139
қ а ш а н ? деген сұрақтардың біріне жауап береді.
Шығыс септік жалғауларының қосымшалары
-дан, -ден, -нан, -нен,
-тан, -тен. Бұл қосымшалар буын үндестігі бойынша
сөздің соңғы буы-
нының жуан не жіңішке болуына қарай, жуан буыннан соң
-дан, -нан,
-тан (тау-дан, орман-нан, бұлақ-тан) түрінде жалғанады да, жіңішке
буыннан кейін
-ден, -нен, -тен (көл-ден, өзен-нен, терек-тен) түрінде
жалғанады.
Шығыс септік жалғаулары дыбыс үндестігі бойынша, сөздің
соңғы ды-
бысының әуеніне қарай төмендегі сияқты түрде құбылып жалғанады:
1.Сөз дауысты, ұяң
з, ж және үнді
л, р дыбыстарының біріне аяқталса,
қосымша
-дан, -ден (дала-дан, Ораз-дан, мал-дан, терезе-ден, жел-ден, ел-
ден, жер-ден) түрінде жалғанады.
2. Сөз үнді
м, н, ң дыбыстарына аяқталса және
сөзге тәуелдік жалғаудың
III
жағы жалғанып тұрса, қосымша
-нан, -нен (боран-нан, таң-нан, шам-нан,
баласы-нан, өзен-нен, сең-нен, үйі-нен) түрінде жалғанады.
3. Сөз қатаң дауыссыз дыбыстардың біріне аяқталса, қосымша
-тан,
-тен (болат-тан, тас-тан, ағаш-тан, сүйек-тен, күміс-тен) түрінде
жалғанады.
Шығыс септік жалғаулы зат есім сөзі к і м н е н ? н е д е н ? сұрақтарына
жауап беріп тұрса, сөйлемде толықтауыш болады. Мысалы:
1)
Бірақ Шығанақтан жасыра алмады. (Ғ. М.) 2) Және сауынынан, көшер
Достарыңызбен бөлісу: