Ќазаќ этнопедагогикасы – ќазаќ халќыныњ мєдени м±расы, ±лттыќ тєрбие ќ±ралы



бет51/143
Дата05.01.2024
өлшемі1.77 Mb.
#488527
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   143
Кітап Тәрбие

Кербездік мінезді тәрбиелеу
Өзгешелік, кірпияздық, кісімсіну, әсемпаздық, сәнқойлық, жасандылық, жарампаздық арқылы пайда болатын кербездік мінез жеке тұлғаның жасанды бейнесін көрсетіп оның өзгешелік сипатын білдіреді.
Кербез адам көпшілікке өзін өзгеше етіп көрсетуге тырысып, жүріс – тұрысын, сөйлеуін, қарым – қатынасын «өз білгенінше» әсемдеуге бейім болады. Өзгешелікті өзінің ұғымына сәйкес жасағандықтан, оның ақыл – санасына сай әсемденуі де түрлі болады. (Кейде «күлкілі» болады).
Өзін өзгеше бағалайтын адам басқаны бағаламай, жаны сүймей, жақтырмай кірпияздық көрсетіп, ұнамсыз әрекеттерін байяулатыпр қояды да, «жеккөрінішті» болады.
Кербез адам, көбінесе, өзін басқалардан артық санап, алжасады да, орынсыз қимыл жасап, орайсыз сөз айтып, дауыс ырғағын «далбасалап», танауын көтеріп, тағлымсыздығын көрсетеді. Ол болмысын өзі де байқамайды.
«Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалаң» деп Абай дана кербез мінездің «кесірін» кесіп айтады. Әсемпаз болам деп, кербез адам кейде әсемдікті, жарасымдықты бұзып, тағамын жоғалтып алады да, «жаңа сән» деп жағымсыз «сәнмен» көрініп, жұртты ренжітеді.
«Сәнқойлық» пен кербездік сәйкес келмей сәнді бұзады. Әрине, кербездікке жанын салған адам өзін жақсы көрсетуге тырысады да, бірақ ол көптің көңілінен шыға бермейді. «Сәнқой сәнді бұзады, әнді бұзады» дейді ел.
Кербездік, көбінесе, жасанды болатындықтан, сол «жасаушы» тұлғаның талғамына, ақыл – санысына байланысты әр түрлі дәрежеде болады.
Өзін-өзі «жаратып», кербез адам келеңсіз әрекеттер жасайды да, мүмкін оны өзі байқамайды.
Кербездік кесір мінез емес. Кербездіктің кемісін достық сынап, әсем әзіл арқылы мінеп, түзеуге болады.


Көзқамандық мінезді тәрбиелеу
Елбезерліктен, туажаттықтан, жаутанымастықтан, кесепаттықтан, қаныпезерліктен, опасыздықтан, отансыздықтан пайда болатын бұл мінез – кесірлі мінез.
Көзқаман (көзуман) адам – тегін білмейтін, басқа елде тәрбиеленіп, сол елдің болмысын қабылдап, ататекті менсінбейтін тұлға. Ол ататегін ардақтауды білмейді, қайта қорлайды, өзін «өркениетті» елде өскенмін деп ойлайды.
Көзқаман (ататекті көрмеген) адам, ата жұртын көргісі де келмейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» дейді қазақ. Туажат болып, халқының қадірін, қасиетін білмеген тұлға, оның әдет–ғұрпын, салт–дәстүрін «ескілік», «қараңғылықтың қалдығы» деп масқаралайды.
Жаутанымастық әдетпен көзқаман адам жақсылық ойламай, жауына жалбырынып, дұшпанының сойылын соғып, еліне (ататегіне) қарсы шығуы мүмкін. «Ер туған жеріне, ит – тойған жеріне» деп, халық ата жерінде тұрмайтын «ердің» теңеуі «ит» деп көрсетеді
Көзқаман адам кесепаттық мінез көрсетіп, кесірленіп, ататектік әдебиетті, мәдени іс - әрекеттерді жек көреді, жамандайды, жаны қасаяды.
Көзқаман тұлға ататегіне қастандық жасап, қаныпезер болудан тайынбайды, тарихты балағаттайды. «Ататегін сыйламаған арам өледі» деп халық оны қарғайды.
Жалпы адами қасиеттерді аяққа басатын опасыздар осы көзқамандардан шығады.
Отансыздықтан пайда болатын көқамандық туралы халық: «Опасызда Отан жоқ», «Жақсыда кек жоқ, Жаманда тек жоқ» - деп, ол мінезді ашына айқындайды.
Көзқамандық (отансыздық) мінезді тәрбиелеу қиын. Ол үшін таныту, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру тәсілдерін қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   143




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет