Аяқталу уақыты: 2016 ж Жұмыстың көлемі



бет1/4
Дата21.11.2019
өлшемі1.36 Mb.
#447530
  1   2   3   4
тажирбеге мысал

Аннотация

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктерін қосымша қоректендіру әдістерінің тиімді жолдары»:

Аяқталу уақыты: 2016 ж

Жұмыстың көлемі: 25 бет

Қосымша саны: -

Иллюстрация саны: 2

Кесте саны:1

Пайдаланылғын әдебиеттер саны: 19

Жұмыстың сипаттамасы:

Зерттеу мақсаты – Бөлме өсімдіктерін қосымша қоректендіруде тиімді әсер ететін әдісті анықтау

Зерттеу міндеттері:

  • бөлме өсімдіктеріне қажетті тыңайтқыштардың маңыздылығын ғылыми әдебиеттер негізінде айқындау;

  • өсімдіктің жақсы өсуіне ықпал ететін қосымша қорек көздері туралы көзқарастардың жүйесін анықтау;

  • бөлме өсімдіктерінің өсуіне тиімді ықпал ететін қосымша қорек көздерінің түрін анықтау үшін тәжірибе қою.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы:

  • өсімдіктің жақсы өсуіне ықпал ететін қосымша қорек көздері туралы көзқарастардың жүйесі анықталды;

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

- бөлме өсімдіктерінің өсуіне тиімді ықпал ететін қосымша қорек көздерінің түрі анықталды.



Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерге шолу жасау және талдау, тәжірибе қою, бақылау, талдау, статистикалық өңдеу

Берілген ғылыми жұмыста негізгі екі бөлім қарастырылған.



  • теориялық бөлім

  • тәжірибелік бөлім.

  • Теориялық бөлімде: өсімдіктің жақсы өсуіне ықпал ететін қосымша қорек көздері туралы көзқарастар жүйеленді .





КІРІСПЕ

4

І.

Бөлме өсімдіктерін қосымша қоректендірудің маңыздылығы




І.1

Бөлме өсімдіктеріне қажетті тыңайтқыштар

5

І.2

Бөлме өсімдіктерінің жақсы өсуіне ықпал ететін қосымша қорек көздері туралы көзқарастардың жүйесі

9

ІІ.

Бөлме өсімдіктерінің өсуіне тиімді ықпал ететін қосымша қорек көздерінің түрін анықтау бойынша жүргізілген тәжірибе мазмұны




ІІ.1

Бөлме өсімдіктерінің өсуіне тиімді ықпал ететін қосымша қорек көздерінің түрін анықтау тәжірибесі

16

ІІ.2

Тәжірибенің нәтижесі

21




Қорытынды мен ұсыныстар

24




Пайдаланылған әдебиеттер

25


2.1 Бөлме өсімдіктерінің өсуіне тиімді ықпал ететін қосымша қорек көздерінің түрін анықтау тәжірибесі

Зерттеу жұмысы екі кезеңнен тұрды:

І кезеңде – ғылыми әдебиеттерді пайдалана отырып, бөлме өсімдіктеріне қажетті тыңайтқыш түрлерін жүйеледік. Олар: азотты, фосфорлықышқылды тыңайтқыштар; калий; әкті тыңайтқыштар; органикалық тыңайтқыштар

Сонымен қатар, өсімдікті қосымша қоректендіру үшін пайдалануға болатын ертінділер қатары анықталды. Олар: қантты ертінді; етті, балықты жуған су; сүттен әзірленген ертінді.

Біз тәжірибеге арнайы минералды тыңайтқыштардың жиынтығымен дайындалған «агролюкс» тыңайтқышын, қант ертіндісін, еттен дайындалған қорек және жай су пайдаландық.

Тәжірибеге көп күтім талғамайтын өсімдіктің екі (традесканция және қазтамақ) түрінен төрт экземплярдан таңдадым. Оларға жағдай жасай отырып, түрліше қосымша қорек берілді.



ІІ кезеңде - Бөлме өсімдіктерінің өсуіне тиімді ықпал ететін қосымша қорек көздерінің түрін анықтау мақсатында тәжірибе қойдым. Тәжірбие барысында өсімдіктердің жапырағының саны, бойының ұзындығы белгілі уақыт шегінде өлшеніп отырды.

2.2 Тәжірибенің нәтижесі

Қыркүйек айның басында өсімдіктердің бастапқы ыдыстарының тар болуына байланысты топырақтары мен ыдыстары ауыстырылып, айдың аяғында соңғы мәлімет алынды

Бөлме өсімдіктері традесканция мен қазтамақты әр түрлі жағдайда күтіп-баптап, қосымша қоректендіру арқылы жасалынған тәжірибе жұмыстың нәтижесін төмендегі 1 кестеден, суреттерден көруге болады.

1 кесте

Традесканция мен қазтамақты әр түрлі жағдайда күтіп-баптап, қосымша қоректендіру арқылы жасалынған тәжірибе жұмыстың нәтижесі

Бақылау мерзімі

Традесканция

бойының ұзындығы

Қазтамақ

бойының ұзындығы

1

2

3

4

1

2

3

4

Мамыр

(бастапқы қалемше)



11см

11см

10,5см

12 см

8см

8 см

8,5см

9 см


Шілде

23 см

17

14см

18 см

20 см

15 см

10 см

13 см.

Тамыз

30 см

23 см

20 см

24см

28 см

19 см

15см

18 см

Қыркүйек

42 см

27см

22 см

30 см

39 см

22 см

19 см

27см


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет