Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Филология факультеті
Тақырыбы:
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің
психологиямен байланысы
ҚАБЫЛДАҒАН:ОСМАНОВА З
ОРЫНДАҒАН:ТӨРЕҒАЛИЕВА С
Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары жүйке жүйесінің қызметі
туралы ілімге сүйене отырып, оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі.
Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге
мүмкіндік береді.
Мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау
дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен
қаруландырады Оқушының психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен
тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің психологиямен байланысы
Жүсіпбек Аймауытов педагогика ғылымына байланысты жазған
"Тәрбиеге
жетекші"
еңбегінде (1924 ж.) педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.
Бұл еңбекте Жүсіппек баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын,
оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика
бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
Жүсіпбек Аймауытовтың “ Тәрбиеге жетекші” еңбегі
Ж Аймауытов еңбегiнде “Адам мiнезiнiң, ақыл-қайратының әр түрлi болуы –
тәрбиенiң түрлi-түрлi болуынан… Адам баласының ұрлық iстеуi, өтiрiк айтуы, кiсi
тонауы, өлтiруi сияқты бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенiң жетiспегендiгiнен” – дейдi.
“Баланы бұзуға, яки түзетуге себеп болатын бiр шарт – жас күнiнде көрген өнегеге,
ата-анасының берген тәрбиесiне байланысты “ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi” деп
бала мiнезiн қалыптастырудағы отбасы мүшелерiнiң ықпалына тоқталады.
Еңбек төрт бөлімнен, 29 параграфтан тұрады.1-бөлімде тәрбиенің мақсұты,2-бөлімде
дидактика,3-бөлімде мектеп басқару,тәртіп орнату жайы,4-бөлімде оқытудағы
жаңашылдық туралы айтылған.
Мектепте “қандай тарихтың түрiн оқытуды алғаш қолға алу керек?” дегендi де сөз етедi.
“…Алдымен балалардың өздерiне күнделiктi өмiрден жақсы таныс өз жұртының тұрмыс-
салты, тыныс-тiршiлiгiне байланысты тарихты оқытудан бастағанды жөн… басқа жұрттың
тарихқа керек жерлерiн ғана алу керек” – деп тұжырымдайды.
Жүсіпбек Аймауытовтың “ Тәрбиеге жетекші” еңбегі
1-бөлімде тәрбиенің түрлі мақсұты туралы тәрбие ғылымдарында түрлі пікір болған.Ерте
замандағы жабайы педагогиканың мақсұты:баланы ата-анасына тартқызып
тәрбиелеу.Нақтырақ,әкенің қызметін ұлы,шешенің қызметін қызы білу.Соңғы заманның
тәрбиешілері тәрбиеге басқаша тілек қоятын болған:баланың жан қуаттары өсуіне
қарай,табиғатына лайықталып тәрбие берілсін деген пікір қалыптасты.
2-бөлімде дидактика туралы,дидактиканың мағынасына қарай жалпы
дидактика,нағыз дидактика деп екіге бөлінетіндігі ,оның маңызы жайында
пікірлері айтылады.
3-бөлімде балалардың оқуы үшін мектептің дұрыс салыну жайы,жарық пен
жылумен қамтамасыздандырылуы,балалардың денсаулығы .шін тазалық
жайы сөз етіледі.
4-бөлімде жаңашыл мектептер қалыптастыру,оған бөгет боларлық
дүниетанымдар жайлы айтылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |