Қазақ қоғамының дәстүрлі жүйесі



Дата07.06.2023
өлшемі7.92 Kb.
#474813
Қазақ қоғамының дәстүрлі жүйесі


Қазақ қоғамының дәстүрлі жүйесі
Дәстүрлі қоғам - көбінесе ауылдық қоғам, индустриалды емес, бүгінгі индустриалдық қоғамға қарсы, өндіру мен мәдени мұраларды сақтайтын қоғам. Дәстүрлі қоғам - саяси, әлеуметтік және мәдени дамуы дәстүрлі құндылықтарға, салт-санаға, ата-баба мұраларына негізделетіндігімен ерекшеленетін әлеуметтік орта. Дәстүрлі қоғам адами қызметтің дағдыларын, қарым-қатынас жасаудың, тұрмыс кешудің, мәдени өнегенің пішімдерін кайталап отыруға негізделеді. Мұндай қоғамда дәстүр өмірлік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жалғаудың, индивидтердің жеке дамуын өзіне бағындыратын әлеуметтік сабақтастықтың басты құралына айналдырады.
Дәстүрлі қоғамда әлеуметтік жаңалықтар эволюциялық жолмен біртіндеп жүзеге асады. Ұрпақтар сабақтастығы, олардың арасында қарама-қарсы себеп-салдарлардың болмауы, сан ғасырлық мәдени құндылықтарды ардақ тұтып, рухани-имандық қасиеттерді қастерлеу Дәстүрлі қоғамның жағымды қырлары болып табылады. Кейде Дәстүрлі қоғамдағы қатаң ұжымдық сана жеке адамның шығармашылығы мен бостандығын жете бағаламаушылыққа, өз мәдениетінің жосындары мен қалып қағидаларын өзге мәдени орта мен қоғамның ықпалынан қорғаштап бағатын томаға-тұйықтыққа алып келеді. Дәстүрлі қоғам қазіргі бүкіл әлемдік жаһандану жағдайында, әмбебап құндылықтардың, қарым- қатынас пішімдерінің, техника мен технологиялардың өрістеп, қанат жаюына орай өзінің томаға тұйықтығын жоғалта бастады. Бірқатар елдер (мысалы, Жапония) өздерінің Дәстүрлі қоғамындағы әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қазіргі заманғы өркениет үрдістерімен оңтайлы ұштастыра білді. Ал, Азия, Африка мен Латын Америкасыныңкейбір елдері бұрынғы дәстүрлі даму жолдарын сол қалпында ұстануға тырысып келеді. Қазақ халқының Дәстүрлі қоғамнда да өзіндік дәстүрлі мәдениет, Дәстүрлі саяси жүйе, дәстүрлі құқықтык сана, т.б. болған. Ұзақ Жылға созынған отарлық езгі барысында қазақтардың Дәстүрлі қоғамына тән өзіндік болмысын жоюға бағытталған қыруар әкімшілік Шараларға қарамастан, халқымыз өзінің әлеуметтік-мәдени Құндылықтарының негізін сақтап қала алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет