141
жақындап қалғанын білді де, Сәуледен жаңағы жазып алған екі сөзін күбірлеп
жалма-жан жаттай бастады. (Ә. Ә.) 3)
Осы қолғаппен бокс ойнауға болмас
па екен деген ой келді оған. (Б. Соқп..) Бұл сөйлемдердегі
ашқышпен, Мирон
Павловичпен, қолғаппен деген көмектес септік жалғаулы сөздер н е м е н ? к і
м м е н ? деген сұрауларға
жауап беріп, толықтауыш болып тұр.
Көмектес септік жалғаулы сөз қ а л а й ? деген сұраққа жауап беріп,
сөйлемде пысықтауыш болады. Мысалы: 1)
Әбішке зор ілтипатпен қарады.
(М. Ә.) 2) —
Қел, Сәулеш, кел!—
деп, жылы шыраймен қарсы алды. 3)
Аяғын
салмақпен басып ортадағы столға жақындап келді. (Ә. Ә.) Бұл
сөйлемдердегі
ілтипатпен, шыраймен, салмақпен деген көмектес септік
жалғаулы сөздер қ а л а й? деген сұрақтарға жауап беріп, пысықтауыш
болып
тұр.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1) Зат есімнің септік категориясы деген не Септік жалғаулары қандай
қызмет атқарады ?
2) Зат есім сөздерінің септелуі немесе зат есімнің септік парадигмасы
деген не ?
3) Қандай септіктер синтетикалық септіктер деп аталдады ?
4) Қазақ тілінде неше септік бар ?
5) Атау септік қандай грамматикалық мағына білдіреді қандай тұлғада
қолданылады ?
6) Ілік септік қандай грамматикалық мағына береді ? Жалғаулары
қандай?
7) Ілік септік тұлғасындағы сөз сөйлемнің тек қандай мүшесінің
қызметінде қолданылады ?
8) Барыс септіктегі сөз қандай грамматикалық мағыналар береді ?
Жалғаулары қандай ? Барыс септік тұлғасындағы сөз сөйлемнің қандай
мүшелерінің қызметін атқарады ?
9) Табыс септіктегі сөз қандай грамматикалық мағына береді ?
жалғаулары қандай Сөйлемде негізіненқай мүшенің қызметін атқарады
?
10)
Жатыс септіктегі сөз қандай грамматикалық мағыналар береді ?
Жалғаулары қандай ? Сөйлемнің қай мүшелерінің қызметінде
қолданылады ?
11)
Шығыс септіктегі сөз қандай грамматикалық мағыналар береді ?
Қандай жалғаулары бар ? Сөйлемде қандай мүшелердің қызметін
атқарады ?
12)
Көмектес септіктегі сөз қандай грамматикалық мағыналар береді?
Жалғаулары қандай ? Сөйлемнің қандай мүшелерінің қызметін
атқарады ?
77-жаттығу. Мәтіндегі қара әріптермен жазылған сөздерді теріп, септік жалғауларын
сызықша арқылы бөліп, соңынан жақша ішіне сұрақтарын қойып жазыңдар.
Олардың қай
септік екенін айтыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: