Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарында еңбек шарттарын жасасу үшін



бет1/2
Дата07.07.2016
өлшемі446.59 Kb.
#182991
  1   2



Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

20___ жылғы «___»___________

№ ______ бұйрығымен

бекітілді



Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарында еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі

1. Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарында жұмыс істейтіндер үшін жалпы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі
1. Нерв жүйесінің аурулары:

1) функцияларының жетіспеушілігі бар ағзалардың туа біткен аномалиясы;

2) сыртқы факторлардың әсерінен орталық және шеткі нерв жүйесінің, ішкі ағзалар мен тірек-қимыл аппаратының зақымдану салдары: радиация, кәсібі бойынша жұмысын орындауға кедергі келтіретін ағзалар мен жүйелер функцияларының бұзылуын тудыратын, қайтымсыз өзгерістердің дамуы бар термиялық, химиялық және басқа да әсерлер;

3) ми мен жұлын жарақаты, айқын неврологиялық бұзылулармен қатар жүретін цереброваскулярлық аурулар, сондай-ақ олардың салдары;

4) қозғалыс және сезімталдық бұзылуы бар нерв жүйесінің органикалық аурулары (сирингомиелия және сирингобульбия, миелопатия, балалардың церебралдық сал ауруы және оның салдары, экстрапирамидалық, құрылымның пирамидалық және мишық жүйелерінің зақымдануы, БАБ, дегенеративтік аурулар, факоматоздар, шашыраңқы беріш, жіті диссеминиралдық демиелинизациялардың салдары, диффузиялық беріш, бас пен жұлынның жіті қан тамырлары ауруларының салдары, ми қанайналымы функциясының созылмалы жетіспеушілігі – II және одан да жоғары сатыдағы дисциркуляторлық энцефалопатия);

5) орталық нерв жүйесінің созылмалы қабыну аурулары (энцефалит, менингоэнцефалит, менингит, миелит, энцефаломиелит және басқалар) және оның айқын неврологиялық бұзылуларымен салдары;

6) айқын және асқынған бастың сақина аурулары, ұстамалы өткінші транзиторлық церебралдық ишемиялың ұстамалар мен ұқсас синдромдар, нарколепсия, каталепсия, есінен танудың әртүрлі түрлері, көру, есту бұзылуларының пароксизмдері, синкопалдық жағдайлар мен басқалар;

7) кәсібі бойынша жұмысын орындауға кедергі келтіретін нерв жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары;

8) кәсібі бойынша жұмысын орындауға кедергі келтіретін функцияларынің тұрақты бұзылулары бар шеткі нерв жүйесінің, нервтік-бұлшықеттің созылмалы аурулары;

9) мидың қатерлі және қатерсіз аурулары, жұлынның және шеткі нерв жүйесінің қатерлі аурулары.

Ескертпе:

1) қызметі көлік қозғалысымен байланысты жұмыскерлер немесе жоғары температурамен немесе айқын уыттанумен ауырғанда, ұзақ уақыт ашыққанда, қан тапсырғанда және осыған ұқсас басқа жағдайларда талып қалу жағдайынан кейін невропатологтың зерттеп-қарауынан және окулистің консультациясынан кейін жұмысқа жіберіледі;

2) органикалық өзгерістер (оның ішінде жарақаттардың, нейроинфекция салдары және басқалар), елеусіз неврологиялық бұзылуларымен баяу үдейтін орталық нерв жүйесінің аурулары талапкерлер, оқушылар және көлік қозғалысымен байланысты жұмысқа тұрушылар үшін қарсы көрсетілімдер болып табылады;

3) қызметі көлік қозғалысымен байланысты жұмыскерлер идиопатиялық бет-ауыз дистониясы, спастикалық қисық мойын, блефароспазм, органикалық түрдегі тарту және басқа да экстрапирамидалық бұзылыстар кезінде функциялық міндеттеріне байланысты жұмысқа жіберіледі;

4) қызметтері толық қалпына келген жағдайда және кемінде 6 айдай дәрігердің қарауында болған кезде дискогендік радикулопатияны хирургиялық емдегеннен кейін машинистің көмекшісінсіз пойыз жұмысында жұмыс істейтін атқаратын машинистерден басқа қызметі көлік қозғалысымен байланысты жұмыскерлер жұмысқа жіберіледі.

2. Психикалық бұзылулар мен мінез-құлық бұзылулары:

1) ауыр тұрақты немесе жиі асқынатын ауырусынушылық көріністерінен созылмалы психикалық және мінез-құлық ауытқулары, пароксизмалдық бұзылулары бар эпилепсия;

2) симптоматикалық, психикалық бұзылуларды қоса алғандағы органикалық бұзылулар;

3) психобелсенді заттарды тұтынуға байланысты психикалық бұзылулар мен мінез-құлықтың бұзылулары (3 жылдан кем емес тұрақты оңалту сатысынан басқа);

4) шизофрения, шизофрениялық және сандырақ бұзылулар;


5) кемінде 3 жыл интермиссияға жақын тұрақты терең ремиссиядан басқа көңіл-күй (аффектілік бұзылулар) бұзылулары;

6) стреске байланысты невроздық және соматикалық түрдегі бұзылулар (шешім дербес);

7) физиологиялық бұзылулар мен физикалық факторларға байланысты мінез-құлықтық синдромдар (шешім дербес);

8) жеке басының бұзылулары мен үлкен жастағы мінез-құлық;

9) ақыл-ой кемістігі;

10) әдетте бала және жасөспірім жаста басталатын эмоциялық бұзылулар мен мінездің бұзылулары;

11) барлық психикалық аурулар кезіндегі суицидтік әрекеттерден кейінгі жағдай;

12) алкоголизм, нашақорлық, уытқұмарлық.

Ескертпе:

1) қызметі көлік қозғалысына байланысты жіті инфекциялық, уыттанушылық соматикалық аурулардан кейін қысқа мерзімді жеңіл өтетін психикалық бұзылулары бар жұмысшылар сауыққан жағдайда жеке тәртіпте жұмысқа жіберіледі;

2) қызметі көлік қозғалысына байланысты жұмысшылар клиникалық созылмалы алкоголизмі жоқ алкоголдік мас болу жағдайында өндірімді психосимптоматикасыз энцефалиттік синдромнан кейін жұмысқа жіберіледі;

3) қызметі көлік қозғалысына байланысты жұмысшыларда фобиялық және басқа да алаңдаушылық бұзылулары болған жағдайда жұмысқа жіберу жеке шешіледі;

4) қызметі көлік қозғалысына байланысты жұмысшылардың ұйқылары бұзылған жағдайда ұйқының бұзылу түрлері мен дәрежелерін, мамандығын және емдеу мүмкіндігін, сондай-ақ психикалық дамуының кейбір бұзылуларын (сөйлеу мен тілдің дамуының, оқу дағдыларының, моторлық функциялардың және басқалардың өзіне тән бұзылулары), әдетте бала және жасөспірім жаста басталатын эмоциялық бұзылулар мен мінездің бұзылулары (тартулар, гиперкинетикалық және кейбір стереотиптік қозғалыс бұзылулары, кекештену, органикалық емес табиғаттағы энурез немесе энкопрез және басқалар) ескеріле отырып, жеке шешіледі;

5) қызметі көлік қозғалысына байланысты жұмысшыларда невроздық бұзылулар болған жағдайда жұмысқа жіберу жеке шешіледі.

3. Соматикалық аурулар:

1) 2-дәрежелі, 3-қауіпті артериялық гипертония; 2-дәрежелі, 4-қауіпті артериялық гипертония; 3-дәрежелі, 3-4-қауіпті артериялық гипертония; жұмысқа жіберу мәселесі криздік ағым болмаған және тиімді емдеу кезінде шешіледі;

2) жүректің тоқтау, жіті жүрек функциясының жетіспеушілігінің, талып қалу немесе басқа да пароксизмалдық жағдайлардың даму, белгіленген ырғақ жүргізушісінің, Гис шоғының толық блокадалану қаупін төндіретін жоғары градациядағы жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің (оның ішінде жыбырлақ аритмия, пароксизмалдық тахикардия, экстрасистолия, ІІ және ІІІ дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, синустық түйін әлсіздігінің синдромы) бұзылуы;

3) миокардиттің, эндокард пен перикардтің (оның ішінде жүрек ақауы, миокардиттер, кардиомиопатиялар, эндокардиттер, күшейетін және адгезивтік - констриктивтік перикардиттер) созылмалы аурулары, II және III дәрежедегі, тромбоэмболиямен, Лаун бойынша жоғары градациялар ырғағының бұзылуымен және басқа да пароксизмалдық жағдайлардың даму қаупімен асқынған жүрек функциясының жеткіліксіздігі;

4) өкпе артериясының тромбоэмболиясынан кейінгі жағдай;

5) ІІ және ІІІ дәрежедегі жүрек функциясының жетіспеушілігімен, тромбозбен, эмболиямен, ырғақтың айқын бұзылыстарымен, жүректің аневризмімен бұрын бастан өткерген ірі ошақтық миокард инфаркті мен жүректің созылмалы ишемиялық ауруының басқа да нысандарымен тұрақты стенокардия;

6) жіті ревматикалық қызба: белсенді сатысы, жүрек пен басқа да ағзалар мен жүйелерді зақымдаумен, сондай-ақ зиянды жағдайда жұмысты орындауға кедергі келтіретін бастан өткерген жүректен тыс зақымдау салдарымен жиі қайталануы;

7) аорта аневризмдері, аортиттер. коронарлық артериялардың ангиопластиктері, аневризмэктомия мен аортопластиктер, жүрек қақпақшаларын протездеу және жүрек пен қан тамырларына басқа да күрделі операциялар. Митралдық комиссуротомиядан, артериялық ағындарды байлаудан және басқа да қарапайым кардиохирургиялық араласулардан, ірі коронарлық артериялардың бірінің окклюзиясынан немесе айқын стенозынан, аорто-коронарлық шунттаудан кейінгі жағдайдан кейін жұмысшы тиімді емдеуден кейін ғана жұмысқа жіберіледі;

8) ІІ және одан да жоғары дәрежедегі жүрек функциясының жетіспеушілігі, ырғағы мен өткізгіштігінің асқынған бұзылулары бар жүректің алкоголдік зақымданулары;

9) II, III және IV функциялық кластағы ауыртпалықтағы тұрақты стенокардиясымен жүректің ишемиялық ауруы, ІІ және ІІІ дәрежедегі жүрек функциясының жетіспеушілігімен күшейген стенокардия, инфарктен кейінгі ірі ошақтық кардиосклероз;

10) ырғақ пен өткізгіштігінің бұзылулары - ІІ және одан жоғары атриовентрикуляциялық блокада, синустық шоқтың әлсіздігі, пароксизмалдық тахиырғақтың жиі ұстамалары, тұрақты нысандағы жыбырлақ аритмия, Лаун бойынша жоғары градациялардың жүрекшелік және қарыншалық экстрасистолиясы;

11) белгіленген ырғақ жүргізушісі;

12) жиі асқынуларымен, қан кетуге бейімділігімен, ІІ және ІІІ дәрежедегі тыныс алу функциясының жеткіліксіздігімен өкпенің созылмалы аурулары (өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, интерстициалдық пневмония, саркоидоз, эмфизема, бронхоэктатикалық және өкпенің ІІ және жоғары сатыдағы басқа да тән емес аурулары). Фиброздаушы альвеолит. Бастан өткерген спонтанды пневмоторакстен кейінгі жағдай;

13) бақыланбайтын ауырлықтың ауыр дәрежесіндегі бронх демікпесі; бақыланатын бронх демікпесі – әртүрлі айқындылық дәрежесі, жұмысқа жіберу мәселесі жеке шешілуі мүмкін;

14) ауыр ағынымен және айқын ауырсыну синдромымен, жиі асқынуларымен, қан кетуге бейімділігімен (оның ішінде асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы, диеталық тамақтануды, ұйқы режимін сақтауды және дене жүктемелерін шектеуді талап ететін операциялық араласудың салдары, энтерит, энтероколит, ойық жаралы колит, Крон ауруы, холангит, холецистит, панкреатит, гепатит), асқорыту ағзаларының созылмалы аурулары, бүйрек функцияларының жетіспеушілігі, бауыр циррозы;

15) кез келген дәрежедегі бүйректің созылмалы жетіспеушілігімен бүйректің созылмалы ауруы, ІІІ дәрежелі нефроптозе. Несеп-тас ауруы. Подагралық нефропатия;

16) қосылыс тіндерінің диффузиялық аурулары (үлкен коллагеноздар): ревматоидтық артрит, жүйелі қызылжегі, жүйелі склеродермия, дерматомиозит, жүйелі васкулиттер, түйінді полиартериит, аллергиялық (эозинофилдік) гранулематоздық ангиит, Вегенер гранулематозы, Такаясу ауруы, геморагиялық васкулит, Гудпасчер синдромы, алып жасушалы артрит, анкилозирлеуші спондилоартрит, декомпенсация сатысындағы Шегрен синдромы, Бехчет синдромы;

17) басқа ағзалар мен жүйелердің зақымдану белгілерімен, олардың функцияларының бұзылуымен күшеймелі ағымы бар эдокриндік жүйенің созылмалы аурулары, оның ішінде 1 типтегі қант диабеті, субкомпенсация және декомпенсация сатындағы 2 типтегі қант диабеті, орта және ауыр дәрежедегі гипотиреоз және диффуздық-уытты зоб, гиперпаратиреоз, гипопаратиреоз, феохромоцитома, Аддисон ауруы, гиперальдостеронизм; кәсіби міндеттерді орындауға кедергі келтіретіндер;

18) тамақтану мен зат алмасудың ауыр бұзылулары, өкпе және жүрек функциясымен ІІІ және IV дәрежедегі семіру;

19) II және III дәрежедегі буын функцияларының бұзылуларымен қоса жүретін созылмалы асқынған полиартропатия (ревматоидтық және басқа да артриттер, подагра және басқа да алмасу артропатиялары);

20) апластикалық және қайталанбалы аутоиммундық гемолитикалық анемия. Қан мен қан өндіру ағзаларының басқа да туа пайда болған, қайталанбалы және күшейген аурулары. Қан өндіру және оған ұқсас тіндердің қатерлі ісіктері;

21) қанның қатерлі аурулары;

22) қанның ұйығыштығының бұзылуы, пурпура және басқа да геморрагиялық бұзылу жағдайы;

23) аллергеннен қайталанып әсер етуін болдырмау мүмкін болмайтын туындаған анафилактикалық шоктан кейінгі жағдай.

Ескертпе:

1) электрокардиографияны тәуліктік мониторингтеу кезінде ерекше анықталған синустық тыныс алу аритмиясы, орташа конституционалдық тахи- немесе брадикардия, сирек бір сарындық кеш экстрасистолия, Гис шоғының оң аяғының туа біткен толық емес блокадасы кезінде машинистің көмекшісінсіз пойыз жұмысына тағайындалған машинистер жіберілмейді;

2) коронарлық шунттаудан кейінгі жағдайда қызметі көлік қозғалысына байланысты жұмысшылар емдеудің тиімділігіне қарай жұмысқа жіберіледі;

3) жүрек жарасын «тарылту» операциясынан кейін асқынулар мен функциялық бұзылулар болмаған жағдайда пойыз жұмысына машинистер мен машинистердің көмекшілері жіберілмейді;

4) бронхоэктатикалық ауруы бойынша операциядан кейін машинистің көмекшісінсіз пойыз жұмысында жұмыс істейтін машинистердің тобынан басқа қызметі көлік қозғалысына байланысты жұмысшылар тиімді емдеуден кейін жұмысқа жіберіледі. Басқа ағзалардың саркоидозы кезінде қызметі көлік қозғалысына байланысты жұмысшылар кәсіби мәні бар функцияларының айқын бұзылуына қарай жұмысқа жіберіледі. Бастан өткерген спонтандық пневмоторакстан кейінгі жағдай тыныс алу функциясы жетіспеушілігінің және аурулар эпизодтары санының болуына қарамастан қарсы көрсетілім болып табылады;

5) асқазанның ойық жара және басқа да ауруларын операциялық емдеуден кейін машинистің көмекшісінсіз пойыз жұмысында жұмыс істейтін машинистер жұмысқа жіберілмейді. Операция жасалған асқазан синдромдары жалпы қарсы көрсетілім болып табылады;

6)жағымды өтетін лимфолейкоз кезінде (жиі қайталанулар болмағанда) жұмысқа теміржол көлігінің жылжымалы жабдығының жүргізушілері, машинистер жіберілмейді;

7) геморрагиядан кейін және тапшылық анемиялар кезінде – жіті аурулар кезіндегі секілді тәсіл.

4. Хирургиялық аурулар:

1) туа біткен аномалиялар мен деформациялар, оның ішінде аяқ-қолдың 6 және одан да көп сантиметрлерге қысқа болуы;

2) басқа тармақтарда көрсетілмеген және кәсіби қызметте кедергі келтіретін зақымдалған ағзалардың тұрақты бұзылуларымен қоса жүретін жарақаттар мен хирургиялық араласулардың салдары;

3) кәсіби мәні бар функцияларының тұрақты бұзылуы бар сүйектердің, шеміршектердің, аяқ-қол және омыртқаның ірі буындарының созылмалы аурулары;

4) тесіп өткен бассүйек-ми жарақаттарынан немесе операциялардан кейінгі бассүйек сүйектерінің ақаулары;

5) созылмалы іріңді аурулар (өкпе, ішперде абсцестері, пиоторакс, парапроктит, ішек, несеп жыланкөздері мен басқалар);

6) өңештің тыртықтық өзгерістері, функциялардың айқын бұзылуларымен және асқынулармен диафрагмалық жарықтар;

7) симптомдық дивертикулез, полипоз және асқорыту трактісінің басқа да симптомдық қатерсіз ісіктері. Жарықтар. Үлкен емес асқынбаған жарықтар кезінде жұмысшыларды жұмысқа жіберу тәсілі жекеше;

8) айқын ауырсыну синдромымен және асқынуларымен өт-тас аурулары (оның ішінде созылмалы холангит, реактивті панкреатит, айқын холецистит);

9) асқорыту трактісінің, несеп пен нәжісті ұстмауымен немесе кідіріспен қоса жүретін несеп шығару ағзаларының және қуықасты безінің созылмалы аурулары;

10) шеткі артериялардың стеноздаушы атеросклерозы, Бюргер ауруы, Рейноның айқын синдромы. Қан тамырлары қабырғаларының жыртылу қаупімен аневризмдер мен артерияның басқа да аурулары;

11) көктамыр функциясының айқын созылмалы жетіспеушілігімен аяқ көктамырларының варикоздық кеңеюі. Тромбофлебит, тромбоэмболитикалық ауру. Асқынған геморрой;

12) лимфангиит, басқа да лимфоісіктер - III дәрежелі күспектік.

Ескертпе:

1) Рейноның айқын емес синдромында теміржол көлігінің жылжымалы жабдығының машинистері жұмысқа жіберілмейді;

2) флебэктомиядан кейін қызметі көлік қозғалысына байланысты жұмысшылар көктамыр функциясының жетіспеушілігінің айқындылығын және тромбоэмболия қаупін ескере отырып жұмысқа жіберіледі;

3) аяқ функцияларын ортопедиялық аяқ киіммен түзету кезінде жылжымалы жабдықтың жүргізушілері, машинистері, тежегіш жұмысшылары, бағыттаушылар, арнайы жұмысшылар, жол машиналарын және темір жол көлігінің механизмдеріне қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшылар, жол машиналарын және темір жол көлігінің механизмдеріне қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы мамандықтар жұмысқа жіберілмейді;

4) қайталанған буынның шығулары мен буындардың таюы және менискінің зақымдануы кезінде емдеуден кейін машинистің көмекшісінсіз жұмыс істейтін машинистер жұмысқа жіберілмейді.

5. Тері және венериялық аурулар:

1) терінің созылмалы аурулары: созылмалы таралған, жиі қайталанатын экзема, тұқым қаулайтын псориаз, таралған, артропатиялық, пустулездік, псориатиялық эритродермия, созылмалы таралған, жиі қайталанатын дерматит, созылмалы қайтымсыз таралған ихтиоз;

2) буллездік аутоиммундық бұзылулар: күлдіреуік (пемфигус), пемфигоид, герпес түріндегі Дюринг дерматиті;

3) гангреноздық пиодермия, ауыр ағынды басқа да созылмалы пиодермия;

4) тері ісіктері (Капоши саркомасы, меланома);

5) кеш нейромерез;

6) кожные проявления склеродермияның, эритематоздың (фотосенсибилдеуші нысандар) терілік көріністері.

Ескертпе:

1) артропатиялық псориаз жүргіншілер вагоны жолсерігінің мамандығында қарсы көрсетілім болып табылады, қызметі көлік қозғалысына байланысты басқа жұмысшылар буындар функцияларының бұзылу процесінің таралушылығын, дәрежесін және емдеудің тиімділігін ескере отырып, жұмысқа жіберіледі;

2) пиодермия, венериялық аурулар, қышыма мен терінің басқа да инфекциялық және паразиттік аурулары кезінде қызметі көлік қозғалысына байланысты жұмысқа түсушілер жұмысқа жіберілмейді, қызметі көлік қозғалысына байланысты жұмысшылар үшін кәсіби жарамдылық мәселесі емдеуден кейін шешіледі;

3) тері және тырнақ микоздары – жүргіншілер вагоны жолсеріктерінің жұмысы үшін қарсы көрсетілім.

6. Көз аурулары:

1) глаукома;

2) жиі қайталанулармен көздің созылмалы асқынған аурулары;

3) бинокулярлық көрудің жоқтығы мен бұзылуы;

4) еңбек жағдайына байланысты контактілік түзету;

5) мамандығы бойынша міндеттерін орындауды қиындататын функциялардың бұзылуларымен көру ағзасының анофтальмі, аномалиясы;

6) мамандығы бойынша міндеттерін орындауды қиындататын функциялардың бұзылуларымен көру ағзасының қатерсіз және қатерлі аурулары;

7) жас аппаратының, конъюнктивтің, аққабықтың, мөлдірқабықтың, нұрлы қабықтың және көру функцияларының бұзылуларымен және тоқтамай жас ағуларымен цилиарлық дененің созылмалы аурулары;

8) мамандығы бойынша міндеттерін орындауды қиындататын функциялардың бұзылуларымен катаракта, афакия, екі жақты артифакия;

9) көру функцияларының бұзылуымен қан тамыры қабығының, торқабықтың, шыны тәріздес дененің, көру нервісінің аурулары;

10) белгілеу нүктесінен бастап 20 градусқа дейінгі кез келген меридианда көру өрісінің тарылуы;

11) түнгі соқырлық, ымырттық көрудің және еңбек жағдайына қарай көруге көз тұрақтылығының төмендеуі;

12) А», «В», «С» типтегі түсті көрудің туа біткен аномалиясы (ахроматопсия, протанопия, дейтеранопия, протаномалия, дейтераномалия) .

Ескертпе:

1) 30 градустағы ең төменгі шекпен көру өрісінің тарылуы кезінде темір жол көлігінің жылжымалы жабдығының жүргізушілері, машинистері, диспетчерлер, көліктегі есеппен айналысатын қызметшілер, тежегіш жұмысшылары, бағыттаушылар, арнайы жұмысшылар, жол машиналарын және темір жол көлігінің механизмдеріне қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшылар, темір жол вагондарының жолсеріктері, кондукторлар, өндірістік пайдалану бөлімшелерінің басшылары, техник-механиктер, желілік ғимараттар мен станциялық байланыс жабдығына қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы мамандықтар, мамандандырылған бөлімшелердің басшылары жұмысқа жіберілмейді;

миотиктерсіз компенсацияланған бір жақты бастапқы операция жасалған глаукомамен, көру функцияларын сақтау кезінде бір жақты тұрақты компенсацияланған глаукомамен машинистерден, жүргізушілерден, машинистердің көмекшілерінен басқа қызметі көлік қозғалысына байланысты жұмысшылар жұмысқа жіберіледі;

2) бинокулярлық көруінің бұзылуымен қосарланумен, қылилықпен қоса жүретін көз бұлшық етінің аурулары кезінде - темір жол көлігінің машинистері мен машинистердің көмекшілері, желілік ғимараттар мен станциялық байланыс жабдығына қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысқа түсушілер, темір жолдардың мамандандырылған бөлімшелердің басшылары жұмысқа жіберілмейді;

3) түрлі-түсті көрудің туа біткен аномалиялары кезінде қызметі көлік қозғалысына байланысты жұмысшылар емделгеннен кейін жіберіледі;

4) «А», «В», «С» типтегі түрлі-түсті көрудің туа біткен аномалиялары кезінде (ахроматопсия, протанопия, дейтеранопия, протаномалия, дейтераномалия) темір жол көлігінің жүргізушілері, машинистері мен машинистердің көмекшілері, жарық дабылымен жұмысшылардың санаттары жұмысқа жіберілмейді.

7. Гинекологиялық аурулар:

1) жүктілік пен емізу кезеңі;

2) бала туу жасындағы әйелдер анамнезіндегі дағдыға айналған ұрықты көтере алмау және аномалиясы;

3) жамбас ағзалары функцияларының бұзылуларымен әйелдердің жыныстық ағзаларының қатерсіз ісіктері;

4) айқын ауырсыну синдромымен мено-метроррагиямен әйелдердің жыныстық органдарының аурулары;

5) мено, метроррагиялармен аналық бездердің дисфункциясы;

6) тубоовариалдық ісіктермен немесе гидросальпингспен әйелдердің жамбас ағзаларының созылмалы асқынған аурулары;

7) кез келген орындағы бірден айқын дисплазия;

8) жамбас ағзалары функцияларының бұзылуларымен немесе анемнезденген қан кетулермен қоса жүретін декубиталдық (трофикалық) ойық жарамен кез келген дәрежедегі әйелдердің жыныстық ағзаларының түсіп қалуы;

9) әйелдердің жыныстық органдарының ісіктері.

Ескертпе:


  1. жамбас ағзалары функцияларының бұзылуларымен әйелдердің жыныстық ағзаларының қатерсіз және қатерлі ісіктерімен шұғыл және клиникалық емдеуден кейін жұмысқа жіберіледі;

  2. І, ІІ дәрежедегі дисплазия кезінде қызметі көлік қозғалысына байланысты жұмысшылар емдеу және міндетті медициналық тексеріп-қараулар жүргізудің жеке мерзімдері тағайындалған кезде жұмысқа жіберіледі.

8. Құлақ, тамақ, мұрын аурулары:

  1. 3 метрден астам жерде сыбырлап сөйлеуін түзете отырып, екі құлаққа естуді протездеу кезінде ІІ және ІІІ дәрежедегі нейросенсорлық саңыраулықта темір жол көлігінің машинистері мен машинистердің көмекшілерінен басқа еңбек жағдайына қарай жұмысқа жіберіледі;

2) екі құлақтағы тұрақты толық саңыраулық немесе естімейтін мылқаулық;

3) отосклероз;

4) Меньер ауруы немесе вестибулярлық функцияның бұзылуымен ішкі құлақтың басқа да аурулары;

5) созылмалы синуситтер (мұрынмен демалу бұзылуларымен полипоздық – бітегіш полиптер);

6) аносмия;

7) мұрынмен демалу бұзылуларымен мұрын қалқаншаларының қисаюы;

8) мұрын және сыртқы демалу функцияларының бұзылуларымен үстіңгі тыныс алу жолдарының қатерсіз ісіктері;

9) естуді жақсарту операцияларынан кейінгі жағдай;

10) лабиринтит, лабиринттік фистула, лабиринттік дисфункция;

11. склерома, Вегенер гранулематозы (некроздайтын респираторлық гранулематоз), өңештің тыртықты стеноздары;

12) есту функцияларының бұзылуларымен ортаңғы және ішкі құлақтың созылмалы аурулары.

9. Инфекциялық аурулар

1) ағзалар мен жүйелердің бұзылуларымен қоса жүретін созылмалы инфекциялық және паразиттік аурулар (оның ішінде адамның иммун тапшылығынан туындаған ауру, бруцеллез, терең микоздар, токсоплазмоз);

2) зақымданған ағзалардың функциялық бұзылуларымен қоса жүретін кез келген орындағы белсенді туберкулез (оның ішінде операциядан кейінгі);

3) өнеркәсіптік аэрозолдарға байланысты жұмыстар кезінде бастан өткерген туберкулезден кейінгі үлкен қалдық өзгерістер.

2. Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін жалпы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі
10. Инфекциялық аурулар мен инфекциялық қоздырғыштарды (стафилококк, стрептококк, мерез, гонорея және басқалар) иеленушілер;

11. Іш сүзегі, паратифтер, сальмонеллез, дизентерия аурулары қоздырғыштарының бактериясын иеленушілік;

12. Гельминттер жұмыртқаларын иеленушілік;

13. Іріңді аурулар - акушериялық және хирургиялық стационарларда, жаңа туған нәрестелер, шала туған нәрестелер патологиясының бөлімшесінде, балалар сүт асханалары, крем-кондитерлік және басқа да азық-түлік өнімдерін дайындау мен сату бойынша ұйымда;

14. Жұқпайтын тері аурулары (псориаз, экзема, аллергиялық дерматиттер);

15. Туберкулезбен ауырып жазылғандар:

Перзентханаларға (бөлімшелерге), балалар ауруханаларына (бөлімшелеріне), жаңа туған нәрестелер мен шала туған нәрестелер патологиялары бөлімшесіне;

Туберкулезге қарсы диспансерлердегі орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға (балалар яслилері/бақшалары, сәбилер үйі, балалар үйі, балалар санаторийлері) және мектеп ұйымдарының кіші сыныптарына.

3. Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласындағы жұмысшылармен еңбек шарттарын жасасу үшін жеке медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі
Қызметі темір жолдағы пойыздардың қозғалысына тікелей байланысты ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласындағы жұмысшылармен еңбек шарттарын жасасу үшін жеке медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі осы Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесіне қосымшада көрсетілген.

Ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды)

және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында,

жерасты жұмыстарында еңбек шарттарын жасасу үшін,

сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды

жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесіне

қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет