Аудандық ауруханасының бас дәрігері С.Ысқақовтың хабарламасы
2. Ана мен бала денсаулығын қорғау туралы хабарлама
Аудан бойынша жалпы әйелдер саны – 2013ж І-жарты жылдығында – 39054, (2012ж-38154). Туу жасындағы әйелдер – 2013ж І-жарты жылдығында -19565. ( 2012 ж -19347)
2013 ж І-жарты жылдығында -1015 әйел босанды, туушылдығы жоғары елді мекендер а/о Аққорған- 73, а/о Төменарық- 61, а/о Ақұйік- 47, а/о Келінтөбе-42, а/о Қожакенттен-40 тіркелді. Мерзімінен бұрын босанғаны-47-4%, босану бөлімінен тыс жерде, яғни үйде –8-0,9%. ( үй жағдайында босанып бөлімге жеткізілген әйелдерді, елді мекен бойынша атап өтсек а/о Ақұйік-2, а/о Бесарық-1, а/о Машбек-1, а/о Талап-1, а/о Қожакент-1, а/о Аққұм-1 және кент орталығынан 1 жағдай тіркелді. Үй жағдайында босанған әйелдердің 1-нің нәрестесі шетінеп (а/о Ақұйік ), қалған- 7-нің нәрестелері тірі.
Жасөспірім қыздардың жүктілігі –2-0,1%, егіздер -11-1%.
Босану 2012 жылы-975, мерзімінен бұрын -27-3% , босану үйінен тыс жерде—1-0% , жасөспірім қыздардың жүктілігі –1-0% , егіздер -8-1%
Аборт саны- 2013 жылы 60 , оның ішінде өздігінен болған түсік -53-95%, 12 аптаға дейінгі медицианлық аборт – 3-5 %.
2012 жылы барлық аборт саны-67, өздігінен болған түсік -60, 12 аптаға дейінгі медициналық аборт-58.
Ана өлімі 2012-2013 ж І-жарты жылдығында тіркелген жоқ.
Ауданда акушерлік- гинекологиялық көмек көрсететін 60 койка бар, оның ішінде 30 койка босану үйінде, 30 койка гинекологиялық бөлімде.
Орталық емханада- әйелдер кеңесі 3 аймаққа бөлінген. 1 - жасөспірім қыздар гинекологы бар.Төменарықта 1 акушер – гинекологиялық аймақ бар.
Аудан бойынша 12 акушер-гинеколог дәрігер бар, акушер-гинекологтардың қамтамасыз ету 10-мың халыққа шаққанда -1,5, облыстық көрсеткіш-2,0. оның ішінде аудандық ауруханада -5 дәрігер, емханада -7 дәрігер жұмыс жасайды.
Аудандық емханада «Болашақ аналар мектебі » кабинеті жұмыс істейді.Әр аптаның бейсенбі күні дәрігерлер жүкті әйелдермен «қауіпсіз жүктілік», «босануға дайындық », «нәресте күтімі» , «босанғаннан кейінгі кезең » және «жанұяны жоспарлау » тақырыптарында сабақ жүргізеді.
Тоқсан сайын бас мамандар елді-мекендерді аралап тәжірибелік көмек көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |