Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2015 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы хабарлама



Дата09.06.2016
өлшемі77.73 Kb.
#123215
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2015 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы хабарлама

ҚР «Мәдениет туралы» Заңы, ҚР Үкіметінің Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы, ҚР «Тіл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы, ҚР Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауына сәйкес аудан көлемінде халық шығармашылығын дамыту мен мәдени қызмет көрсетуде, жас таланттарды қолдау мен шыңдауда, биылғы жылы аталып өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған шығармашылық жоспар бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Аудан бойынша мәдениет саласында 13 мәдениет үйі, 8 клуб, 25 кітапхана жергілікті тұрғындарға мәдени-ақпараттық қызмет көрсетіп отыр.

Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 298 санды қаулысы негізінде Тұғыл ауылдық округіне қарасты Байтоғас ауылынан клуб үйі ашылды.

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2015 жылдың 9 айында 5 млн 101 мың 573 теңге бөлініп, соның ішінде: 2 млн 580 мың теңгеге Ақжар мәдениет үйіне газел микроавтобусы, 812 мың 992 теңгеге Ақжар мәдениет үйіндегі ұлттық оркестрге киім тігілсе, 531 мың 581 теңгеге техникалық құралдар /вокальный процессор, микрофон және т.б./, аудандық кітапханаға 30 мың теңгеге «ОТАУ», Үштөбе кітапханасына 30 мың теңгеге электро учетчик, ауылдық кітапханаларға 180 мың теңгеге стол, орындық, 337 мың теңгеге кітап алынса, 600 мың теңгенің 41 мерзімді басылымдарына жазылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 3 мәдениет және клуб үйлеріне, 1 кітапханаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мақсатында «Жоба-кітапхананы дамыту стратегиясы» атты республикалық конференцияға 2 адам, «Бизнес-кеңесші және онлайн-орталық: Жаңа ынтымақтастық» атты семинар-тренингке 3 адам, «Растим патриотов: работа по патриотическому воспитанию в условиях библиотеки» атты семинарға 1 адам қатысып, білімін көтеріп қайтты.

2015 жылдың 9 айында мәдениет пен өнер саласында тәрбие бағытының сан саласы бойынша, тарихи-танымдық, эстетикалық, әдеби-мәдени бағытта 1299 мәдени-көпшілік шара өтіп, оған 178702 адам қамтылды. Оқырмандардың ақпараттық мәдениетін көтеру, жедел ақпаратпен қамтамасыз етуде аудан кітапханаларында 2015 жылдың 9 айында 279 909 дана үстінде кітап қоры жинақталған. Аудан көлемінде кітапханаларға 14811 оқырман қамтылды.



Ақпан айында қазақ поэзиясы алыптарының бірі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған аудандық кітапханада «Ғасырдың ғаламат ақыны» атты сазды-поэзия кеші, 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына орай патриоттық концерт, 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне арналған «Әйел аяулы жар, ардақты ана, ақ жаулықты әже» атты мерекелік концерт, қазақтың ұлы қыздарын бейнелеген «Қазақтың ардақты қыздары» сән үлгісі өтті.

Биылғы жылы аталып өткен жыл басы Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі барлық ауылдарда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған көрініс түрінде көрсетілді. Бұл мерекеде 20-дан астам тақырыптық қойылымдар қойылды. Аудан орталығында өткен Наурыз мерекесіне ұлттық нақышта безендірілген 14 киіз үй тігіліп, орталық сахнада көрермендерге Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек сұлтандардың бейнесі көрсетілді. Аудан бойынша Наурыз мейрамының аясында өткен шаралардың театрландырылған қойылымдарына 2040 көркемөнерпаз қатысып, 2000-ға жуық адам тартылды. Осы шарамен бірге «Үздік қазақ үйі» байқауы қоса ұйымдастырылды.

Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына атап өтуде халықтар бірлігін көрсететін 23 ән-би концерті, Ақсуат мәдениет үйінде «Қазақстан достық бесігі» фестивальі, аудандық кітапханада «Қазақстан - достық бесігі» атты дөңгелек үстел, «Ассамблея - татулық темірқазығы» атты кітап көрмесі өткізілді.

Аудандағы шығармашылық ұжымдардың концерттік гастрольдерін өткізу, шығармашылық есептер беру, халық театрларының жұмысын жандандыруда біршама жұмыстар атқарылды. Қаңтар - ақпан айларында Ақсуат мәдениет үйі жанындағы халық театры А.Салбановтың «Ойыншықтар» ертегісімен, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақ халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Өнермен өрілген тарих» атты концерттік бағдарламамен аудан көлеміндегі ауылдық округтерге және көршілес Зайсан ауданына, Зайсан ауданының Шілікті ауылына, Ақжар мәдениет үйі жанындағы халық театры Ш.Айтматовтың «Жәмилә» спектаклімен Жетіарал ауылына мәдени гастроль ұйымдастырды.



А.Құнанбаевтың 170 жылдығын атап өтуге байланысты «Абай дана-Абай дара қазақта» әдеби қонақжай кеші, «Абай әндерін шырқаймыз» конкурсы, «Абай оқулары» байқауы, «Абай біртұтас әлем», «Абай мұрасы-халық қазынасы» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Аудандағы жастармен шығармашылық жұмыстар ұйымдастыруда жыл басынан бері көңілділер мен тапқырлар командаларының «Маусымашар - 2015» аудандық жайдарман ойыны өткізілуде.

Халықаралық театр күніне орай Ақсуат мәдениет үйінде «Өнер адамы» кеші, шығармашылық иелеріне қолдау көрсету мақсатында ұстаз, әнші, әуесқой сазгер Н.Садуақасовтың «Ұстаздығым жыр-дастан, Өмірім өнерімен ұштасқан...», Қытай Халық Республикасынан келген ақын Әлихан Ошанбайдың «Аңсағаным арлы өлең...», М.Мұқанғалиевтың «Қыран қанатында» атты шығармашылық кештері өтті.

7-22 сәуір күндері аралығында ауылдық округтерде Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығы, А.Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің Ұлы тарихы» атты аудандық көркемөнерпаздар байқауы өтіп, байқауға 2500 көркемөнерпаздар атсалысты. Осы шығармашылық байқауда 40 концерт беріліп, 9500-ден аса көрермен тартылды. 29 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде байқау қорытындыланды.

Ақсуат ауылында өткен ІІІ-Халықаралық Ырғызбай Досханаұлы атындағы Гран-Придің ашылу салтанатында шетел және республика қонақтарына «Мәңгілік ел» композициялық концерті берілді.

6-7 мамыр күндері аралығында Ақжар ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халқымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында бүкіл өмірін ат үстінде өткізіп, ұлан-байтақ жерімізді жоңғар шапқыншылығынан ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бүгінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған «Ту ұстап, тұлпар мінген Ер Дәулетбай» есерткішінің ашылуы болды.

Ақжар мәдениет үйінде ғылыми конференция өтіп, соңынан ақындар айтысы ұйымдастырылды.



Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты патриоттық ерлік тақырыптарында соғыс және тыл ардагерлерімен 25 кездесу кештері, «Ешқашан ұмытылмайтын Ұлы ерлік даңқына тағзым» атты театрландырылған классикалық үлгідегі концерт спектакль ұйымдастырылып, Ұлы жеңістің 70 жылдығы мерекесіне арналған «Ешқашан ұмытылмайтын ерлікке тағзым» тарихи-тағылымдық ескерткіш кітабы шығарылды. Аудандық кітапханада «Ұрпағы батыр ата-апаларын ұмытпайды» атты тыл ардагерлерімен дөңгелек үстел, «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіске - 70 жыл» атты тақырыптық кеш, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштертер орнатылды.

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай орталық алаңда «Қазақ стан болашағы - нұрлы жолмен» тақырыбында аудандық «Айгөлек» өнер байқауы, 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Тарбағатай ауданы Ақсуат мәдениет үйі Өскемен қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ХІХ-ші халықтық спорт ойындары аясында «Үздік қазақ киіз үйі» байқауына ішінде 200-ден асатын заттық-материалдық ұлттық жәдігерлері бар үй жабдықталып, жүлделі І - орынға ие болып, 200 мың теңгенің сертификатын иеленді. Сондай-ақ облыстық «Жас қанат» байқауына ауданнан қатысқан жас әнші Ержанат Ақиқат ІІ-орын алып, республикаға жолдама алды.

19 маусым күні «Тарбағатай ауданының ардагерлер үйінің жұмысы туралы» тақырыбында облыстық ардагерлер кеңесінің семинары Ақсуат ауылының мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Тарбағатай ауданында өткен облыстық ардагерлер семинарында қазақ халқының дәстүрлі мәдениетімен таныстыру мақсатында қазақ үйі және қазақ халқының ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылып, Қабанбай ескерткіші алаңында «Хан батыры-Қабанбай» флэш-моб өтті.

6 шілде - аудан орталығында Астана қаласының айшықты мерекесі «Астана күні» аталып өтті. Алаңда аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Аудандық орталық кітапханада «Ел жүрегі Астана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде  қазақ және  орыс тіліндегі  Астана туралы кітаптар мен баспасөз  материалдары ұсынылып, «Астана күні»   мерекесіне  арналған велосипедтен ерлер арасында жарыс  өткізілді. Жарысқа 25 адам қатысты. Құмкөл ауылдық клубында «Парасат» әжелер клубының 5 жылдық мерейлі мерекесі Астана күні мерекесі қарсаңында өтті. Елбасының «Мерейлі отбасы» бағдарламасын ел ішінде насихаттау барысында ұйымдастырылған іс шараға 220-дан аса ауыл тұрғындары қатысты. Құрамында 13 әжеден, осы әжелердің отыз немересі қатысқан концерт мерейлі отбасылардың нағыз думанына айналды.

Ақсуат мәдениет үйінің өнерпаздары Ойшілік ауылдық округі аумағындағы Кондюрин заставасы шекарашыларына «Елбасы мен Елорда егіз ұғым», Ақжар мәдениет үйінің өнерпаздары Шет Ласты, Орта Ласты, Туат заставалары шекарашыларына «Шекарашы сарбаздар» атты тарихи-танымдық концерттік бағдарламалар ұсынды. Концерттік бағдарламаларда Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, Абайдың 170 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып, патриоттық әндер шырқалды.

Ағымдағы жылдың 24 шілдесі күні Ақсуат ауылындағы аудандық мәдениет үйінд е аудан әкімінің қолдауымен өнер өлкесінің жаңа таланттарына жол ашатын өнер бәйгесі «Тарбағатай жұлдыздары» атты облыстық фестиваль-конкурс өтті. Аталған шараға  Ұлан, Жарма, Көкпекті, Абай, Үржар, Тарбағатай аудандарынан және Семей, Алматы қалаларынан 21 әнші - орындаушы қатысты. Облыс таланттарының рухани бірлігін паш ететін жүзден жүйрік талаптылар мен таланттар бас қосқан өнер жарысы биылғы жылымыздың айшықты мерекелері Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Абайдың 170 жылдығы құрметіне арналды. Аталған шараны 300 көрермен тамашалады.

18 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде спорт күніне орай аудан спортшыларының салтанатты мерекесі өтті. Мерекеге ауданның спорт ардагерлері, спорттың өркендеуіне үлес қосып жүрген демеушілер, спорт түрлері бойынша жетістікке жеткен үздік спортшылар қатысты. Аудан спортшыларына Ақсуат мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік концерт қойып, спортшыларды марапаттау салтанаты болып, соңы отшашуға ұласты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мерекесіне орай Ақсуат мәдениет үйінде Ақжар мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік концерті, Ақжар мәдениет үйінде Ақсуат мәдениет үйі өнерпаздарының «Нағыз қазақ домбыра» атты мерекелік концерті халыққа ұсынылды. Барлығы 70 өнерпаз қатысып, 490 көрермен қамтылды. Аудандық кітапханада «Айбары асқақ-Ата Заң» атты дөңгелек үстел, «Айбыны күшті - Ата заң» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

11-13 қыркүйек күндері Астана қаласында Қазақ елі алаңында Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге байланысты Ұлттық өнер туындыларына арналған «Ұлы дала және Ұлттық Рух» атты республикалық фестивальға Ақсуат мәдениет үйі жанынан құрылған «Бабалар сазы» этно тобы қатысып Гран - при жүлдесіне ие болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет