаттарын анықтаудың орташа шаршы қателіктері жоспарлы координаттар үшін 0,02 мм, жазық түсірмеде және биіктік үшін 0,01 % Н аспайды, мұндағы Н, мм – аспаптағы жобалау биіктігі.
Түсірмелерді өңдеу үшін қолданылатын аспаптарды пайдалану жөніндегі нұсқауға сәйкес тексеріледі және егер олардың аспаптық дәлдігі көрсетілген талаптарға сәйкес болмаса заңдастырылады.
76. Түсірмелерді әмбебап фотограмметрлік аспаптың камерасына, ондағы құрылым мен бағыттауға, жердің фотограмметрлік үлгісін орнату кезінде мынадай талаптар сақталады:
түсірмелерді ұстағыштардың екі ұштылығымен координаттық белгілердің бейнелерінің сыйымсыздығының диапозитивтерін (негативтерін) орталықтандыру кезінде 0,1 мм асыруға жол берілмейді;
түсірмелерді өзара бағыттағаннан кейін үлгі нүктелеріндегі қалдық параллакстар аспаптың өлшеу маркаларының жартысынан аспайды;
үлгінің ішкі бағыттағышы кемінде төрт тірек нүктесі бойынша орындалады, олардағы байламалар бір белгіде болмауы және жоспардағы 0,4 мм және түсірілетін объектінің орташа жазықтығы үстіндегі суретке түсіру биіктігі 0,03 % аспайды.
77. Кемердің үстіңгі және төменгі жиектерінің жоспарлы қалпын фотограмметрлік үлгіде көрінетін контур бойынша аспаптың өлшеуіш маркасын үздіксіз жүргізу кезінде бейнелейді. Егер кемерлердің еңістерінің пішіні күрделі болса, онда жиектерден басқа көлденеңінен (шамамен еңістің ортасынан) немесе құйылу шекарасын енгізеді. Жиектер мен еңістердің контурларында жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелерді ерекше нүктелерден алады. Аршылған жыныстарының үсті 2,5-5,0 м арқылы көлденеңінен немесе жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелермен бейнелейді. Жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелердің биіктіктері дециметрге айналдырады.
Кемерлердің жиектеріндегі немесе аршылған жыныстардағы жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелердің арасындағы қашықтық белгіленген мәндерден аспайды.
78. Аэрофототүсірме материалдарын өңдеуді жердің геодезиялық бағыттау үлгілерінің элементтерін есептеп шығаруда, тау-кен массасының оймаларының көлемін, пайдалы қазбалардың қоймаларын есептеу және графосалғыштарда түсіру объектілерінің жоспарларын дайындау компьютерді қолданумен орындалады. (9-қосымша).
3-параграф. Жер бетіндегі стереофотограмметрлік түсіру
79. Жер бетіндегі стереофотограмметрлік түсірмені дербес немесе тахеометрлік түсірмемен бірге қолданады.
80. Түсірмені фокустық қашықтығы 100-300 мм фотокамералармен орындайды. Фокустық қашықтықтағы 300, 200 және 100 мм фотокамераларды пайдалану кезінде қашықтықтан түсіретін жоспардың қашықтығы 4, 3 және 1,5 км аспайды. Суретке түсіру базисінің ұзындығын есеп бойынша анықтайды (10-қосымша). Базис тәуелсіз екі рет өлшенеді, өлшегіштер арасындағы айырма оның ұзындығынан 1:2000 аспайды.
Ескертпе: Қашықтық деп базистің сол жақ нүктесінен объектінің уф шүлдігіне бағытталған проекциясына дейінгі арақашықтық айтылады.
81. 2 км аспайтын қашықтықтан түсіретін жоспарының қашықтықтарында және фокустық арақашықтығы 200-300 мм фотокамераларды пайдалану кезінде әдеттегідей түсірменің қалыпты және тең ауытқушылық түрі қарастырылады. 2 км астам қашықтықта, сондай-ақ фокустық қашықтығы 100 мм камерамен түсіру кезінде түсірменің тек қалыпты түрі пайдаланылады.
82. Фотограмметрлік үлгіні түзету үшін әрбір стереожұп қашықтықтан түсіретін жоспарда үш тірек нүктесімен қамтамасыз етіледі: олардың біреуін ортасында, қалған екеуін стереожұптың шеттерінде орналастырады. Тау-кен жұмыстарын шеп бойымен түсіру кезінде қашықтықтан түсіретін жоспардағы тау-кен қазбаларының кескінінің шамасы түсірмедегі 20 мм артық болмаса, түсіру учаскесінің қашықтықтан түсіру жоспарында бір тірек және бір бақылау нүктесі болса жеткілікті.
83. Тірек нүктелерінің және базистің сол жақ нүктесінің координаттары мен биіктіктері түсіру торабының бекеті ретінде анықталады.
Стереожұп бойынша қосымша базистен алынған фотограмметрлік үлгіні түзету үшін қажетті тірек нүктелерін негізгі стереожұп бойынша құрылған үлгілерді түзеткеннен кейінгі жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелер ретінде анықтауға болады.
84. Үлгілерді түзетуді тірек нүктелеріндегі байламаны алып тастап орындайды. Байламаларды ∆Н-биіктігі және жоспардағы ∆уф - қашықтық пен ∆хф - көлденең бағытта анықталады.
Түзетуді кескінді негізді пайдалана отырып немесе аспаптың есептеу құралы бойынша орындауға болады. Үш тірек нүктелері бойынша үлгілерді түзеткеннен кейін олардың кез келгеніндегі байламалар мынадай талаптарға сәйкес болады: жоспардағы ∆уф ≤0,2 мм - 1 км дейінгі қашықтықта және ∆уф ≤0,3 мм – үлкен қашықтықтарда; жоспардағы ∆хф ≤0,2 мм- ∆Нф ≤0,2 м. Байламаның бір тірек нүктесі бойынша (93-т.) түзетуден кейін мынадай талаптарға сәйкес болуы керек: ∆уф ≤0,4 мм, ∆хф ≤0,1 мм және ∆Нф ≤0,2 м.
85. Егер қашықтықтан түсіретін өңдеу жоспарының қашықтығы 2 км асатын болса, онда қашықтық бойынша түзету қателіктерін кішірейту үшін фотограмметрлік әдіспен үш-бес қосымша нүктелерді анықтайды, олар кезекті түсірмелерді өңдеу кезінде пайдаланылады. Мұндай нүктелер (бағаналар, жергілікті бұйымдар мен тағы басқа) үлгілерді үш негізгі тірек нүктелері бойынша мұқият түзетуден кейін стереожұптың қашықтықтан түсіру жоспарында анықтайды. Кезекті түсірменің стереожұбын өңдеу кезінде үлгілерді негізгі тірек нүктелері бойынша анықтайды және ∆уф байламаларын барлық негізгі және қосымша нүктелер бойынша анықтайды. Байламаның орташа арифметикалық мәнін есептеп, оның шамасына координатограф микроскопын орталықтандырғыш бұрандамен араластырады. Тірек нүктелеріндегі қалдық байламалар (түзету енгізгеннен кейін) келтірілген мәндерден аспаған жағдайда ғана жоспарды толықтыруға жол беріледі.
4-параграф. Тахеометрлік түсіру
86. Тахеометрлік түсірмені Т30, Т15 түріндегі теодолиттермен, авторедукциялық немесе электрондық тахеометрлермен орындайды. Көлденең шеңбер бойынша есептеулерді 10 минутқа жуықтауға рұқсат беріледі.
87. Аспаптан бастап жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелерге дейінгі арақашықтық, әдеттегідей, 1:1000, 1:2000 және 1:5000 масштабта соған сәйкес кемерлердің жиектері мен басқа да айқын емес контурларды түсіру кезінде 150, 200 және 300 м болмауы қажет: көру түтігін 25х және аспаптан бастап жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелерге (анық емес контурларды түсіру кезінде) дейінгі біршама үлкен арақашықтықта ұлғайта отырып, теодолитпен түсіру кезінде соған сәйкес 200, 250 және 350 м астам қабылдауға болмайды. Егер кемердің (ойып алынатын қабаттың) биіктігі 3 м аз болса, онда жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелерге дейінгі арақашықтық 150 м аспауы тиіс. (Ғимараттардың, құрылыстардың) нақты контурларын түсіру кезінде аспаптан бастап жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелерге дейінгі арақашықтық 1:1000, 1:2000 және 1:5000 масштабта түсіру кезінде соған сәйкес 80, 100 және 150 м аспайды.
88. Әрбір түсіру торабы бекетінен бақылау үшін көршілес бекеттерден алынған учаскелерде орналасқан қосымша жермөлшерлік қазықпен белгіленген қазықтарды алады.
89. Әрбір станцияда абрис құрылады, онда кемерлердің жиектері мен басқа да түсіру объектілерінің қалпын көрсетеді. Көлденең төсемдер мен жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелердің биіктіктерін есептеу тахеометрлік түсіру журналында орындалады (11-қосымша). Жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелердің биіктіктері мен көлденең төсемдерді дециметрге айналдырады. Жермөлшерлік қазықпен белгіленген нүктелерді жоспарға енгізу қателігі 0,5 мм аспайды.
5-параграф. Суырып алынған тау жыныстарының көлемін есептеу
90. Маркшейдерлік түсіру деректері бойынша суырып алынған тау жыныстарының көлемдері тік және көлденең қималардың, үшқырлы призмалардың (12-қосымша) тәсілдерімен және нәтиженің қажетті дәлдігін қамтамасыз ететін басқа да тәсілдермен анықталады. Егер көлемдерді есептеу үшін ДК пайдаланылса, үшқырлы призмалардың тәсілін қолданған жөн.
91. Егер жарылған жыныстар тазартылған кемер қиябетіне жарылуы мүмкін жыныстарды қазу кезінде бір ай бұрын тиелсе, онда суырылып алынған жыныстардың көлемін бақылау есептеу жыныстарды тиеу аяқталғаннан кейін блок бойынша жүргізіледі.
Егер жарылған жыныстар тазартылмаған тау-кен массасына жарылуы мүмкін жыныстарды қазу кезінде бір ай бұрын тиелсе, онда суырылып алынған жыныстардың көлемін бақылау есептеу әрбір кезекті жарылыс алдында орындалған екі түсірме арасындағы мерзімде жүргізіледі.
Көлемдердің бақылау есебін жүргізу тау-кен қазбаларының жоспары және есеп беру мерзімінің соңында толықтырылған қималар бойынша орындалады.
92. Бір жылға арналған есепке алу үшін қабылданған көлемдер, бақылау есепке алу бойынша көлемдердің арасындағы айырма келтірілген төменгі мәндерден асуына жол берілмейді.
Суырылып алынған жыныстардың көлемі, мың м3
|
20 дейін
|
20-50
|
50-100
|
100-200
|
Бақылау есебін жүргізу кезіндегі суырылып алынған жыныстар көлемінің жекті салыстырмалы айырмасы, %
|
15
|
12
|
9
|
6
|
Суырылып алынған жыныстардың көлемі, мың м3
|
200-500
|
500-1000
|
1000-2000
|
2000 астам
|
Бақылау есебін жүргізу кезіндегі суырылып алынған жыныстар көлемінің жекті салыстырмалы айырмасы, %
|
4
|
3
|
2
|
1,5
|
Егер суырылып алынған аршу жыныстары мен пайдалы қазбалардың көлемі маркшейдерлік түсіру бойынша қопсытылған күйде анықталып, одан кейін кентіректегі көлемдерге келтірілсе, онда келтірілген мәндерді 1,5 есеге арттырады.
6-параграф. Бұрғыаттырма жұмыстарын қамтамасыз ету
93. Бұрғыаттырма жұмыстарын маркшейдерлік қамтамасыз ету:
бұрғыаттырма жұмыстарының жобасын дайындау үшін кескіндік құжаттама дайындауды;
жарылыс қазбаларының жобалық орнын жер бетіне ауыстыру үшін жұмыс учаскесінде негіз құруды қамтиды.
94. Бұрғыаттырма жұмыстарының жобасын құру үшін жоспардан, қажет болған жағдайда, тау-кен қазбаларының қимасынан үлгілерін дайындайды. Жоспарлар жобаны дайындаған кезде толықтырылады. Егер бұрғыаттырма жұмыстарының жобасын құру үшін ірі көлемді жоспар қажет болса, онда жоспардың үлгісін қажетті масштабқа дейін үлкейтеді.
95. Жарылыс блогын карьердің контурында орналастыру және күрделі төменгі орындардан өту кезінде жарылыс қазбаларының орнын кемер алаңына аспаптармен шығарады. Егер жарылыс қазбалары тазартылмаған кемер еңістері арқылы өтсе, бірінші қатардағы жарылыс қазбаларын аспаптармен шығарады, ал тазартылған кемерлер арқылы өтсе, онда тек олардың біріншісі мен соңғысын шығарады. Жарылыс қазбалары өткеннен кейін қажет болған жағдайда олардың сағаларын түсіреді.
7-параграф. Аршу жыныстарының сыртқы үйінділерін түсіру
96. Түсіру объектілері болып үйінділердің контурлары, ярустардың жиектері мен алаңдары, көлік жолдары, тұрақты электр беру желілері, байланыс және тағы басқалар табылады.
97. Аршу жыныстарының сыртқы үйінділері 1:2000 немесе 1:5000 масштабта түсіріледі.
Түсіру негіздемесі 54-70 тармақтарда баяндалған талаптарға сәйкес дайындалады. Түсірмені фотограмметрлік немесе тахеометрлік әдіс арқылы орындайды. Аэрофотограмметрлік түсіру кезінде 80-88 тармақтарды басшылыққа алады. Жер бетіндегі стереофотограмметрлік түсірмені 89-95 тармақтардың талаптарына сәйкес орындайды, суретке түсіру базисінің ұзындығын карьерді топографиялық түсіру үшін қабылданған формула бойынша есептейді (8-қосымша).
Тахеометрлік түсіру кезінде 86-89 тармақтарда баяндалған талаптар сақталады.
Жыныс үйінділерінің жоспарларын сандық таңбалары бар проекцияда және үйіндінің жобалық контуры шегіндегі учаскенің беті мүмкіндігінше бір табаққа келетіндей есеппен табақтың жақтарына қатысты координаттардың торларын еркін бағыттау түрінде дайындайды.
98. Аршу жыныстарының үйінділеріндегі теміржол жолдарының кескіні арнайы жолөлшеуіш құралдары және қажетті дәлдікті қамтамасыз ететін басқа да әдістер арқылы техникалық тегістеумен тексеріледі. Жолдың кескінін тексеру мерзімділігін мекеменің техникалық басшысы нақтылайды.
3-бөлім. Кенқайрандардың кеніштерін ашық қазуды түсіру
6-тарау. Түсіру тораптары
99. Түсіру тораптары 1:2000 масштабта карьерлерді түсіру негіздемесіне қатысты 3 бөлімде баяндалған талаптарға сәйкес және 99-102 тармақтарда келтірілген қосымша талаптарды есепке ала отырып құрылады.
100. Түсіру торабының бекеттері, әдеттегідей, кеніштердің бойымен оның шекарасынан тыс бірдей етіп орналастырылады. Бекеттердің кемінде үштен бірі ұзақ мерзімді орталықтармен бекітіледі. Кеніштердің бойындағы әрбір километрде кемінде 3-4 бекеттен бекітіледі. Полигонды дражалық әдіспен қазу кезінде бекеттер олардан бастап біршама қашық орналасқан нүктелерге дейінгі арақашықтық тау-кен қазбаларын тахеометрлік түсіру кезінде 200 м аспайтындай есеппен орналастырылады.
101. Жердің сипатына байланысты түсіру тораптары үшбұрыштардың тізбектері, геодезиялық кертпелер, және теодолиттік жүрістер түрінде құрылады. Теодолиттік жүрістердің ұзындығы 2 км, ал түйіндеуші нүктелердің негізгі бекеттерден бастап қашықтығы 1,5 км аспайды.
102. Түсіру торабы бекеттерінің биіктіктері геометриялық немесе тригонометриялық тегістеумен анықталады.
7-тарау. Түсіру жұмыстары
1-параграф. Жалпы ережелер
103. Жер бетінің топографиялық түсірмесі 1 немесе 2 м арқылы бедерлердің қимасындағы 1:2000 масштабта кенқайрандарды егжей-тегжейлі барлау аяқталған кезде орындалады. Жер беті бедерінің пішіндері бір қалыпты, кенқайрандары қарапайым геологиялық түрде салынған және құрамында пайдалы қазбалар ұзақ тұрған кеніштерде 1 немесе 2 м арқылы бедерлердің қимасындағы 1:5000 масштабта түсіруге және жоспарларды 1:2000 масштабқа дейін үлкейте отырып орындауға болады.
104. Тау-кен қазбаларының түсірмесін 1:2000 масштабта орындайды. Егер кенқайрандардың бір айда қазылатын бөлігінің ауданы 3 мың м2 аспаса, онда 1:2000 масштабта түсіру талаптарына сәйкес келетін түсіру тораптары бекеттерінің негізінде 1:1000 масштабта түсіріледі.
105. Қазу әдісіне, қазылған жердің көлемі мен түріне байланысты тау-кен қазбаларын түсіру үшін мынадай: алаңды тегістеу, тахеометрлік, жер бетіндегі стереофотограмметрлік әдістерді пайдаланылады.
106. Кенқайрандарды ашық қазу кезіндегі түсіру объектілері болып:
кеніштің өндірістік-шаруашылық қызмет аумағы шегіндегі жер бетінің бедері мен жағдайы;
шымтезектердің, малта тастар мен эфельдердің үйінділері;
бьефтің контурлары, жағалар мен түптердің бедері; су ағындары (дражалық қазбалар үшін);
барлау қазбалары (шыңыраулар, ұңғымалар);
орлар, жыралар, қазан шұңқырлар, бөгеттер, далдалар, дренаждық қазбалар мен құрылыстар;
кемерлер мен орлардың жиектері;
бөгеттердің беттері;
геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлар;
құламалар, қирамалар, опырылулар мен көшкіндер табылады.
107. Кенқайрандарды қазу барысында ай сайын есеп беретін айда табылған тау-кен массасының көлемін анықтау мақсатында қазылатын бөлігін түсіреді. Бір айдағы суырылып алынған полигондағы шымтезектер мен құмдардың көлемін анықтау қателігі 6 % аспайды. Үйінділерді жыл сайын қорларды есептеу және тау-кен жұмыстарын техникалық жобалау басталар алдында, сондай-ақ кен орындарын өңдегеннен кейін түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |