Ауыл-шаруашылығының дамуы: ЕЛ ЭКОНОМИКАСының келешегінің кепілі



Дата13.06.2016
өлшемі33.72 Kb.
#132867
АУЫЛ-ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ: ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІНІҢ КЕПІЛІ
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады.  Аграрлық  сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.

Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер — негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы — елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi. Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi — әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi.

2006 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006 — 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру басталады, оның негiзгi басымдықтары агроөнеркәсiптiк кешен салаларының өнiмдiлiгi мен кiрiстiлiгiн өсiру негiзiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өнiмнiң ұлттық бәсекелiк артықшылықтарын дамыту болады.

Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметi мен тiршiлiк көзi ауылдық жер болып табылады, олардың көпшiлiгi үшiн жер — негізгi өндiрiс құралы. Аграрлық өндірiстiң тұрақтылығы — елдiң азық -түлiк қауiпсiздiгiнiң негiзi.

Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi — әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi. Аграрлық сектордағы өрлеу — экономиканың сабақтас салаларда өсуiнiң тетiгi. Тұтас алғанда, аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшiн экономикалық және ең бастысы әлеуметтiк аспектiде стратегиялық жағынан маңызды.

Осы заманғы нарықтық экономикада мемлекет неғұрлым реттейтiн және қолдайтын секторлардың бiрi аграрлық сектор болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң. артық қорлары сыртқы нарыққа шығарылады, мұның өзі  осы өнiмдерге әлемдiк бағалардың төмендеуiне алып келедi.

Басым көпшiлiгi әлемдiк нарықтар конъюнктурасына тәуелдi болып отырған нашар дамыған елдер, iшкi өндiрiстiң. шектелуi, экспорттың азаюы және ұқсас тауарлар импортының өсуi түрiнде залал шегедi.

Қазақстан жер ресурстарына бай. Алдын ала суландырмай -ақ егiн шаруашылығына жаратуға болатын алқап 39 млн. гектарды құрайды.

Қазақстанның аграрлық  секторы  мынадай сипатқа ие:

-ауыл шаруашылығына арналған жердің жалпы аумағы – 222,6 млн. га, оның ішінде 24 млн. га (10,8%) – егістік жерді, 5 млн. га (2,2%) – пішендік жерді, 189 млн. га (85%) – жайылым жерді алып жатыр;

-ауыл тұрғындарының саны – 7,3 млн. адам немесе ел тұрғындарының жалпы санының 47,2%-ын құрайды;

-топырақ  және өсімдік  жамылғысының тік және көлденең зоналары анық белгіленген. Орманды дала мен дала аймағында барлық жердің 10%, шөл және шөлейт аймағында — 60%-ға жуығы, таулы аймақтарда — 5%-ға жуығы жатыр;

-елдің  барлық егіншілік аймақтары жылдық жауын-шашынның аздығымен сипатталады – 150-320 мм.;

-теңізге  шығу жолының жоқтығы, бұл сыртқы нарыққа шығуға айтарлықтай қиындықтар тудырады;

-маусымаралық  кезеңдерде қант, өсімдік майы, құс  еті, көкөніс пен жеміс сияқты өнімдерді қоспағанда, азық-түлік өнімдерінің көпшілігімен қамтамасыз етудің өзіндік жеткіліктілігі;

Ауылдық жерлердегi кедейшiлiктi жою үшiн шағын несиелер беру жұмысын кеңiнен өрiстету қажет, оның үстiне ол өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсете де бiлдi. Осы жылдан бастап ауылдық аумақтарды дамытуға арналған мемлекеттiк аграрлық саясат бағдарламасы iске қосыла бастады. Мен перспективасыз аумақтарға мемлекеттiк инвестициялар тоқтатылатынын естерiңiзге салғым келедi. Аталған бағдарламаларды тиiмдi жүзеге асыру мақсаттарында Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегi комитет құру қажет.

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қуатты саясатының арқасында ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынды дамуы қамтамасыз етіліп, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізу мүмкін болды.



Ауыл шаруашылығын дамытудың зор әлеуеті бар Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде әлемдік көшбасшылардың қатарында бола алады десек , қате айтпағанымыз . Таяудағы 7-8 жылда Шығыс Еуропалық елдердің ауыл шаруашылығының даму деңгейіне жету біздің еліміздің қалпына келуі деп санаймын . Осы мақсатқа жету үшін Отандық ауыл шаруашылығының өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет.

Руслан Нұрғалиев

ЭжҚН мамандығының

2 курс магистраны

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет