“ҚАЗАҚ” АТАУЫ
01
ҚАЗАҚ АТАУЫ
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Қазақ
Төрт жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның
семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса
қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер әр жерден кезігуде. «Қазақ» атауының шығу тегі, оның
мән-мағынасы туралы мәселеде талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жорулар мен
дәлел-деректер, келелі пікірлер айтылып келе жатқан кәделі мәселе.
Белгілі бір топ Қазақ атауын Монголдар қойған деп болжайды Монголдар қәзірде Қазақтарды Хасаг
деп атайды. Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада»
(13 ғ.) моңғ. “хасаг-терген” арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Хасаг-терген монгол сөзін сөзбе
сөз аударсақ,Хасаг-қазақ атауы,терг-арба/қазақ-арба/
"Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте
қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос
кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына
беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп,
күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған. Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий
және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды.
МӘМЛҮКПЕН БАЙЛАНЫСЫ
Саяси тұрғыдан Мысыр мәмлүк мемлекеті мен Алтын Орда арасындағы
байланысты екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең – 1261-1262 жылдардан басталып, XIV ғасырдың екінші
жартысына дейін созылды. Бұл одақтастық Иран жеріндегі моңғол
династиялық билігінің негізін қалаған Хулагу әулетіне қарсы бағытталды.
Сондай-ақ, бұл жауластық жоғарыда айтып өткеніміздей, Хулагу әулетінің
билігінің орнауы мен құлауына дейін жалғасты, тіпті Хулагу әулетінің билігі
құлағанына қарамастан, Жәнібек ханның Әзірбайжан жерін жаулап алуымен
аяқталды.
Екінші кезең – Алтын Орда ішіндегі саяси дүрбелең аяқталған соң, күллі
Жошы ұлысының басын біріктірген Тоқтамыстың билікке келуінен басталып,
оның билігінің аяқталуына дейін жалғасты. Бұл жолы екі мемлекет
арасындағы саяси байланыстар ортақ жауы Темір агрессиясына қарсы
бағытталды.
Мысыр жерінде түрік династиялық билігінің негізін қалаған мәмлүк
сұлтандары моңғол әскерлерінің алғашқы жорықтарына күшті тойтарыс
бергенімен, алдағы уақытта бұл аймақтан келетін үлкен қауіптің барын
жақсы түсінді. Зерттеуші Амин әл-Холидің пікірінше, Мысыр мемлекеті бұл
кезеңде моңғолдардың шабуылдарына қарсы төтеп бере алса да, мемлекет
әбден шаршап-шалдыққан күрескер ретінде өзінің күш-қуаттылығын
сарқып, «өз аяғымен тік тұрып» жауға қарсы шығуға қабілетсіздік танытты
дейді. Сондай-ақ, моңғол әскерінің мәмлүктерден жеңіліске ұшырағанына
қарамастан, біршама уақыттан соң Хулагулық Елхандар мемлекеті
тарапынан Сирия жеріне жасаған жортуылдары толастамады. Осыған
байланысты, 660 х.ж. сұлтан Байбарыс тіпті солтүстік аудандарының
тұрғындарын басқа аймақтарға көшіріп, моңғолдарды әскери азық-түлігі
мен аттарының жем-шөбінен айыру үшін Алепподан Месопатамия және
Кіші Азияға дейінгі аймақтардағы шабындықтар мен тал-шіліктердің
барлығын өртеп, құртуға бұйрық берді. Осыған байланысты, Мысыр билігін
қолына алған сұлтан әл-Мәлік аз-Захир Байбарыс (1260-1277) ымыраға
келмейтін басты дұшпаны – Ирандық моңғол билеушілерінің жаулаушылық
жоспарына қарсы қуатты мемлекетпен одақтастық орнатуға мұқтаж болды.
Ал бұл кезеңде күш-қуаттылығы жағынан да, ортақ мүддесі жағынан да
Хулагулық Иран мемлекетіне қарсы тек Алтын Орда ғана одақтас мемлекет
болуға лайықты еді
Бұл уақытта Алтын Орда мемлекетінде Бату билігінен кейінгі уақытта Сартақ,
Ұлақшының қысқа ғана билік еткен уақыт аралығынан соң, ислам дінін алғаш
қабылдаған моңғол билеушісі Берке хан (1256-1266) билікке келген еді. Жошы
ұлысындағы моңғол ақсүйектері мен мұсылман (көпестерінің) қауымының
қолдауымен билікке келген Берке хан үшін мемлекеттің орасан зор
шекаралық аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлемдік геосаясатта өз
мақсатына жету жолында сыртқы саясатын жандандыру үшін Таяу
Шығыстың Мысыр секілді қуатты мемлекетімен одақтас болуы заңды
құбылыс еді. Осыған орай, Беркенің сыртқы саясаттағы алғашқы
қадамдарының бірі Мысыр мәмлүк мемлекетімен әскери-саяси одақтастыққа
қол жеткізгендіктен, сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі Таяу
Шығысқа бағытталды. Бір қызықтысы, екі мемлекет арасындағы әскери-
саяси одақ орнатуға деген бастама Әзірбайжан жері үшін Хулагуға қарсы
күрес жүргізу үшін одақтасқа зәру Берке тарапынан емес, 1260 жылы Айн-
Джалут маңында моңғолдарға қарсы шайқаста жеңіске жеткен мәмлүк
сұлтаны әл-Мәлік аз-Заһир Байбарыс тарапынан болды
Достарыңызбен бөлісу: |