Қаялық қаласы тарихы
Көне тарихи деректерге қарағанда, 552 жылдарда құрылған Түрік қағандығының ыдырауына байланысты Батыс Түрік қағандығына бағынған Жетісудағы тайпалар 689 жылдары шамасында түрік қағандығының әлсіреуіне сәйкес Алтай тауын мекен еткен Қарлұқ тайпалары күшейіп, қарлұқ қағандығынның құрылғанын білуге болады. «Қазақстан тарихының хранологиялық деректеріне сүйенсек , Қарлұқ мемлекеті 756-940 ылдар аралыында өмір сүрген, мұнан соң ыдыраған Қарлұқ мемлекеті кейіннен Қарахан мемлекетінің құрамына кірді.
Қарлұқтардың аздаған бөлігі Жетісудың солтүстік бөлігіне ығысып, Қойлық (Қаялық) қаласында шағын хандық құрды. Қалұқ қағандығы Жоңғар Алатауының солтүстігі, Алакөл, Балқаш көлдерінің аралығы мен Сырдарияның орта ағысына дейінгі аумақта мекендеген , Қарлұқ қағандығында феодалдық қатынастар ерекше зор күшпен дамыды. Мал шаруашылығы , егіншілік пен қала мәдениеті де өркендеді.
Адамзат қоғамының дамуына баспалдақ болған Азия мен Еуропаны жалғастыратын Ұлы Жібек жолы өтетін тау бөктерлері мен өзен аңғарларының құнарлы алқаптарында Қойлық (Қиялық) қатар аз уақыт ішінде моншақтай тізіліп Алмалық, Сағайбүйен, Таяхир (Талғар), Есік, Құлан, Меркі, Тараз, Сайрам, Отырар қалалары бой көтерді. Бұл қалаларды түргештер сияқты қарлұқтар өзінің атын жазып, металл ақша шығарды. Қарлұқ қағандығының астанасы алғашында Іле өзенің бойында болып, кейінен қағандықтың әлсіреуіне байланысты Х ғасырда қазіргі Қойлық ауылының орындағы ежелгі Қойлық (Қиялық) қаласына ауыстырылды. ХІІІ- ХҮІ ғаасырларда Қойлық қаласы мәдениеті дамыған гүлденген сауда орталығы болғаны жөнінде баға жетпес құнды мағлұматтар табылып отыр.
1986 жылдары бұрынғы Ленин атындағы колхоздың құрылысшылары Лепсі мен Ащыбұлақ аралығындағы тау бөктерінен құрылысқа сары топырақ алу кезінде Лепсіден Қойлық қаласына дейін тартылған, қыштан күйдіріліп жасалған су құбарларын тапқан. Ауылдық кеңес төрағасының өтінішімен облыстық, республикалық тарихи- мәдени ескерткіштерді қорғау мекемелеріне хабарланып, құбырлар қайта жабылған.
Қала шекараын анықтау мақсатында Қорған төбелерді аралап жұріп, ауылыдың солтүстік батысында 1-2 шақырым жерде ең биік «Бастөбе» қорғанының маңынан су құбырының қаңсып қалған сынығы табылды. Құбырдың көлденең қимасы 15-18 сантиметр.
Бір көңіл аударарлық жәйты Қойлық құбырларының материалдары негізінен Тараз Отырар қалаларынан табылған материалдарымен ұқсастығы еді. Мұнын өзі сол кезде қала халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге зор мән берілгенін көрсетеді.
Ежелгі қала орнында салынған қазіргі тұрғын үйлердің бірінің иесі Сәмет Наушабаевтың айтуына қарағанда, көктемде қар еріген кезде, жер астынан біраз уақыт бұрқырап су шығып жататын көрінеді. Сонымен қатар ауылға келетін бас арықтын суы тоқтағанда құм қайнар арасынан қыш-құмыра, су құбырларының сынықтарының кездесетінін айтты. Зертеушілердің ойынша, жер астынан бұрқыра шыққан сулар жер асты құбырарынан келіп жатыр деген болжам негіз болмақшы. Осы құбырлар арқылы Лепсі өзенінен келетін су халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, салтанатты керуен сарайларының жолындағы гүлзарларды, егістік алқаптарын суаруға, кірпіш, қыш құмыра күйдіретін қол өнер шеберханларын сумен жабдықтауға қызмет еткені даусыз. Жергілікті халық Қызылөбе деп атап кеткен Ащыбұлақ бойымен қазіргі ауылдың шығыс шетіндегі үйінді төбелер әлі күнге дейін сақталған.
1970 жылдары Қойлық ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су құбырларын қазу барысында бұзылмаған қол өнер шеберханасының пеші табылған, Жамбыл көшесінің 24-үйінің иесі Ысқақұлы Берлібек ақсақалдың айтуына қарағанда, пеш ішінен шыққан күйдірілген қыш құмыралар қалдықтары Мағжан Жұмабаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына өткізілген екен, Ежелгі шеберхана орындағы кірпіштерге зер салып қарағанда адам оның көлемінің әр түрлі екендігін байқайды.
Осы кезде жиһангез ғалым Шоқан Уалихановтың 1856-1858 жылдары Ыстық көлге жасаған саяхаты кезіндегі қазақ даласындағы мазарлармен мен ежелгі қалалар кірпіштерінің орыс кірпішінен айырмашылығын кірпіштің көлемімен пішінінің әр түрлі болатынын айтқаны еске түседі. Біз тауып көрген кірпіштердің ұлы ғалымның пікірімен сай келуі Шоканның Қыйлық қаласының орынында болып зертеулер жүргізгенін дәлелдейді.
Ауыл тұрғындары ежелгі қала орынынна құрылыс жүргізу барысында сыйымдылығы әр түрлі қыш құмыраларды Қойлықтағы мұражайға өткізгені, сол құмыралардың пішіні ұлан ғайыр қазақ даласындағы басқа да ежелгі қоныстардан табылған құмыралармен сәйкес бұл Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалалар арасында сауда –экономикалық байланыспен қатар, мәдениеттің, салт – дәстүрдің, тұрмыс – тіршііктің қалыптасқандығынын көрсетеді.
Ауылдың қарт тұрғындары ҮІІ- ҮІІІ ғасыр бойы жер астында аман сақталған сол қыш құмыраға құйылған сусынның суық тамақтың ұзақ уақыт сапасы бұзылмайтынын таңдана айтады. Бұл қыш-құмыраларды сұйық тағамды ұзақ сақтауға бейімдеп жасайтын қаш шеберлердің ежелгі Қойлық қаласында көп болғанын дәлелдейді. Кәзіргі Қойлық ауылының солтүстік –батысында 500-600 метр жергілікті «Қостөбе», «Домалақтөбе», «Бастөбе» атап кеткен қорған төбелер аз емес.
1972-1975 жылдары Қойлық ауыындағы Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебінің сол кездегі директоры Қайын Садықұлы Мехаловтың қолға алуымен сол төбелерде шағын қазба жұмыстары жүргізіліп, көптеген құнды археологиялық ескерткіштер табылған. Сол ескерткіштер негізінде Қойлық ауылының орта мектебінде тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырылған, ол әлі де қызмет етіп тұр. Бүгінгі таңда облыс қана емес, республикаға танымал мектеп мұражайларының бірі осы болар. Табылған құнды археологиялық ескерткіштерге қарағанда «Қостөбе», «Домалақтөбе» ежелгі қаланың маңызды ғимараттарының бірі болса керек. Сол төбеден Алдберген Дәулетбаев 1992 жылы тауып бізге тапсырған шырағдан Қойлық қаласының орнынан табылған ең құнды баға жетпес археологиялық ескерткіш болуда. Кезінде қазақ тұрмысында кеңінен қолданылған кішкене ғана шырағдан жарығы қазіргі пілтелі шамнан кемде емес. Бір ғажабы ол Қазақстаның оңтүстігіндегі ежелгі қалалардан табылған шырағдан пішініне сай келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |