"Авиация персоналының қолданыстағы куәлiгi бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететiн инженерлiк-техникалық құрамға және ұшу кезiнде әуе кемесiнiң кауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн персоналға экипаж мүшесiнiң куәлiгiн беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2013 жылғы 22 қазандағы № 821 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 25 қарашада № 8925 тiркелдi
"Егемен Қазақстан" 07.12.2013 ж. № 270 (28209); "Казахстанская правда" от 07.12.2013 г. № 332 (27606);
«Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиация персоналының қолданыстағы куәлiгi бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететiн инженерлiк-техникалық құрамға және ұшу кезiнде әуе кемесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн персоналға экипаж мүшесiнiң куәлiгiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6637 тiркелген, 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 355-356 (26416-26417), 2011 жылғы 7 қаңтардағы № 3 (26424) «Казахстанская правда» газетiнде жарияланған) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Авиация персоналының қолданыстағы куәлiгi бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететiн инженерлiк-техникалық құрамға және ұшу кезiнде әуе кемесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн персоналға экипаж мүшесiнiң куәлiгiн беру қағидалары: мынадай мазмұндағы 17-2-тармақпен толықтырылсын:
«17-2. Қазақстан Республикасында тiркелген авиакомпания басқа мемлекетте тiркелген әуе кемелерiн пайдаланған жағдайда шет мемлекеттiң азаматтары болып табылатын ұшу экипажының және инженерлiк-техникалық құрамының мүшелерiне ЭМК берудi уәкiлеттi орган осы Қағидаларға сәйкес 1 жыл мерзiмге берудi жүргiзедi»
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Б.К. Сейдахметов):
1) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан
Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелуiнен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттiк органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсiн;
3) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiнен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жiберу туралы мәлiметтердi ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министрi А. Жұмағалиев
«КЕЛIСIЛДI»:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiнiң төрағасы
____________ Н.Ә. Әбiқаев
2013 жылғы «__» _________
Достарыңызбен бөлісу: |