ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы “Реалистік эстетика және стиль”
Орындаған: Рахымбай А.Ж
Тексерген: Абдикулова Р.М
Алматы 2022
М.Әуезовтің 1920-30 жылдардагы әнгіме-повестерінде де сол тұстағы ұлттық проза үрдістерінен өзгеше көркемдік-эстетикалық таным айшығы байқалады. Ол жазушының тақырып етіп алған бұрын көзге іліне бермейтін тосындығынан тұрмыс-тіршілігіне деген жаңа көзқарастан, шығарма нысанын бейнелеу, астарлы тұжырым түю және стиль поэтикасынанда аңғарылады. “Қыр әңгімелері” мен “Қыр суреттері” негізінен халықтың тарихи этнографиялық құндылықтарын сағына еске алу, дәріптеу, этномәдени дәстүрлердің ұйымдық сана-сезім диалектикасымен әсемдік, қаhармандық, асқақтық аяларындағы тұтас дүние сезіну өрнектері ретінде рухани толысыммен суреттеу сарынына құрылған.Бұл туындыларда фрагментарлық көріністер, ашық композициялық, аяқталмаған мекеншақтық әдіс-тәсілдер басым келсе, 1921 жылы дүниеге келген тырнақалды туындысы есепті “Қорғансыздың күніңдегі” көркемдік пен эстетикалық сезім ауқымы уақыт пен кеңістік категорияларының терең үйлесімі арқылы мүлде басқаша жаңашыл сипат алады.
Әңгіме сюжетінің өмірлік негізге құрылғаны, протиптері туралы әр алуан пікірлердің қалыптасқаны белгілі /1, /224 С қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп, дәмелдендіріп тұрады.
Жолдың ауһында көлденең созылып жатқан тұрқы он шақырымдай болғанмен, енсіз кереге сықылды,жалғыз тау. Не бауыры, не сыртында ықтыртын жоқ ысқаяқ, Арқалық жадағай, жалғыз қабат болған соң, қыс күнінде жел терісінен, оңнан соқсада паналығы жоқ:азынап тұрады. Қыстың басынан екі жағынан қар алып,жұмыртқадай қылып, тегістеп татсайды.
Сондықтан өзге жер ашық болып тұрғанда, Арқалықтың бауыры көбінде бораннан босамайтын. Алыстан қарағанда да Арқалық бұдыры жоқ жалаңаш. Көруге де аса көңілсіз деп пейзаждық суретпен басталатын әңгімеде пластикалық толымдық пен эстетикалық мағына аса бай, Бірден-ақ көркем өнердегі дәстүрлі жол мекеншағына кездесеміз. Мұндағы ең үлкен топос-дала. Ол фольклор мен әдебиеттің барлық жанрларында сан қилы эмодцианалды-экпрессивті бая реңктерімен түрлі жағдайларда бейнелегені мәлім. М.Әуезов классикалық үрдіс дағдысы бойынша тағы бір кеңістік межесі - Семей қаласын С. әрпімен таңбалайды. Алайда ол мекендік орта елсіз жапан түзбен антиномиялық қарым-қатынаста алынғандықтан, суреттелетін уақыт сипатына сөзсіз драматизм үстейді. Алдағы мезетте осы тұсқа тап болатын жолаушылар үшін жайсыздық ықпалын күшейтетін-ара қашықтық феномені. Қаламгер әдетте өткен шақтық етістіктің -ды, -ді, -ты, -ті формаларынан гөрі модальдық сөздерге бітетін немесе сын есім-баяндауышқа құрылатын атау сөйлем ыңғайындағы үлгілер арқылы авторлық көзқарас пен баяндау кеңісігіне мол қарым әрі сезім-күй және синтаксистік ырғақ дарытады. “Қара жол”, “Ұзақ жол” тіркестеріндегі анықтауышқа айналған эпитеттер өзгермес көрінетін мекендік ұғымның мезгіл аясындағы машықтылық,тұрақтылық, тұрмыстық әдет-ғұрыпқа мойынсұнушылық,жақсы-жаман хабарды бірдей күту, бәріне төзу іспетті әсер интенцияларын білдіреді. ”Көңілсіз ұзақ жол” эпизод соңында бүкіл ландшафт ерекшелігімен бірге “Көруге аса көңілсіз” кейіптің құрамына енеді. Дала, жел, жол мотиві “көңілсіздік” мотивіне ұласады. Мотив туралы толғамдар көп.
Аталған үзінлілен кейінгі суреттеулерде М. Әуезов баяндауы концептуальды кеңістік белгілерінен перцептуальды кеңістікке тән қасиеттерге көшеді.
Арқалық бауырындағы жұтаң елдің күйзелісті халі, кәсібі, көршілес рулармен қарым-қатынасы ұзақ мезгіл бедерінде қайталанып отыратын ғұрып-салт есебінде мәлімденеді. Көп жұртпен байланыстыратын нүкте - Арқалық болса, Күшікбай кезеңі - осы кеңістікті ұштай түсетін, келешектегі сюжеттік әрекеттердің идеологиясына фон болып саналатын эмоциональды таңба. Күшікбай батырдың “тастан үйге оба секілді жалғыз моласы” ол үшін мәңгі тыныштық мекені болғанмен, жер басқан пенделер үшін мифоэтикалық сана иірімдерімен астасатын жанды рухани кеңістік іспетті. Өткен күндердің алдағы фабулалық желімен жалғасуға тиіс сиволикалық мәнін шығармамен таныс оқырман түсінеді.
Осы тұстардағы баяндау ракурстарының қалыңдығы автор образының да белсенді қалпын танытады. Ол - М. Әуезов емес, автор. Әрине, қаламгер дүниетанымы мен табиғатының ықпалын маңсұқ ету қате.
“Следует заметит, что совмещение различных точек зрения - в частности, точек зрения говорящего и слушающего - очень часто в устной речи” /6, 70/, - дейді Б. Успенский.
М. Әуезов қазақ прозасының ерте дәуіріне қарамастан, модернистік, постмодернистік әдебиетте кең қолданылатын тәсілді eркін ойнатып пайдаланады. Дала тұрғындарының ауызекі әңгімешілдік дәстүрі туралы қос үнді сөз үлгісінің өзгеше жаңғырығы “Көксерек” повесінде ұшырасады. Әңгіме айтатын жанның күнделікті күйбеңі мен көңіл-күй аужайы жайлы пайымдаулар жіті психологтық назар, этномәдени құндылықтар сырына жетік білім өpici, терең жинақтаушылық сипатымен оқшау. “Ақсақал мал қоралап болып, жайланып шайын iшіп, казанаспаның аузында кейде жылтылдап, кейде лапылдап жанып жатқан отты көріп, бұрқылдап қайнап жатқан еттің иіci мұрнына келіп отырғанда, серпіліп әңгіме айтатын.
Жолдан қажып келіп, тынығып жантайып жатқан салбыраңқы, күңгірт пішінді жолаушылар бастарын көтерсе де, жарым-жартылап қалғи отырып, әңгіме тыңдаушы еді /2, 104/. Талай қазаққа тән күтімі, сәні шамалы қыстау үйдің ішінде топырлаған қонағына қарап, ошақтағы асты ғана місе тұта отырып, сыр шертетін қариялардың дара рухани мекеншағы осылай көрініс береді. Олардың атын атап, түсін түстеу қажет емес. Бәpi ұқсас. Әр кезде өмір сүрген, әлі өмip cүpiп жатыр. Бірақ уақыттан-уақытқа созылып келе жатқан тарихи жағдайдың әсер шеңбері, мән-мағынасы бұрынғыдай, бірқалыпты. Жады кеңістігінде салтанат құрған ecкi заманның көлеңкесі. Бүгінгілерге, ерлігіне тәнті ұрпақтарына күш-қуат, жұбаныш, мақтаныш беретін - Күшікбай батырдың айтулы ici. Шешекпен ауырып, жанталасып жатқанына қарамастан, мұқатқысы келіп, малын барымталаған қарсыласын айбар-айдынмен жеңіп қайтар жолда сырқаты асқынып қаза табатын намыскер батыр көз жұматын жер - ашу-ыза, қыжал мен наланың белгісі таусылмай соғатын ызғырық боран - әйгілі батырдың рухымен тамырлас құбылыс. Қыр халқына хас мифтік дүниесезіну жүйесі нақты тарихи-этнографиялық детальдарға сүйенеді. Ретроспективті баяндау компонентінде өрнектелетін намыс мотивi де негізгi әлеуметтік әділет такырыбының құрамында символикалық танымның 6ip ұшын түйіп тұрғанын аңғарасыз.
Ендігі сәтте ғана автор “Январь айының аяқ кезінде күн батуға таяп калған мезгіл...” /2, 105/, - деп, өткен шақтан осы шақтық баяндау тәсіліне көшеді, жаңа хронотоп көзге іліне бастайды. Ұшқыр ой арқылы символ түзуге болғанымен, кешкі табиғат бедерінде объекти бағдар басым. Тек “Жоғарыда айтылған Күшікбайдан асатын қара жолдың үстінде Арқалықты бетіне алып, қала жақтан бip пар атты келе жатыр" /2, 106/ дейтін сөйлем аталған тарихи, мекеншақтық, психологиялық координаттарды тағы бip түйістіріп өтеді. Iлгepi мен кейінгі уақыттың бұған дейінгі баяндау нысанына айналған өзгеше сынды кеңістік жотасында тоқайласуы болашақ мекеншақпен қалай байланысатыны белгісіз.
Teгi құпиялау амалын М. Әуезов шығарма композициясында ұтымды игерумен болады. Жұмбақтың сыры біртіндеп ашылады. Кездейсоқ жолаушылардың да аты-жөні болмысы кейіннен танылады. Олар біршама әсем киінгенмен, қайсыбірі (Ақан болыс) ауқатты болғанмен, Арқалық тауының етегінде, қарлы каңтардың аязды боранында бәрібip пұшайман хал кешеді.
Соның бірі М.Әуезов шығармасының поэтикасына жақын : трактова мотива у В.Б.Шкловского соотносится с повествовательным началом произведения как таковым. Мотив – это интегральное тематическое целое фабулы, это целостная фабульная тема – как единица сюжетной игры , сюжетного развертывания произведения. В этом смысле понятие мотива у В.Б.Шкловского является очень глубоким, сопряженным с глубинными принципами поэтики сюжетного повествования.
Қорғансыздың күніндегі жоғарыдағы көрініс – негізгі оқиғалық әрекет болмағанмен, соған апаратын кілт. Ал әңгіменің жалпы идеялық-эмоциональдық ауқымы шеңберінде қысқы дала тауұыметі астарлы философиялық символ деңгейіне көтеріледі. Өйткені Доминантный способ мышления казахского народа – символический, как, впрочем, и ряда других восточных народов. Этот факт признают почти все исследователи и в этом отношении знаменательна характеристика, данная национальному менталитету звал обтекаемость – наподобие жилища казахов, юрты и привольность – наподобие степи, места его обитания. Көңілсіздік – тым кең мазмұндағы ноосфера. Ал шығармадағы жеке әрекеттік мотивтер түрлі баяндау үзіктемелерінде кейіпкерлерге сәйкес бөлек тармақталып кетеді де, жоғарыдағы лейтмотивке айнала бастаған негізгі сарынды әр қырынан ұлғайтып мүсіндейді. Әдепкіде байқаусыз айтылғандай көңілсіздік біртіндеп концептуалды мағына иеленеді.
Шағын пассажда әр қилы уақыттық өлшеулер абстрактылы түре қиылысып жатады. “Қажып келе жатқан керуен үшін алыстан көрініп, дәмелендіріп тұратын” Арқалыққа байланысты жолдар сонау орта ғасырлық тарих пен Мың бір түннің шым-шытырық хикаяларын елестетуі ғажап емес. Таудың орналысымы мен көлемі нақты геометриялық дәлдікпен бедерленеді. Көшпенділік өмірдің атрибуты – енсіз кереге ұлттық ойлау ыңғайындағы теңеу түзу арқылы “жалғыз таудың ” сырт келбетін айқындауға үлес қосқан. Тұрмыстық детальдар да айнала болмысын түс пен сапа .йлесімі түрінде бейнелейді. Метафоралардың бірі – психологиялық , бірі – мекеншақтық құбылысытармен егіздес. Санаулы фразалардың логикалық – ассоциативтік, ұғым – заттық, сезім-әсерлік аялары соншалық қалың. Арқалық тауын көру нүктелері де салыстырылады. “Бораннан босамайтын” “Арқалықтың бауы” - негізгі оқиға өтетін жердің маңай болғандықтан, болашақ ауыр қасіреттің де таңбалық белгісі екені анықтала бастайды.
Алдағы трагедиялық ахуалдың хабаршысы – Қалтай шабарманның пысықтығы мен Ақанның нәпсі құштарлығына қатысты қиялы. «Күшікбай кезеңінің түбінде бір жіңішке қара сызық секілденіп» көрінетін «Қанайдың жолсыз қарасы» болмашы серпілістен соң қайталай «көңілсіздік» сарынын кеулей бастауы заңды. Ересек және жас адамның бейіттері «Қаралы сұлуда» ерекше экспрессивті қызмет атқаратын «қара» концептінің ауыр әсеріне бөленген. «Бейіттен жарты шақырымдай жерде тұрған екі кішкене қара да бейіт секілді мүләйім пішінденген». Жазушы пішен қораның да, адам көргісіз үйдің де сырт көрінісі мен ішкі орналасымын соншалық дәлдікпен суреттейді. Қараңғылықта келген жолаушылар. Үйдің «іші» де «қараңғы». Мүлік-зат, көрпе-жастық, төсенішке дейін түгел сипатталған. Алайда аз да кедей жиһаздың «ыждахатты қолмен жиналғаны» да назардан тыс қалмайды. Ол «Көрген көзге алғашқы жерден-ақ сүйкімділігін сездірмейтін уыз жас» Ғазизв қылығы мен мінезін аңғартар таңбалық белгі.
Көркемдік-эстетикалық тұрғыда көңіл аудартатын нәрсе - М.Әуезов мүсіндеген портреттер шынайылығы. Қайтыс болған Жақыптың шешесі мен соқыр әйелі, жалғыз қызының сырт пішіндемелері жадау үйдегі трагедиялық ахуал аясындағы үндеушілік сарынды жоққа шығармайды. «Кемпірдің жасы қартайып, қуаты азайғандығы шын болса да, бетінде ерекше бір қайрат білінеді, еркек пішіндес кесек. Үлкен, жалпақ маңдайлы, қошқар тұмсықтау келген үлкен мұрынды. Тақырлау, сұйық қабақтың астынан көрінген кішкене өткір көздері қажыған салқын жанармен жалтылдайды. Маңдайы мен екі ұртына түскен қатпары қалың терең ажымдары өмірдің талай қайғы, талай бейнетіне куә. Бұл кемпір осы үйдің қазіргі қожасы». Өскен орта, туған жер тұрғындарының этнопсихологиялық, антропометриялық ерекшеліктерін бажайлап зерттейтін жас суреткер далалықтар арасындағы ермінезділік пен тәуекелшілдікті , қайсарлықты аса жоғары бағалайды. Ұлынан, немересінен айырылып, қайғы жұтқан кедейшіліктің тақсіретінен белі майысқан кейуана, жетім, жесірлер, соншама жұтаң тіршілік қасіретінің әуенін күшейтсе де, жүрегінің оты сөнбеген қарияның ауызекі әңгімесі шағын сюжеттік негізге құрыла отырып, намыс мотивін жаңа леппен тірілтеді. Осы аз ауыл пір тұтқан Күшікбай туралы аңыздың өмірлік сілемі жоғалып бітпегенін бедерлейтін психологиялық деталь қаһармандық сипаттағы кескіндеменің семиосфералық астарын үстейді.
Кемпір әңгімесі жанын түсінетін зиялы адамдарға емес, арам ниетті безбүйректерге арналуы трагедиялық әсерді ұлғайтқанмен, қыр тіршілігіндегі жабайы салт-дағдылардан, егесі көп, беймаза, кұлкі әрекеттерден мол хабар береді. М.Әуезов әңгіме ішіндегі әңгімешінің сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, көңіл-ниетіне дейін шетін назармен өрнектейді. Автор – баяндаушы ара-тұра ремарка түрінде араласқаны болмаса, сөз тізгінін өзегін күйік жарған ерен бітімді әңгімешінің қолына тапсырады. Бұл эпизодтарда лирикалық шегініс, эмоционалдық экспликациялар және рет-тәртібі ауысып келетін бұрынғы өткен оқиғалар тізбегі бар. Мұндай суреткерлік әдіс сюжеттік композиция құрылымын жаңа жүлгелермен байытады. Кейуана тілінде шешендік арнау үлгілері, таңырқау, өкіну, наза, тіпті қайсыбір ез туыстарын менсінбеу, ұлының қайратын істері мен кеңпейілдігіне сүйсіну, ағайын опасыздығына күйіну әсерлері айқалас тоғысып жатады.
«Жақып өлді. Одан бір жұма кейін, жығылғанның үстіне жұдырық деп, Мұқашым өлді. Күндіз-түні жылауда болып есеңгіреп отырғанымызда: енді бұл үйдің еркектері кетті, ылғи ұрғашы үй болып отыра алмайды; дүниесін бөліп аламыз; қатындарды әрқайсымыз қолды-қолымызға аламыз деп, балаларымның бет топырағы жасырылмай жатып, суық сөз жүргізді ғой. Баламның тірі күнінде ағайын ішінде жақын көріп, бауырына тартып, қолына түскен азын-аулағының жыртысын жыртып беріп жүрген жар дегенде – жалғыз сенген Ысмағұл не қылды?».
Азалы жанның аһ ұрған зары өкпе-сын түрінде эмоционалдық кернеу түзеді, ой сілемі айналасындағы кейіпкерлердің іс-әрекетімен дәйектеледі, үйде отырып, сенген үнмен сөйлеу мәнері, өркөкірек мінезі түгел әдептелген. «Мына жамандардың ішінде оның тырнағына татитыны бар ма? Жақыбым осы жолы ауырғанда - солардың кеселінен ауырған жоқ па! Менің қайнымның мылжың Дүйсен деген баласы бар ғой. Қатынша жыбырлағаннан басқа, адам сияқты бір мінезі, бір ісі жоқ. Жаннан асқан дүниеқоңыз. Үйіне бір қонақ қонса, соған асқан бір жілікке жаны шығып, тыжырынып отырады» - деп жалғаса беретін кемпір толғауларында болған оқиғаның фабулалық желісі де, өлі даладағы жансыз көрінетін ауылдардағы қызу қарбалас та сезім кереғарлығын тудыра отырып, қалыптасқан характерлер мен жағдай қарым-қатынасы жазушы емес, куәгер-әңгімеші атынан мейлінше ықшам әрі нанымды нақышталған. Сюжеттік әрекеттер жалаң баяндалмайды, қайта оралу тәсілімен әрі бір тұлғаның емес, әр адамның назарымен жаңғыртыла, бүкпе-қыртысы ашыла топшаланады. Кемпір мәлімдеген жайларға көзқарас көп. Жасырын кейіптегі автор ықыласы кәрі мүсәпірдің нар көңілі мен өр кеудесін кері итере алмайды. Үйдегі Ғазиза мен Зағип шеше үшін бұл – талай естілген жайт. Ал тыңдаушы Ақан болыс пен Қалтай үшін осы мәліметтер – арға сын сәт. Бұлардың тарапынан атқарылатын ауыр қылмыстың масқаралық тұрқын сана астарымен әшкерелей бейнелеуде Жақып анасының ашық монологтары елеулі көркемдік-эстетикалық жүк көтереді. Кейуана ұсақтық, қорқақтық пен қараулық тәрізді әдет-дағдыларды ұлттық менталитеттің ең төменгі, кесірлі нышандары ретінде тұжырымдама түю үшін мол этнопсихологиялық деректер ұсынған.
Осынша қасірет құрығында қалған мүскіндердің зар күйін ысырып тастап, бейкүнә, сорлы Ғазизаны қорлайтын Ақанның тасбауырлығы, Қалтайдың ессіздігі мен арамзалығы қасіреттілік әуенін масқаралық аффект аясындағы жиренішті құбылыс ыңғайымен алмастырады. Бәрібір трагедиялық ахуал басым. Кемпірдің дара мекеншағыдағы қуаныш пен үмітке толы әлем қазіргі ахуалмен қайшылықты күйді асқындыра түседі. Әңгімеші баяндауындағы уақыт пен кеңістік осы төңіректегі ауыс-түйіс қатынас, барымта, жесір дауы оқиғалары ауқымында ілгері-кейінді қозғалыс үстінде танылады. М.Әуезов трагедиялық оқиға өтетін алаң, пішен қораның ішкі, тысқы орналасымын айна-қатесіз натуралистік дәлдікпен суреттейді. «Сезімі жоқ жауыз қара күштің қылған күнәсі мен зұлымдығына қатты тоң жер, суық балшық, көрдей қап-қараңғы дүние куә болды» деген жолдармен хронотоп белгілері бейнелі-сезімдік, айқын авторлық антипатия түрінде бейнеленеді. Бұған дейінгі бейтарап позиция амалсыз пердесін алады. Ол сол дәуірдегі оқырман уақытымен есептесуден туған идеологемалық қадам.
Осыған сырт сипаты ұқсас, бірақ мән-мағынасы бөлек жағдайды Эмиль Золя да бедерленген: «Үстінде жөнді лыпасы қалмаған, жалаңашқа жақын әйел бауырына кіріп келгенде, дегбірсізденіп барып, құшарлана қысып ала жөнелді. Оларға махаббат түні осылайша, қараңғы көр-қапаста, неке төсегі саз балшық үңгірдің ішінде келіп жетті. Өмірден бақыт еншісін алмай өлгісі келмеген олар, тартысып та бақты, соңғы сәтте ұрпақты болмақ болды. Сөйтіп жаналқымға келген олар өлер түні ғана махаббат кәусарын жұтты» Тәркі тірлікте ешкім жоққа шығара алмайтын фредистік сарын екі шығармада екі түрлі қарама-қарсы рухани ахуалды көрсетеді. Жер жұтқан Ворей шахтасының астында жатып, жантәсілім беруге санаулы сағаттар қалғанда әншейіндегі сүйіспеншілік жолынан іштей ұялумен жүретін Этьен мен Катрин құмарлық жетегінде кеткеніне есеп те бере алмайды. Табиғи заңдылық өз күшіне мінеді. Оларды жазғыру қиын.
Ақан мен Ғазиза арасында еркек тарапынан жалған нәпсі құштарлығынан басқа оңтайлы ойдың болмауы бұл оқиғаның касіреттілік бояуын тарихи-әлеуметтік, психологиялық аяда тым қалыңдатып жібереді. Ғазиза өлімі тұсындағы, одан кейінгі ақтүтек боран осы қасіреттің лейтмотиві іспетті. Әкесі мен бауыры жаткан қос моланы (бастапқы көрініс басқаша қайталанады) құшақтап жан тапсыратын жас ару Күшікбай батыр сияқты қазак атасын атқа міндіріп, наза ұстатқан ұлттық намыс биігінде қаза табады. Ерлікке тең ажал. Зорлыкшы да, жәбір-жапаны ұждан-ынсап тазалығымен көтеруші де - бір ұлт, бір
ортаның өкілдері. Қос мола - Арқалық тауы, Күшікбай кезеңі, Жакып қыстауы - әрі концептуалды, реалды мекеншақ, әңгімеде бейнеленетін қайғы мен сенімге толы өмір тартысы оқырман қабылдауындағы (перцептуалды), рухани мекеншақтағы сан алуан ұғым, пайым, эмоция, болжамға негіз салады.
Соммерсет. Моэмнің “Непокоренная” | әңгімесінде неміс басқыншылары жаулап алған француз деревиясында мас күйдегі неміс жазықсыз бойжеткен Аннеттің арын таптайды. Есі оралған Ганс біраз уақыттан соң сол жерге қайта оралады. Қателігін түсінеді, қызды шын көңілімен сүйеді. Алайда отанының намысын жер еткісі келмеген өрмінез кыз жолдан туған нәрестесін шарана күйінде суға тұншықтырып өлтіреді. Жан түршігерлік іс /8, 545-57/. Бірақ неғұрлым зор сезімнің ықпалындағы адамның саналы әрекетін айыптау да қиын. Шығармада үй мекеншағының көркемдік кызметі мол екені мәлім. Алыстан үсіп-тоңып жеткен қалаусыз меймандар паналайтын үйде қайғы, қасіретпен бірге қоршаған ортаның зұлымдығынан паналаған жандардың үміт-сенімі, жұбанышы да бар еді. Осы төңіректе болып өткен аяулы оқиғалардың көбісі осы бейшара жанұяның қақаған қысқа қарсы тұрған ішкі жылуының арқасында сөз арқылы тарихқа айналады. Ғазиза үйден-панадан шығысымен жауыздың тырнағына ілінген үй - орта, қоғам, әлеуметтік институттар. Оған тетелес екінші бір кеңістік - мола. “Родовое пространство оказывается для человека са- крально уникальным, на территории этой похоронены предки, расположены тотемные центры, запечатлены соответствующие миры“
Әңгімедегі экзистенциалистік сарын бүкіл дала суреті, Арқалық тауының жалғыздығы, Күшікбай елі мен батырдың саны аздықтан кемістік көруі, өжет өскен Жақыптың бірге туған жақынынан аяғы шалына беруі, кейуана, соқыр әйел, бейкүнә қыздың айналасынан көрген кысым, қоқайы тәрізді фактілермен өрістей түседі. Ғазизаның соңғы пананы әкесі мен бауыры жатқан бейіттерден іздеуі аруактарды тірі санайтын, солардан жәрдем күтетін ұлттық санадағы тәңіршілдік дінінің іздерін, кие тұту рәсімінің салдарын көрсетеді. Азынаған боранды дала, қызуы, дәрмені кеткен үй, ар, ұят пәрмені бұл дүниеден жалғыздық уын таткан пендені аянышты ажал құшағына жетелейді. Зорлықтан құтылудың жолы өлім ғана боп шығады. Қос мола - Ғазиза жүрегіндегі аяққы мекеншақ.
Өткен аз ғұмырдағы шамалы қуаныш пен мұңның, тіршілік жақтауына жармасқан әлсіз саусақтардың соңғы дәрмені кеудесінде жаны барлар қоркақтайтын мәңгілік мекенді белгісіз бір жұбанышпен, оқыс шешіммен тауып барып тынады. “Хронотоп вечности создает в художественном мире ситуацию покояшегося пространства и остановленных времен” /10, 121/. Шығармадағы жатсыну, жалғызсырау мәселесі тек өлім сарынынан ғана емес, әлеуметтік ауқымдағы әрдайым қайталанып келетін адам еркіндігінің мүшкіл халін бейнелеу аңсарынан толық аңғарылады. А. П. Чеховтың “Студент” әңгімесіндегі Иван Великопольский былай деп ойланады: “И теперь, пожимаясь от холода, студент думал о том, что точно такой же ветер дул и при Рюрике, и при Иоанне Грозном, и при Петре, и что при них была точно такая же лютая бедность, голод, такие же дырявые соломенные крыши, невежество, тоска, такая же пустыня кругом, мрак, чувство гнета, - все эти ужасы были, есть и будет, и оттого, что пройдет еше тысяча лет, жизнь не станет лучше. И ему не хотелось домой” /11, 306/. М. Әуезовтің әңгімесіндегі трагизм мен экзистенциаяизм бір
Аркалык тауының бауырындағы қаралы оқиғалардың суреттелуімен шектелмейді. Бұл ауыр жағдайлардың ежелдентыныштығы, әліде шегініс жасамауы, алдағы кезеңде де қайталана беру мүмкіндігі суреткер сана астарындағы көркемдік-эстетикалык тұжырымдама бояуын қалыңдатып жібереді. Шығарма жер басқан адамдар ырқына бағынбайтын, белгісіз күштер үстемдік алатын, соларды жеңуден жеңілуі көп заманалар,
мәңгілік ақиқатқа ұқсас дилемма туралы толғандырады. Ақан мен Қалтай - зұлымдық пен зорлықтың, Ғазиза - құрбандықтың таңбалық белгілері. Періштелер мен мақұлықтардың арасындағы көктегі күрестің жердегі көленкесі.
Достарыңызбен бөлісу: |