43
құрылыс, ғылым салаларындағы қызметтестік) нығайып терең-
деуіне алып келеді. Соның нәтижесінде аударма пайда болып,
халықтардың бір-бірімен тіл табысуына зор үлес қосып келеді.
Адамның атқаратын іс-әрекеттері түрленіп, байыған сайын,
аударма да түрленіп, дамып келеді.
Қазіргі аударматануда
аударма келесі топтарға бөлініп, жіктеледі. Орындалу амалына
қарай аударма жазбаша немесе ауызша түрлеріне бөлінеді.
Жазбаша аударма арнайы және көркем аудармадан құрылады.
Көркем аударманың нысаны көркем әдебиет,
көркем сөз болса,
арнайы аударма ресми құжаттарды аудару, ғылыми мәтіндерді
аудару, техникалық нұсқау, оқу құралдарын аударуды қамтиды.
Публицистикалық шығармаларды аудару өзінің коммуникативтік,
стильдік ерекшеліктеріне
байланысты көркем аудармаға
жақынырақ келеді. Арнайы аударма әрекеттің мақсатына қарай
Достарыңызбен бөлісу: