Қазақ отбасындағы қыздар тәрбиесінің ерекшеліктері
Әженің және ананың қыз бала тәрбиесіндегі рөлі
Қазақ отбасындағы қыздар тәрбиесінің ерекшеліктері
Қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне қоятын талаптары
«Ел болам десең бесігіңді түзе» , «Тəрбие – тал бесіктен» деп дана халқымыз
айтқандай парасатты, зерек, кішіпейіл, адал, адамгершілігі мол ұрпақ ұлтымыздың басты
құндылығы.Саналаы да білімді жас ұрпақ болашағымыздың кепілі.Бала тəрбиесінде ең
маңызды рөл атқаратын əрине ол отбасы екені мəлім.Сəби күнінен ананың əлдиімен ақ
бесікте тербетіліп, асыл əженің ертегісін тыңдап тəтті ұйқыға батып өскен əрбір қазақ
топырағының перзенті жаман болмайтыны анық.Сəби дүние келгеннен бастап салт-
дəстүріміз бойынша жоралғыларын жасап, ұлттық құндылықтарымызды санасына сіңірсек
ұлтымыздың ұлы азаматы болары сөзсіз.Тəлім – тəрбие беруде салт-дəстүріміз бен əдет-
ғұрпымызды пайдалану ең бір оңтайлы тəсіл.Себебі, баланың қырқынан шығару, ақ бесікке
жатқызу тазалыққа, бесік жыры мейірімділікке, тұсау кесер адалдық пен адамгершілікке,
сүндетке отырғызу мұсылмандығын тануына өз септігін тигізеді.Сондықтан əр ата – ана
балаға тəрбие берумен қатар сол берілген тəрбиенің ұрпақ болашағы үшін маңызды екенін
ескерген жөн.
Қазақ халқы ежелден бала тəрбиесіне баса назар аударған.Қыз баланың тəрбиесіне
анасы, ұл баланың тəрбиесіне əкесі жауапты болған.«Қызға қырық үйден тыю» деп қыз
баланы болашақ ана ретінде сыпайылыққа, ізгілікке, инабаттылық пен ибалылыққа
тəрбиелеп, жат жұрттық ретінде сыйлап,құрметпен қатар ақыл кеңесін айтып отырған
Ана тілімізде «қыз» деген сөз бар. Ол ең қасиетті де, құрметті сөз.
Қасиетті болатыны- бүкіл адамзат әйелден тарайды: қыз келін болады, келін -
анаға айналады, ал ана-әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы арқылы ұрпақ
өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.
Қазақ халқы қыз баланың қадір қасиеті мен қылығы ұлттық ұлылығын
танытады деп халықтық болмыспен астастырған. Сондықтан қыздың
тәрбиесіне ерекше мән беріп, сол тәрбиені қалыптастырудың жолына барлық
игі жақсылықтарды топтастырған.
Қызды тәрбиелеу, өсіру, бойжеткізу ең маңызды мәселе. Қыз өсіру гүл
өсірумен бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су құйып,ауа жеткізіп, арам шөптерден
тазартып отыру керек. Бұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады.
Қыз да сондай. Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге беру маңызды мәселе
болып табылады. Әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салады.
әр қыз өз отбасының тәрбиесінен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат
қағады. Қазақ қыздарына ғасырлар бойы осындай отбасылық тәрбие берумен
өсірді.
Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыздарының бойында ізеттілік, ар-ұят, ұяңшақтық, үлкенге қызмет көрсету, жан ашу қасиеттері қызының бойына сіңіретін ең бірінші- ол анасы.
Достарыңызбен бөлісу: |