Ауқымды компьютерлік желілер



бет10/12
Дата08.12.2023
өлшемі144.5 Kb.
#485959
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Сабақ жоспары. Тақырыбы Негізгі желілік топологиялар. (2)

28.7. Желілік принтерлер
Кез келген қызмет бабында мәтіндік құжаттарды қағазға жиі басуға тура келеді. «Қағазсыз» технологияның күнбе-күн іске асып жатқанына қарамастан, қағазға басылып жатқан мәліметтер көбеймесе, әзірге азайған жоқ. Егер мекемеңіздің абыройын биік ұстағыңыз келсе, сыртқа шығатын құжаттар сапалы лазерлік принтерде басылуы шарт. Тек ішкі қарапайым құжаттар үшін ғана бірнеше жүз доллар тұратын арзан принтерді пайдалануға болады. Ал кей кезде түрлі түсті принтер де қажет болып қалады. Егер де баспагерлік қызметпен айналыспақ болсаңыз, онда қуатты, әрі қымбат лазерлік принтер алу керек,оның құны мың долларға жетіп артылады.
Әрине, ірбір компьютерге қосылған қымбат лазерлік принтерлер ала беру қажет те емес шығар. Мұндай мүмкіндік кез келген фирмада бола бермейді де, сондықтан бір мекемеде әдетте бір, әрі кеткенде екі принтер ғана болады.Ал, бір принтерді бірнеше компьютерге бірден қалай жасауға болады екен?
Мұның бірнеше тәсілі бар. Біріншіден, көп мүмкіндікті ауыстырып қосқыш тетік сатып алуға болады, ол бір жағынан принтерге , екінші жағынан бірнеше компьютерге бірдей жалғанады. (28.3-сурет). Ал, егер компьютерлер бірнеше бөлмелнрде немесе бір мекеменің бірнеше қабаттарында орналасса, қымбат тұратын бір принтердіортақтаса пайдалануда компьютерлік желінің артықшылығы артпаса да түсініктішығар.Бірнеше принтер сатып алудың орнына бір-ақ принтер алып, оны желі арқылы жалғап, жұмыс өнімділігін төмендетпей пайдалану ыңғайлырақ емес пе?! Лазерлік принтердің санын азайтудағы қаржының үнемделуін әркім өзі-ақ есептеп алады.
Мәліметтер базасы
Көбінесе қарапайым мәліметтер базасы бір компьютердің дискісінің бір немесе бірнеше файлында орналасады.Мұндай мәліметтермен бір адам жұмыс істей береді. Ал егер мәліметтермен бір адам жұмыс істей алады. Ал егер мәліметтер базасы үлкен компания үшін құрылған болса ше? Ондайда бұл мәліметтерді бір мезетте екі –үш адам пайдалануына тура келеді. Ал, ол компанияның филиадцары әр жерде және бір-бірінен қашық орналасса ше? Мұндай да мәліметтер базасын қажет еткендер уақтышы қалай пайдалана алады?Әрине мәліметтерді курьерлер арқылы жеткізіп отыруға болатын шығар,оны көзіңізге елестетіп көріңізші, оңай жұмыс деп айта қоймаспыз.
Сол компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп мәліметтер базасын серверге(негізгі ЭЕМ) орналасу керек. Желінің жұмыс станциялары зерделі терминал рөлін атқарып , қажетті мәліметтерді керек кезінде мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверден сұрап, оның дискісінен алып отырады. Мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверге сұраныс түскен соң, керекті мәліметтер жұмыс станциясына жіберіліп отырады(28.4- сурет). Мұндай база орналасқан сервер құрамында дисплей мен пернелік тақта болғанымен, олар әдеттегідей жұмыс тәртібінде пайдаланылмайды. Серверлік компьютер әр жерде орналасқан ЭЕМ-дермен(яғни мәліметті пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер алмаса алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет