Қазақ жеріне
исламның
таралуы және
оның тигізген
әсері
Араб
қолбасшысы
Кутейб ибн Мүслім
әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714
жылы қарулы күшпен басып кірді.
Қазақстан тұрғындарының
исламдануы осы кезден басталады.
Осы кезде Мауеренахрдағы
бауырластарына үнемі қол ұшын
беріп отыратын
Түркеш қағанаты
Орта Азиядағы
арабтардың жаулап
алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді,
себебі олар Шаш (
Ташкент
) пен
Ферғананың, Самарқант пен
Бұхараның автохтонды тұрғындарын
қолдап отыру үшін әскер жіберіп
отырды. Арабтардың Испиджабқа
(Сайрам) жоғарғы түркештердің
қолбасшысы Әбу Мырзақым
(Сүзеген) қаған араб экспанциясына
сәтті тойтарыс беріп бірнеше рет
жеңді. Басында арабтар Оңтүстік
Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды.
737 ж. қарай түркеш атты әскерінің
көмегімен Мауереннахр әскері
жерлерін араб секілді шетелдіктерден
тазартты. Бірақ таққа талас
барысында Сүзегеннің өлтірілуі
Түркеш мемлекетін әлсіретті, сол
себепті арабтың аймақ бастығы Наср
ибн Сейяр осы жылдан бастап
қайтадан Орта Азиядағы араб билігін
қалпына келтіре бастады.
Б. Ғафуров: «714 ж. Кутейб Шашқа
қайтадан шабуыл жасады. Ол Шашты
жаулап алып, өз ордасына
айналдырып, Испиджаб бағытында
жорыққа аттанды. Кутейбті бұл
қаланың сауда орталығы екендігі
емес, оның стратегиялық маңызы
қызықтырады: Испиджабты алып,
Кутейб Орта Азиялық одақтастарына
көмекке ұмтылған түркі әскерінің
жолын қиып тастауға талпынды,» —
деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен
бірге миссионерлер де қатысты,
алайда арабтардың шегінуі дін
уағыздаушыларына жаңа дінді
таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл
аймақта көптеген конфессиялардың
болғаны белгілі. Әсіресе, зәрдүстілік
қомақты орын алды. Бірақ исламның
таралуына байланысты зәрдүстілік
қудалауға ұшырады. Оның жазба
әдебиеттері жойылды. Басқа
манихейлік, будда, христиан діндері
де осындай жағдайға душар болды.
«ру намысы» күштірек еді. Бұл төменгі
таптың «өз туыстастары» үстем тапқа
қарсылығын тежеп отырды.
Арабтар Мауараннахрды Әбдімәлік
ибн Маруан (685-705) тұсында ғана
жаулап алуға қолы жетті. Хорасан
билеушісі Кутейб ибн Муслим ішкі
қырқыстардан әбден әлсіреген Орта
Азияға қоныстанған түркі
тайпаларын басып алды. Сөйтіп, 705
жылдың өзінде-ақ бүкіл Орта Азияны
уысында ұстады. Балхты басып алған
Кутейб ибн Муслим Бұхарға ұмтылды.
Соғдылар мен түркі тайпалары
арасына от салу нәтижесінде Бұхарды
алды. Ауыр шайқастардан соң
соғдылықтар астанасы Самарқан
қолға түсті. Наршаһидің жазуынша,
Кутейбаның әскері Бұхарды бірнеше
қайтара алғанымен, арабтар кете
салысымен жергілікті халық ислам
дінінен безіп, өз ата-бабасы ұстанған
дінге көше берген. Төртінші рет
Кутейба әзер дегенде қаланы алып,
қалаға сол қаланың тұрғындарының
жартысына жуық мөлшердегі
арабтарды әкеліп қоныстандырды.
Солардың күшімен ислам дінін енгізіп,
бұрынғы табынатын пұттарын
талқандап, оның орнына мешіттер
салдырған. «Кімде-кім мешітке келсе,
оларға ол (Кутейба) екі дирһам
береді» деп жар шақыртады. Соның
өзінде де жергілікті халықтан
қорыққан арабтар мешітке қару-
жарағымен келуге мәжбүр болған.
Дегенмен де, қоқан-лоқы, сатып алу,
т.б. жолдармен Орта Азияға арабтар
ислам дінін енгізді./6/
Міне, осыдан кейін кең далада емін-
еркін көшіп-қонған қазіргі Қазақстан
термторриясындағы түркі тайпалары
арасынан ислам дінін тарату үшін
миссионерлер ағылды. Олар
көшпенді халыққа күштемей-ақ
ислам дінін енгізу жағын қарастырды.
Оларға қазіргі қазақ халқын құраған
тайпалар ұстанған дін, исламға көп
жағынан кереғар еместей болып
көрінді.
Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам
діні қазақтардың ежелгі әдет-
ғұрыптарын ығыстыра алмады.
Қайта олармен санасуларына тура
келді. Өз ата-баба дәстүрлерін көбірек
ұстанған қазақтарды дінсіздер деп
атады. Оларға қарсы «ғазауат»
соғысына шақырулар да сондықтан.
Бұл қазақи, өзіндік сипатқа ие
дәстүрдің ұзақ дәуірді иеленген
тарихы бар. Олардың гүлденген,
күйзелген дәуірлері де бар. Мұндай
жайт дүние жүзі халықтарының кез-
келгендерінің бастарында да бар.
нәрлі де мазмұнды ғибраттар. Бұлар
праволық нормалар мен моральдық,
саяси, мінез-құлық, т.б. тәртіптерді де
өз ішіне жан-жақты қамтиды.
Араб халифаты 634 жыл мен 710
жылдың аралығында, яғни 70-80
жылдың ішінде Сирияны,
Иранды,Ауғанды, Орта Азияны,
Африканың солтүстігін, Египет пен
Европаның батысын тұтас жаулап
алып, оларға бірден ислам діні мен
араб тілінің үстемдігін орнатуға
тырысты.
Кезінде Кеңес үкіметі ешқандай діни
сенімдерге рұқсат бермеді.
Нәтижесінде, мемлекет болып
қалыптаса алмай, жойылып кетті. Ал
бүгінде «атеисттік бағытты ұстанады»
деген елдердің өзінде дін еркіндігі
бар. Діни сенімдерін заңына қосқан
елдер бар. Американың әнұранында
«Құдай,Американы қорға» деп
айтылатынын бәріміз білеміз.
Мемлекетіміздің діні бізге ешқандай
зиян келтірмейді. Ал исламнан бас
тарту - сонау әл-Фарабиден бері қарай
өмір сүрген Иүгінеки, Жүсіп
Баласағұн, Мұхаммед Дулатилардан
бас тарту. Осыдан бес жүз жыл бұрын
құрылған Қазақ хандығы да сол
кезде ислам дінімен өмір сүрді.
Кешегі Абылай хан заманында Бұхар
жырау «Бес уақыт бес намаз, Біреуін
қаза қылмасқа»деп жырлады. Ал
олар біздің бабаларымыз,
тарихымыз. Яғни, діні сенімнен бас
тарту ұлттық болмыстан бас тарту
болып саналады.
Жаулап алушы мемлекеттің басты
мақсаты - сол елдің тарихы мен
дәстүрін жою. Болашағына сенімі жоқ
елді жаулап алу оңай.
Кейбіреулер «Ислам діні келгенге
дейінгі тарихымыз бар, тәңіршілдікке
қайтайық» деп айтуы мүмкін. Біз әл-
Фараби бастаған тұлғалардың
көзқарасы ислам арқылы
қалыптасқанын көрсеттік. Ақсақ
Темірдің өзі Қожа Ахмет Йассауидің
кесенесін салу арқылы ислам дінін
насихаттады. Немересі Ұлықбек
исламның ақиқатын өз еңбектерінде
жазып кетті.
Ал енді тәңіршілдікке оралайық. Ең
болмаса XVIII ғасырдың соңында
мынадай бір ғалым тәңіршілдік
туралы айтты деген ақпарат жоқ.
Одан арғы тарихқа бармай-ақ
қояйық. Шоқан Уәлиханов XIX
ғасырдың соңында якуттың бір
жазушысының жазған еңбегін
аударды. Қазіргі тәңіршілдердің
шамшырағы осы еңбек қана. Алайда
оны діни маман жазбағанын
ескертеміз. Ал ислам дінін әл-
Фарабиден бастап айтып келеді. Ол
үзілмей, ғасырдан ғасырға
жалғасуда.
Ислам дінінен бас тарту - тарихтан бас
тарту. Ал өткенімізден бас тарту
келешектегі сенімсіздікке әкеледі. Бұл
ұлт болып жойылып кетуге апаратын
бағыт болады.
1. Бартольд В.В. Соч. Т. V 68-б.
2. Малов С.Е. Памятники
древнетюркской письменности. –
Москва. 1961 ж.
Дереккөздер
Достарыңызбен бөлісу: |