Қазақ хандығы біртұтас, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік құрылым ретінде
1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өмірден озғанға дейін
төрт ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мəңгіге өз еншісін алды. Қазақ
хандығының генезисін, яғни қалыптасу, даму кезеңдерін сараптағанда дамыған
шаруашылық формаларының орныққанын, яғни көшпенді жəне жартылай көшпенді
өмір салтын ұстанып, жер өңдеу ісінің, кəріздік суару жүйесінің, кен өндірісінің
болғанына көз жеткіземіз.
Ұлы Жібек жолы бойындағы көне шаһарлар өркен жайып, қалалық сауда-саттық жүйесі
қалыптасып, «Жеті Жарғы» аталатын дала заңының жиынтығы бекітілді. Керей мен
Жəнібек құрған Қазақ хандығының басқару жүйесі сол заманға сай болып, орасан зор
аймақты қамтыған, əрі өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы ірі
құрылымның біріне айналды.
Төл тарихымыздан сыр шертетін аса құнды еңбектің авторы, ғұлама ғалым Мұхаммед
Хайдар Дулати Қазақ ордасының туы тігілген киелі Шу өңірін «Моғолстанның мəшһүр
жері» деп атайды. Бұл уақыт мемлекеттік құрылымның түзілуіне негіз болған, өзіне тəн
тілі, салт-дəстүрі, мінез ерекшелігі, атамекені, сондай-ақ, ортақ мүддесі бар халқын
«қазақ» деген атау мен қалыптасудың алғашқы сатысы еді.
Қазақ хандығының тарихындағы маңызды жəне күрделі, əрі аса қызықты мəселенің бірі
– хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы 2,5 мың жылдай уақытқа
созылған этнопроцесс өзінің мəресіне жетіп, ұлттық сипатқа ие болып, қазақ халқының
қалыптасуымен бір кезеңде жүзеге асты. Қазақ хандығының құрылуын,
мемлекеттіліктің дамуы тұрғысынан қарастырсақ, онда ол жалпылама түрде
Қазақстанның ежелгі тарихындағы сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, ерте орта ғасырлардағы Түрік,
Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан, одан кейінгі Алтын Орда
жəне Ақ Орда тарихымен тікелей байланысты.
Бұл құрылымдардың атаулары əртүрлі болғанымен оларға ортақ тəн нəрсе бір аймақ
пен сол жерде өмір сүрген ру-тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің тегі мен тілі,
шаруашылығы мен мəдениеті, діни-рухани жағынан ортақтығы жатты. Бұлардың атауы
бұрын билеуші əулеттерді шығарып отырған тайпалар атауларымен байланысты
болып келсе, Қазақ хандығы алғаш рет қазақ халқының құрамына енген тайпалардың
бірінің емес, барлық тайпаларға ортақ атпен атала бастайды. Бұл дегеніміз – Қазақ
хандығын бір тайпаға емес, елдік бірігуінің нəтижесі болатын.
Осылайша, жоғарыда айтылған ойларымыздың бəрін қорытындылай келе, Қазақ
хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп
есептеліп, сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге
жеткізіп, Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан
Республикасы деп аталатын жаңа мемлекеттің құрылуына негіз қалап, идеологияның
тарихи өлшеміне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |