Аудиториялық аралас сабақтың әдістемелік әзірлемесі


-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау



бет4/5
Дата09.09.2022
өлшемі185 Kb.
#460485
1   2   3   4   5
леуметтік ж мыс 3-саба аудитория doc

15-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуды, бiлiм алуға қолжетімділікті және мүгедектердің қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етiледi.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

16-бап. Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек


Мүгедектерге көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мемлекеттiк жәрдемақылар, өтемақылар түрiндегi төлемдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де, оның ішінде қайырымдылық есебінен берілетін төлемдердi де қамтиды.
Әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін жергілікті атқарушы органдар, жұмыс беруші және өзге де ұйымдар көрсетуге құқылы.
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 532 қаулысымен
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 2324-баптарына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
2) халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
3) халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
4) халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1222 қаулысымен
бекітілген
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің көлемін және шарттарына және тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, медициналық-әлеуметтік ұйымдар қызметінің тәртібін, медициналық-әлеуметтік ұйымдарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларды (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерді (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерді (бұдан әрі – мүгедектер), егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарды (бұдан әрі – қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.
Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады.
3. Стационар жағдайында қызмет алушылардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) стационарлық үлгідегі ұйымдар (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) болып танылады.
4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық субъектілер сақтайды.
5. Қызмет көрсетумен байланысты шығындар бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту: 10минут.


Бақылау сұрақтары:

  • Әлеуметтік медициналық жұмыс үшін қандай құқықтық нормативтік база керек?

  • Мүгедектерді құқығын қорғау туралы заңы?

  • Әлеуметтік медициналық көмектерге нелер жатады,қандай құжжатта көрсетілген?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет