ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МКК
Оқу сабағының жоспары
Тақырып: Онкологиялық тәжірибедегі паллиативтік медициналық көмек.Онкология: ауруларды диагностикалау және емдеу принциптері.
Модуль /пән атауы: АП- «Паллиативті көмек және онкология»
Педагог Құрманғалиевыа Елдана Құрманғалиқызы
дайындады
2024 жылғы
« 2 » __09___
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 4 курс Е-406
Сабақтың түрі: Аудиториялық сабақ
2. Мақсаты, міндеттері
Білімділік:
Студенттерге паллиативті көмек туралы түсінікті,паллиативті көмектің негізгі принциптері мен міндеттерін оқыту. Паллиативті көмекті талап ететін науқастардың үш негізгі тобын түсіндіру.Қазақстанда паллиативті көмек көрсететін ұйымдарды түсіндіру.
Дамытушылық:
Студенттердің клиникалық
ойлау қабілетін жетілдіру, теорияны тәжірибемен ұштастыру және студенттердің оқуға деген қызығушылығын дамыту, білім деңгейін жоғарылату.
Тәрбиелік:
Студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру
Өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға
Мәдениеттілікке, адамгершілікке,шеберлікке, сабырлыққа тәрбиелеу
Студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру
Өз ойларын тиянақты айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды меңгеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу
Интернет сайттармен және қосымша білім көздерімен жұмыс істеуге баулу.
3. Күтілетін нәтижелер
Паллиативті көмек туралы түсінікті,көмектің негізгі принциптерін, міндеттерін білу.
Паллиативті көмекті талап ететін науқастардың үш негізгі тобын ажырата алады.
Паллиативті көмек -медициналық және әлеуметтік қызметтің маңызды бағытын біледі.