"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы



бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#125924
  1   2   3
"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 Қаулысы


"Казахстанская правда" от 01.03.2011 г., № 74-75 (26495-26496); "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 13 сәуiрдегi № 145-146 (26548); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 16, 187-құжат


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                               К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 51 қаулысымен   
бекiтiлген     

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұру үшiн келген
денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру,
мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау
шараларын ұсыну» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi тiзбесi мен мекенжайлары осы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi - стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген ауданның (облыстық маңызды қаланың) ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi уәкiлеттi органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) ұсынады.


      2. Мемлекеттiк қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 8-тармағы;
      2) «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық мәлiметтердi, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерiн осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлардан, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсындағы www.minagri.gov.kz.веб-сайтының «Дипломмен ауылға» бөлiмiнен, мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жердегi уәкiлеттi органының стендiлерiнен алуға болады.
      5. Көтерме жәрдемақы және бюджеттiк кредит түрiндегi әлеуметтiк қолдау шаралары не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына: қалалық және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерiне (бұдан әрi - тұтынушылар) ұсынылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.08 № 1030 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмде ұсынылады:
      1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
      күнтiзбелiк отыз тоғыз күн iшiнде көтерме жәрдемақы төленедi;
      күнтiзбелiк отыз екi күн iшiнде осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келiсiм жасасу рәсiмi жүзеге асырылады және Келiсiм жасалғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алу үшiн бюджеттiк кредит ұсынылады;
      әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда үш жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган тұтынушыға дәйектелген жауап жолдайды;
      2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң ең жоғарғы шектi уақыты - он минуттан аспайды;
      3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi пайдаланушыға қызмет көрсетудiң ең көп уақыты - отыз минуттан аспайды;
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндерi, кезек күту тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, 13-00-ден 14-30 сағатқа дейiнгi түскi үзiлiспен, 9-00-ден 18-30 сағатқа дейiн көрсетiледi.
      10. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындары мүмкiндiгi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсетуге бейiмделедi, күту залы ақпараттық стендiлермен, құжаттарды толтыру үлгiлерi бар тағандармен жабдықталады және ғимараттың бiрiншi қабатында орналасады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) жұмыс орны бойынша кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
      4) азаматтарды тiркеу кiтабының (үй кiтабының) немесе тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын анықтаманың көшiрмесi;
      5) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
      6) салық төлеушiнi тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
      7) әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
      8) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес тұрғын үйдi сатып алу-сату туралы алдын ала шарт.
      Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы өтiнiш берген күнi тұтынушыға қайтарылады.
      12. Өтiнiштiң бланкiсiн уәкiлеттi органның кеңсесiндегi лауазымды адам бередi.
      13. Тұтынушы толтырған өтiнiш пен мемлекеттiк қызметтi алу үшiн талап етiлетiн, оған қоса берiлетiн құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша уәкiлеттi органның кеңсесiне тапсырылады.
      14. Тұтынушыға мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсырғанын растайтын қолхат берiледi және оның әлеуметтiк қолдау шараларын алатын күнi көрсетiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi туралы тұтынушыға байланыс телефоны бойынша не уәкiлеттi органға жеке өзi келген кезде хабарланады.
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген дәйексiз құжаттарды ұсыну фактiсi бас тарту үшiн негiз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органының қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықты сақтау, барынша толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негiзделедi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету барысында уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:


      1) кiшiпейiл және сыпайы болуы;
      2) алғашқы талап ету бойынша көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы барынша толық ақпарат беруi;
      3) тұтынушылардың құжаттарын ресiмдеу және қарастыру барысында қағазбастылық және салғырттық көрiнiстерiне жол бермеуi керек.

4. Жұмыстың нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және кол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн уәкiлеттi органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi органның лауазымды адамының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi байланыс мәлiметтерi осы стандартна 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органның заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.


      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеушiлiк болған жағдайда, шағым атауы, жұмыс кестесi, заңды мекенжайы және электрондық поштасының мекенжайы, телефондары стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген осы мемлекеттiк қызметтi көрсетудi ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкiлеттi орган басшысының атына жолданады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.08 № 1030 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      22. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым кабинетiнiң нөмiрi уәкiлеттi органның тақтасында көрсетiлген уәкiлеттi орган басшысының атына жолданады, уәкiлеттi органның жұмыс кестесi және электрондық поштасының мекенжайы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.08 № 1030 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқылы.
      24. Шағым жазбаша нысанда ресiмделедi.
      25. Өтiнiш берушiге оның шағымын қабылдағаны туралы растау үшiн шағымның көшiрмесiне кiрiс нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның аты-жөнi, тиiстi кеңсенiң байланыс телефоны көрсетiлген мөртабан қойылады.
      Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде және тәртiппен қаралады.
      26. Уәкiлеттi органның байланыс мәлiметтерi осы стандартқа 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi органның үй-жайында орналасқан стендiлерде көрсетiледi.

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс 


iстеуге және тұруға келген   
денсаулық сақтау, бiлiм беру,
әлеуметтiк қамсыздандыру,  
мәдениет және спорт мамандарына
әлеуметтiк қолдау шараларын 
ұсыну» мемлекеттiк қызмет  
стандартына          
1-қосымша           

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну бойынша уәкiлеттi органдардың тiзiмi

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.08 № 1030 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекен-жайы (аудан, қала, кент, ауыл, көшесi, үйдiң нөмерi, электронды пошта мекен-жайы)

Қалалық коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

1.

«Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ

Көкшетау қ., Заречная к-сi, 1. depeconomy@rambler.ru

8 (816-2) т.25-35-25, ф.25-52-60

Аптасына бес күн, демалыс және мерекелiк күндерiн санамағанда, 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi ас 13.00-ден 14.30-ға дейiн

2.

«Ақкөл ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Ақкөл ауданы, Ақкөл қ., Нұрмағанбетов к-сi, 94 fin_akkol@mail.ru; akkol_econom@mail.ru 

8 (71638) 2-15-44

3.

«Аршалы ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Аршалы ауданы, Аршалы кентi, Тәшенов к-сi, 47. arshaly_plan@mail.ru

8 (71644) 2-13-65

4.

«Астрахан ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы,
Әл Фараби к-сi, 50. astr_ecofin@mail.ru

8 (71641) 2-22-95

5.

«Атбасар ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов к-сi, 9. atbasar_ekonom@mail.ru

8 (71643) 4-27-56

6.

«Бұланды ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Бұланды ауданы, Макинск қ., Некрасов к-сi, 19. bulandy_2009@mail.ru

8 (71646) 2-25-84

Аптасына бес күн, демалыс және мерекелiк күндерiн санамағанда, 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi ас 13.00-ден 14.30-ға дейiн
 

7.

«Бурабай ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Бурабай ауданы, Щучинск қ., Абылайхан к-сi, 34.
Shuchinsk_eko@mail.ru

8 (71636) 4-42-05

8.

«Егiндiкөл ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы,
Победа к-сi, 6. econom.egin@mail.ru

8 (71642) 2-11-44

9.

«Еңбекшiлдер ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Еңбекшiлдер ауданы, Степняк қ., Бiржансал к-сi, 34. enbek_econom@mail.ru

8 (71639) 2-12-04

10.

«Ерейментау ауданының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлiмi» ММ

Ерейментау ауданы, Ерейментау қ.,
әл Фараби к-сi, 23. ermentausho@mail.ru

8 (71633) 2-31-75

11.

«Есiл ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Есiл ауданы, Есiл қ., Қонаев к-сi, 15. еsilfin1@mail.ru

8 (71647) 2-15-85

12.

«Жақсы ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба к-сi, 3. economy_jaks@mail.ru

8 (71635) 2-18-03

13.

«Жарқайың ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Жарқайың ауданы, Державинск қаласы,
Ленин к-сi, 16. zharkfin@mail.ru

8 (71648) 9-12-85

14.

«Зерендi ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Зерендi ауданы, Зерендi ауылы, Мира к-сi, 58. zereconom@gmail.com.

8 (71632) 2-20-22

15.

«Қорғалжын ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Болғанбаев к-сi, 9. eco_korg@mail.ru

8 (71637) 2-14-96

16.

«Сандықтау ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Сандықтау ауданы, Балкашын ауылы, Абылайхан к-сi, 130. sand_econom2@mail.ru

8 (71640) 9-13-35

17.

«Целиноград ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин к-сi, 14. otdelekonomiki@inbox.ru

8 (71651) 3-11-85

18.

«Шортанды ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Шортанды ауданы, Шортанды кентi, Абылайхан к-сi, 22. shortandyfin@mail.ru

8 (71631) 2-24-33

19.

«Көкшетау қаласының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлiмi» ММ

Көкшетау қаласы, Б. Момышұлы к-сi, 41. selhoz_2010@mail.ru

8 (71622) 5-60-80

2. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

1.

«Алматы облысының Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ

Талдыкорған қ., Тәуелсiздiк к-сi, 38. tk_ke@almaty-reg.kz

(828-2)
т.27-18-83, ф.27-38-27

Аптасына бес күн, демалыс және мерекелiк күндерiн санамағанда, 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi ас 13.00-ден 14.30-ға дейiн

2.

«Ақсу ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Ақсу ауданы, Жансүгiров кентi, Желтоқсан к-сi, 5.
aksu_ekonomika@mail.ru

8 (72832) 2-15-51

3.

«Алакөл ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Алакөл ауданы, Үшарал қ., Қонаев к-сi, 74. Alakol-ekonomika@mail.ru

8 (72833) 2-27-74

4.

«Балқаш ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев к-сi, 68. bakanas.ekonomika@mail.ru

8 (72773) 9-53-98

5.

«Еңбекшiқазақ ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Еңбекшiқазақ ауданы, Есiк қ., Жамбыл к-сi, 21. Lazzat_tukenova@list.ru, Baglan_eko@mail.ru

8 (72775) 4-15-66, 4-04-36

6.

«Ескелдi ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Ескелдi ауданы, Қарабұлақ кентi, Оразбеков к-сi, 67. eskeldy_ekon@mail.ru

8 (72836) 3-07-12

7.

«Жамбыл ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абай к-сi, 56. jam_oeidp@mail.online.kz

8 (72770) 2-25-37, 2-07-92

8.

«Iле ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Iле ауданы, Өтеген батыр кентi, Батталханов к-сi, 8. otdel_ekonomili@mail.ru

8 (72752) 2-18-72

9.

«Қарасай ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Абылайхан к-сi, 213. gzkarasay06@rambler.ru

8 (72771) 2-39-99

Аптасына бес күн, демалыс және мерекелiк күндерiн санамағанда, 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi ас 13.00-ден 14.30-ға дейiн

10.

«Қаратал ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Қаратал ауданы, Үштөбе қ., Қонаев к-сi, 9. ek_karatal@mail.ru

8 (72834) 2-13-43

11.

«Кербұлақ ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентi, Б.Момышұлы к-сi, 10. kerbekonom.@mail.ru

8 (72840) 3-12-24

12.

«Көксу ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Көксу ауданы, Балпық би кентi, Мырзабеков к-сi, 40. koksuod@mail.ru

8 (72838) 2-02-57

13.

«Панфилов ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Панфилов ауданы, Жаркент қ., Н. Головацкий к-сi, 129. jc_zoya@mail.ru

8 (72831) 5-06-47

14.

«Райымбек ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Б. Момышұлы к-сi, 9. raimbekod@rambler.ru

8 (72777) 2-12-80

15.

«Сарқан ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Сарқан ауданы, Сарқанд қ., Тәуелсiздiк к-сi, 111. olatov_asan@mail.ru

8 (72839) 2-29-38

16.

«Талғар ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Талғар ауданы, Талғар қ., Қонаев к-сi, 65. economica-talgar@mail.ru

8 (72774) 2-56-67

17.

«Ұйғыр ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Раджибаев к-сi, 73.
binara_70@mail.ru

8 (72778) 2-11-52

18.

«Қапшағай қаласының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Қапшағай қ., Жамбыл к-сi, 13. ek_kap4@mail.ru

8 (72772) 4-11-74, 4-18-83

19.

«Талдықорған қаласының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Талдықорған қ., Абай к-сi, 256. ectk@mail.ru

8 (7282) 27-22-84

3. АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

1.

«Атырау облысының Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ

Атырау қ., Әйтеке би к-сi, 77. otdelrst_atyrau@mail.ru

(812-2)
т.35-45-58, ф.35-45-58

Аптасына бес күн, демалыс және мерекелiк күндерiн санамағанда, 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi ас 13.00-ден 14.30-ға дейiн

2.

«Атырау қаласының қалалық Экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ

Атырау қаласы, Әйтеке би к-сi, 77а. atyrau-msb@mail.onlain.kz

8 (7122) 27-10-17

3.

«Жылыой ауданының Экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ

Жылыой ауданы, Құлсары қ., Махамбет д-лы, 20. aiko62@mail.ru

8 (71237) 5-11-55

4.

«Индер ауданының Экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ

Индер ауданы, Индербор кентi, Қонаев к-сi, 16. econom.plan_ind@mail.ru

8 (71234) 2-00-87

5.

«Исатай ауданының Экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ

Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан к-сi, 12. isatai_yconombp@mail.ru

8 (71231) 2-07-55, 2-07-37

6.

«Қызылқоға ауданының Экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ

Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Қарабалин к-сi, 26. Kzilkoga_oeubp@mail.ru

8 (71238) 2-11-81, 2-13-86

7.

«Құрманғазы ауданының Экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ

Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылы, Көшекбаев к-сi, 25.

8 (71233) 21-24-41, 2-10-25

8.

«Мақат ауданының Экономика және юджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ

Мақат ауданы, Мақат кентi, Орталық алаң, 1. reb@mail.ru

8 (71239) 3-21-75, 3-02-99

9.

«Махамбет ауданының Экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ

Махамбет ауданы, Махамбет кентi, Абай к-сi, 13. aitzhan52@mail.ru.

8 (71236) 2-15-38, 2-24-04

4. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

1.

«Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ

Ақтөбе қ., Әбiлқайыр хан д-лы., 40. social_sfera_@mail.ru

8 (7132) 56-49-07

Аптасына бес күн, демалыс және мерекелiк күндерiн санамағанда, 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi ас 13.00-ден 14.30-ға дейiн

2.

«Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмi» ММ

Ақтөбе қ., Әбiлқайыр хан д-лы., 40. social_sfera_@mail.ru,

8 (7132) 56-49-07

3.

«Әйтеке би ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы,
Т. Жүргенов к-сi 62. aitekebi_ekonom@mail.ru 

8 (71339) 2-12-37

4.

«Алға ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Алға ауданы, Алға қ., 5 шағын ауданы, 4. algaaconomotdel@mail.ru

8 (71337) 4-20-29, 4-20-96

Аптасына бес күн, демалыс және мерекелiк күндерiн санамағанда, 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi ас 13.00-ден 14.30-ға дейiн

5.

«Байғанин ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Байғанин ауданы, Қарауылкелдi ауылы, Қонаев к-сi, 36. zharas.63@mail.ru

8 (71345) 2-31-05

6.

«Ырғыз ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Ы. Алтынсарин к-сi, 12.
irgizekonom @mail.ru

8 (71343) 2-15-45

7.

«Қарғалы ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әбiлқайыр хан к-сi, 38. ekonom_kargala.5@mail.ru

8 (71342) 2-7-06

8.

«Қобда ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Қобда ауданы, Қобда ауылы, Астана к-сi, 48. kobdaeconomika@rambler.ru

8 (71341) 2-20-08

9.

«Мәртөк ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, С. Сейфуллин к-сi, 36. ekonomplan.mar@mail.ru

8 (71331) 2-14-19

10.

«Мұғалжар ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қ., Гагарин к-сi, 6. mugalekonomotdel@mail.ru

8 (71333) 3-72-41

11.

«Темiр ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Темiр ауданы, Шұбарқұдық кентi, Желтоқсан к-сi, 5.
temir_econom@mail.ru

8 (71346) 2-30-43

12.

«Ойыл ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Құрманғазы к-сi, 43. econuil@mail.ru

8 (71332) 2-11-77

13.

«Хромтау ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Хромтау ауданы, Хромтау қ., М. Горький к-сi, 9. hromtaubydhzet08@rambler.ru

8 (71336) 2-52-71

14.

«Шалқар ауданының Экономика, бюджеттiк жоспарлау және кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ

Шалқар ауданы, Шалқар қ., Әйтеке би к-сi, 63. Shalkar-econom@mail.ru

8 (71335) 2-33-95

5. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

1.

«Шығыс Қазақстан облысының Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» ММ

Өскемен қ., М. Горький к-сi, 40. chancellery@akimvko.gov.kz

8 (7232) 26-45-43

Аптасына бес күн, демалыс және мерекелiк күндерiн санамағанда, 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi ас 13.00-ден 14.30-ға дейiн
 

 
 


2.

«Семей қаласының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Семей қ., Интернациональная к-сi, 8. economsemey@mail.ru

8 (7222) 52-20-16

3.

«Риддер қаласының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Риддер қ., Семенов к-сi, 19.
ecoridder@mail.ru

8 (72336) 4-62-26

4.

«Абай ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай к-сi 14 zuchra-76@mail.ru

8 (72252) 9-15-59

5.

«Аягөз ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Аягөз ауданы, Аягөз қ., Момышұлы к-сi, 62. ekonom_agz@mail.ru

8 (72237) 33-657, 30-036

6.

«Бесқарағай ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Әуезов к-сi, 39. beskaragay1_ekon@mail.ru

8 (72236) 9-03-45

7.

«Бородулиха ауданының Экономика және қаржы бөлiмi» ММ

Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсiздiк к-сi, 69. economica-or2009@yandex.ru

8 (72351) 2-14-24


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет